Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление здравоохранения Алматинской области" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткен соң, ресми және баспа беттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі интернет-ресурста айқындаған және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіргелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы «09» наурыз № 122 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару қызметіне және облыстың денсаулық сақтау жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, облыс әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87 үй.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен денсаулық сақтау басқармасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халық денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тегін ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен, дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі медициналық фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемді көрсету аясында дәрі-дәрмек құралдарын, алдын алу препараттарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) сатып алуды: амбулаториялық деңгейде – уәкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес; стационарлық деңгейде – дәрі-дәрмек формулярларының шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, санитарлық техниканы сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеуге қызметтерді ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық тораптарды құруды және олардың қызмет етулерін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) тегін медициналық көмек көрсетуді, төтенше жағдайлар кезінде дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 12
12) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау мен оны қалыптастыруды ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) халықты қоршаған ортаға қауіпті әлеуметтік маңызы бар аурулар мен сырқаттардың таралуы туралы хабардар етеді;
Тармақша 14
14) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара қатынас жасасады;
Тармақша 15
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аясында денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) ведомстволық бағынышты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестациялауды өткізеді;
Тармақша 17
17) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласында өзге де уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс әкімдігінің және облыс әкімінің қарауына азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, Алматы облысы тұрғындарына дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға;
Тармақша 3
3) олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
Тармақша 4
4) барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге;
Тармақша 5
5) өзінің құзіреті шеңберінде шарттар, келісімдер жасауға;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарының құрылымы бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарында байқау кеңестерін құру бойынша ұсыныс енгізуге, байқау кеңесі мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізуге, байқау кеңесі құрамын қалыптастырып, бекітуге, олардың қызметін бағалауды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-құқытық актілерді қолдану;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін және құқытарын сақтау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігінің, ел Басының, сонымен қатар Алматы облысы маслихатының, әкімдігінің тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
3. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларың жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қызметке облыс әкімі орынбасарының ұсынуымен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орыбасарлары болады.
Тармақ 21
21. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1).өз орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттерін айқындайды;
Тармақша 2
2) облыстың барлық денсаулық сақтау кәсіпорындары мен мекемелері үшін міндетті болып табылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері негізінде және орындау үшін бұйрықтар, өкімдер шығарады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімінің басқарушы орынбасарының келісімімен мекемеге қарасты медициналық ұйымдардың және медициналық колледждердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекемеге қарасты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын, бас есепшілерді қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен басқарманың қызметкерлерін және мекеменің қарамағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын (басшылардың орынбасарларын және бас есепшілерді) тәртіптік жазаға тартады;
Тармақша 6
6) Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен мамандардың лауазымдық нұсқаулары (қызметтік міндеттері) туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасын меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдарда, мекемелерде және ұйымдарда, басқа кәсіпорындарда және ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;
Тармақша 8
8).Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 24
24. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,.«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
27. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):
Тармақша 1
1) ШЖҚ «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 2
2) ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 3
3) ШЖҚ «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 4
4) ШЖҚ «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 5
5) ШЖҚ «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 6
6) ШЖҚ «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 7
7) ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 8
8) ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар ауруханасы» КМК;
Тармақша 9
9) ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 10
10) ШЖҚ.«Қаратал аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 11
11) ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 12
12) ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 13
13) ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 14
14) ШЖҚ «Панфилов ауданының Жаркент қ. перзентхана үйі» КМК;
Тармақша 15
15) ШЖҚ «Райымбек аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 16
16) ШЖҚ «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 17
17) ШЖҚ.«Талғар ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 18
18) ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» КМК;
Тармақша 19
19) ШЖҚ «Қапшағай қалалық ауруханасы» КМК;
Тармақша 20
20) ШЖҚ «Текелі қ. қалалық ауруханасы» КМК;
Тармақша 21
21) ШЖҚ «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» КМК;
Тармақша 22
22) ШЖҚ «Облыстық балалар ауруханасы» КМК;
Тармақша 23
23) ШЖҚ «Талдықорған қ. облыстық перинаталдық орталық» КМК;
Тармақша 24
24) ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК;
Тармақша 25
25) ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері» КМК;
Тармақша 26
26) ШЖҚ «Талдықорған қ. облыстық наркологиялық диспансері» КМК;
Тармақша 27
27) ШЖҚ.«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» КМК;
Тармақша 28
28) ШЖҚ «Талдықорған қ. облыстық қан орталығы» КМК;
Тармақша 29
29) ШЖҚ «Талдықорған қалалық емханасы» КМК;
Тармақша 30
30) ШЖҚ «Талдықорған қалалық ауруханасы» КМК;
Тармақша 31
31) ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық емханасы» МКК;
Тармақша 32
32) ШЖҚ.«Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері» МКК;
Тармақша 33
33) ШЖҚ «Талдықорған қ. медициналық колледжі» МКК;
Тармақша 34
34) ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК;
Тармақша 35
35) ШЖҚ «Алматы аймақтық онкологиялық диспансері» МКК;
Тармақша 36
36) ШЖҚ «Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК;
Тармақша 37
37) ШЖҚ.«Талғар қ. медициналық колледжі» МКК;
Тармақша 38
38) ШЖҚ.«Еңбекшіқазақ ауданының Есік қ. перзентхана үйі» МКК;
Тармақша 39
39) ШЖҚ «Қабанбай ауылының аудаңдық ауруханасы»;
Тармақша 40
40) ШЖҚ «Қарғалы ауылының аудаңдық ауруханасы» МКК;
Тармақша 41
41) ШЖҚ «Нарынқол ауылының аудаңдық ауруханасы» МКК;
Тармақша 42
42) ШЖҚ «Шелек ауылының аудаңдық ауруханасы» МКК;
Тармақша 43
43) ШЖҚ «Боралдай ауылының аудаңдық ауруханасы» МКК;
Тармақша 44
44) ШЖҚ «Облыстық «Карақыстақ» балаларды оңалту орталығы»МКК. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – МКҚК):
Тармақша 1
1)«Талдықорған қ. қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» МКҚК.
Тармақша 1
1) «Қабанбай а. туберкулез ауруханасы» ММ;
Тармақша 2
2) «Ауданаралық туберкулезге қарсы аурухана» ММ;
Тармақша 3
3) «Шелек а. облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ;
Тармақша 4
4).«Шелек а. туберкулез ауруханасы» ММ;
Тармақша 5
5) «Жамбыл туберкулез ауруханасы» ММ;
Тармақша 6
6) «Іле туберкулез ауруханасы» ММ;
Тармақша 7
7) «Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ;
Тармақша 8
8) «Жаркент туберкулез ауруханасы» ММ;
Тармақша 9
9) «Талдықорған қ. облыстық туберкулез диспансері» ММ;
Тармақша 10
10) «Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері» ММ;
Тармақша 11
11) «Талдықорған қ. аймақтық жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ;
Тармақша 12
12) «Талдықорған қ. облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ;
Тармақша 13
13) «Талдықорған туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ;
Тармақша 14
14) «Талдықорған қ. облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ;
Тармақша 15
15) «Алматы аймақтық туберкулез диспансері» ММ;
Тармақша 16
16) «Алматы облыстық психикалық денсаулық және наркологиялық ауруларды емдеу орталығы» ММ;
Тармақша 17
17) «Алматы облыстық ЖИТС-ның (СПИД) алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы» ММ;
Тармақша 18
18) «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы балалар санаторий» ММ.