О тарифах на автомобильные перевозки пассажиров и багажа города Рудного Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Рудный қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 34 «Тарифтерді келісу туралы» шешімі негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 100 теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды тасымалдау қашықтығына қарай автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» 2012 жылғы 29 маусымдағы № 928 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-2-216 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қалалық
мәслихатының
хатшысы
_________________В. Лощинин
Басқа 6
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 659 қаулысына қосымша
Қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды тасымалдау қашықтығына қарай автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері
№ р/р
Маршруттың атауы/нөмірі
Қашықтық
(км)
Жол жүру құны
1
17, 18, 18а
13,5
70
2
19, 19а
14,7
80
3
23, 23а
18,5
90
4
28
19
95
5
33
9,3
65
6
Рудный - Ломоносовка
15
100
7
Рудный - Ульяновка
25
165
8
Рудный - Бегежан
48
320
9
Бегежан - Ульяновка
23
155
10
Бегежан - Ломоносовка
33
220
11
Ломоносовка - Ульяновка
10
70
12
Рудный - Белозерка
38
255
13
Рудный - Балықты
19
130
14
Рудный - Сергеевка
9,5
65
15
Рудный - Константиновка
19
130
16
Рудный - Перцев
15
100
17
Рудный - Юбилейный
9,5
65