Некоторые вопросы Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы қаулының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 167) тармақшасын және 17-тармағының 26) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», ақпарат және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Ақпарат комитеті;
Тармақша 2
2) Министрліктің Телекоммуникациялар комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,14-кіреберіс.
Тармақ 10
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Министрлiктің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Министрлiктің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Министрліктің миссиясы:
реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Мiндеттерi:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) пошта және байланыс саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 8
8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
Тармақша 9-1
9-1) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 10
10) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Орталық аппараттың функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
Тармақша 2
2) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
Тармақша 3
3) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
Тармақша 4
4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 7
7) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын бекіту;
Тармақша 11
11) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
Тармақша 12
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту;
Тармақша 13
13) шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 16
16) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау;
Тармақша 17
17) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 18
18) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту;
Тармақша 20
20) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 21
21) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 22
22) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 23
23) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 24
24) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту;
Тармақша 25
25) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 26
26) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамына ұсыныс енгізу;
Тармақша 27
27) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 28
28) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 29
29) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 30
30) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 31
31) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;
Тармақша 32
32) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;
Тармақша 32-1
32-1) бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;
Тармақша 32-2
32-2) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекіту;
Тармақша 32-3
32-3) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту;
Тармақша 32-4
32-4) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 32-5
32-5) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 32-6
32-6) цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 32-7
32-7) ақпараттық өнімге жас сыныптамасын беру қағидалары мен әдістемесін бекіту;
Тармақша 32-8
32-8) жас санаты белгісіне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 33
33) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;
Тармақша 34
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
Тармақша 36
36) күзетілетiн аймақтар мен олардағы жұмыс режимiн белгiлеу тәртiбін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
Тармақша 37
37) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
Тармақша 38
38) трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 39
39) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 40
40) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 41
41) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау;
Тармақша 42
42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту;
Тармақша 43
43) радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн белгілеу;
Тармақша 44
Тармақша 45
45) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
Тармақша 46
46) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 47
47) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 48
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 50
Тармақша 51
Тармақша 52
52) пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 53
53) байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту;
Тармақша 54
Тармақша 55
55) телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 56
56)Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекіту;
Тармақша 57
57) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін және байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу тәртібін айқындау;
Тармақша 58
Тармақша 59
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
Тармақша 61
Тармақша 62
62) арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
Тармақша 63
63) радиожиілік спектрін жоспарлау пайдалану;
Тармақша 64
64) адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін айқындау;
Тармақша 65
65) тағайындалған пошта операторын тағайындау;
Тармақша 66
66) ұлттық пошта операторын айқындау;
Тармақша 67
67) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 69
69) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 70
70) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 71
71) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 72
72) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу;
Тармақша 73
73) пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту;
Тармақша 74
Тармақша 75
75) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 76
76) абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 77
77) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту;
Тармақша 78
78) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту;
Тармақша 79
Тармақша 80
Тармақша 81
Тармақша 82
Тармақша 83
Тармақша 84
84) пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау;
Тармақша 85
Тармақша 86
Тармақша 87
87) телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту;
Тармақша 88
Тармақша 88-1
88-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;
Тармақша 89
Тармақша 90
Тармақша 91
Тармақша 92
Тармақша 93
Тармақша 94
Тармақша 95
95) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
Тармақша 96
96) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
Тармақша 97
97) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
Тармақша 98
98) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 98-1
98-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 99
99) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 100
100) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 101
101) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 101-1
101-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 102
102) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Тармақша 103
103) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;
Тармақша 104
104) Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жоспарларын бекіту;
Тармақша 105
105) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту;
Тармақша 106
106) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;
Тармақша 107
107) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;
Тармақша 108
108) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 109
Тармақша 110
110) архивтерді және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару үшін ақпараттық жүйелерді айқындау;
Тармақша 111
111) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;
Тармақша 112
112) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту;
Тармақша 113
Тармақша 114
114) сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту;
Тармақша 115
115) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 116
116) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 117
117) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 118
118) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;
Тармақша 119
119) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту;
Тармақша 120
120) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 120-1
120-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту;
Тармақша 122
122) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 123
Тармақша 124
124) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту;
Тармақша 125
125) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту;
Тармақша 126
126) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 127
127) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 128
128) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 128-1
128-1) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 128-2
128-2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 128-3
128-3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;
Тармақша 129
129) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 129-1
129-1) электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;
Тармақша 130
Тармақша 131
131) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекіту;
Тармақша 132
132) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту;
Тармақша 133
133) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 134
134) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту;
Тармақша 135
Тармақша 136
136) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;
Тармақша 136-1
136-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 136-2
136-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;
Тармақша 137
137) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту;
Тармақша 137-1
137-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 138
138) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын келісу;
Тармақша 139
139) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін айқындау;
Тармақша 140
140) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
Тармақша 141
141) ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 142
142) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;
Тармақша 143
143) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 144
144) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды беру;
Тармақша 145
145) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 146
146) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 147
147) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 148
148) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 149
149) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытындыны беру;
Тармақша 150
150) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және сарапшылық кеңеске қорытынды беру;
Тармақша 151
151) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу;
Тармақша 152
152) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;
Тармақша 153
153) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 154
154) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу;
Тармақша 155
155) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;
Тармақша 156
156) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;
Тармақша 157
157) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту;
Тармақша 158
158) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;
Тармақша 159
159) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін келісу;
Тармақша 160
160) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 161
161) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 162
162) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мен мемлекеттік техникалық зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 163
163) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 164
164) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 165
165) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 166
166) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 167
167) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 168
168) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу;
Тармақша 169
169) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 170
170) салық органдарына жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің – тұрғынжайлардың және саяжай құрылыстарының (оның ішінде жаңадан тұрғызылған); тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың құнын айқындауға негіз болатын мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 171
171) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;
Тармақша 172
172) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау;
Тармақша 173
173) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 174
174) бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 175
175) бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
Тармақша 176
176) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
Тармақша 177
177) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 178
178) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 179
179) бір өтініш негізінде электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 180
180) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық нысанда көзделген және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 181
181) электрондық нысанда көзделген және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 182
182) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібін бекіту;
Тармақша 183
183) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу, бекіту және келісу;
Тармақша 184
Тармақша 185
185) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;
Тармақша 186
186) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 187
187) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 188
188) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 189
189) бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 190
190) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу;
Тармақша 190-1
190-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 190-2
190-2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 190-3
190-3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 190-4
190-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 190-5
190-5) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 190-6
190-6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 190-7
190-7) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімі мен үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 190-8
190-8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 190-9
190-9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 191
191) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 192
192) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 193
193) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 194
194) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асыру;
Тармақша 195
195) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Ведомстволардың функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 6
6) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
Тармақша 12
12) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
Тармақша 16
16) белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 17
17) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының орындалуы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;
Тармақша 19
19) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
Тармақша 21
21) жастар ұйымдарымен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 23
23) цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
Тармақша 24
24) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 26
26) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 29-1
29-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;
Тармақша 30
30) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 31-1
31-1) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуы тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарының өніміне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 31-2
31-2) бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 33-1
33-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;
Тармақша 34
34) радиожиілік спектрін тиімді пайдалану;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 35-1
35-1) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
Тармақша 37
37) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;
Тармақша 38
38) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 40
40) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 40-1
40-1) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 42
42) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 42-1
42-1) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
Тармақша 43
43) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
Тармақша 44
44) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 45
45) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі;
Тармақша 46
46) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 47
47) бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 48
48) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 49
49) байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 50
50) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 51
Тармақша 52
Тармақша 53
Тармақша 54
54) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 54-1
54-1) Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі
іс-шараларды орындау;
Тармақша 54-2
54-2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 54-3
54-3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 54-4
54-4) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 54-5
54-5) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
Тармақша 54-6
54-6) субсидиялау мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 54-7
54-7) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 55
55) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу;
Тармақша 55-1
55-1) радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;
Тармақша 56
Тармақша 57
57) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
Тармақша 58
58) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
Тармақша 59-1
59-1) телекоммуникация желілерінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 60
60) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 62
62) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 66
66) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін бекіту;
Тармақша 67
67) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін айқындау;
Тармақша 68
68) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту, тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымның мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсыну тәртібін айқындау;
Тармақша 68-1
68-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 68-2
68-2) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 68-3
68-3) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 68-4
68-4) пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 68-5
68-5) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 68-6
68-6) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
Тармақша 68-7
68-7) телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу;
Тармақша 68-8
68-8) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;
Тармақша 69
69) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 70
70) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
Тармақша 71
71) мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Тармақша 72
72) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 73
73) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 74
74) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 74-1
74-1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;
Тармақша 75
Тармақша 76
Тармақша 77
Тармақша 78
Тармақша 79
Тармақша 80
Тармақша 80-1
80-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 81
Тармақша 82
82) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу;
Тармақша 83
Тармақша 84
84) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу;
Тармақша 85
85) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 85-1
85-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;
Тармақша 86
Тармақша 87
87) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 88
88) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 88-1
88-1) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;
Тармақша 88-2
Тармақша 88-3
88-3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 89
89) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
Тармақша 2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді жасамауға міндетті;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру
3. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Министрлікке басшылық етуді Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
Тармақ 21
21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
Тармақ 22
22. Министрдің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейді;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 3
3) вице-министрлердiң бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейді;
Тармақша 4
4) жауапты хатшымен келiсiм бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 6
6) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 7
7) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;
Тармақша 8
8) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қол қояды;
Тармақша 9
9) Министрлікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.
Тармақ 24
24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
Тарау 4. 4. Министрліктің мүлкі
4. Министрліктің мүлкі
Тармақ 25
25. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Тармақша 1
1) «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттiк мекемесі.
Тармақша 1-1
Тармақша 1
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы;
2) «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
3) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
4) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
5) «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
6) «Қазконтент» акционерлік қоғамы;
7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
1) «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақша 5. Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
5) «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 428. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуiрдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жұмысын үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жүктелсін.».
Тармақ 2
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 336-1-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» деген бөлім алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне:
364. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
365. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы.
366. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
367. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
368. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
369. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
370 «Қазконтент» акционерлік қоғамы.
371. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
372. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
373. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
374. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердiң аппараттық және бағдарламалық қамтылымын өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.».
Тармақ 4
Тармақ 5
5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
5-бөлімде:
мына:
«
5
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2762
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2553
»;
мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:
«
12
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
252
1)
«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ
33
».
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
10. «Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:».
Тармақ 11
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 12
12. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;».
Тармақ 13
Тармақ 14
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Басқа 2. Қайта аталатын республикалық заңды тұлғалар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын республикалық заңды тұлғалар тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Басқа 3. Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 қаулысына
3-қосымша
Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақша 1
1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
Тармақша 5
5) «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
Тармақша 6
6) «Қазконтент» акционерлік қоғамы;
Тармақша 7
7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Тармақша 1
1) «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 4
4) «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.