Об аттестационной комиссии юстиции Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет аттестациялық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Әділет аттестациялық комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әділет аттестациялық комиссия Жұмысының регламенті бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы
"Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 113 бұйрығымен бекiтiлген Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы Ескерту: Комиссия құрамы өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 42 бұйрығымен , 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234 бұйрығымен . Меркель                        Әдiлет Бiрiншi вице-Министрi,       Иоган Давидович                комиссия төрағасы Қуанышбаева                    Қазақстан Республикасы       Роза Сақтағанқызы              Адвокаттap Одағының президентi                                      (келiсiм бойынша) Каршегенов                     Алматы қалалық адвокаттар       Кенжеғали Қадырұлы             алқасының төрағасы                                      (келісім бойынша) Жанабилова                     Республикалық нотариаттық       Әсел Болатқазықызы             палатаның төрайымы                                      (келiсім бойынша) Тоқтарова                      Қарағанды облыстық       Жанар Төкенқызы                нотариаттық палатаның төрайымы                                      (келiсім бойынша) Нұрмағамбетов                  Қазақстан заңгерлер       Аманжол Мағзұмұлы              Ассоциациясының өкiлi                                      (келiсiм бойынша) Дүсіпов                        Кадр жұмысы, iшкi қауiпсiздiк       Қайрат Көкенұлы                және әдiлет аттестациялық                                      комиссиясы басқармасының                                      бастығы
Басқа 5. Әділет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламенті
Әділет министрінің 8 қазан 2001 ж. N 113 бұйрығымен бекітілген Әділет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламенті
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әдiлет аттестациялық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестациядан өткiзу мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысымен  бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiне (бұдан әрi - Ереже) және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мiндетi адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың кәсiби бiлiм деңгейiн және бiлiктiлiк дәрежесiн анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретi шегiнде адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды (бұдан әрi - үмiткерлер) аттестациялайды, үмiткерлердi аттестациялау не аттестацияламау туралы жазбаша шешiм шығарады.
Тармақ 5
5. Комиссия 7 адамнан тұрады, Ереженiң 2-тармағында көзделген адамдардан құрылады және екi жыл iшiнде жұмыс iстейдi. Комиссия мүшелерiнiң бiреуi шыққан жағдайда шыққан күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жаңа мүше оның құрамына кiруге тиiс. Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 14 тамыздағы N 114 бұйрығымен , 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234 бұйрығымен .
Тармақ 6
6. Комиссия қызметiн ұйымдастыру үшiн отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс берумен оның құрамынан екi жыл мерзiмге Комиссия хатшысы сайланады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Комиссияның қызметiн ұйымдық қамтамасыз етудi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Ереженiң негiзiнде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiне жүктейдi.
Тармақ 2. 2. Әдiлет аттестациялық комиссиясы мүшелерiнiң құзыретi
2. Әдiлет аттестациялық комиссиясы мүшелерiнiң құзыретi
Тармақ 8
8. Комиссия Төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, Комиссия отырыстарында қарау және оларды бекiту үшiн мәселелердi дайындауға басшылық етудi жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң жұмысын үйлестiредi;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етедi және оның шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) Комиссия қызметiнде Регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 9
9. Комиссия төраға болмаған жағдайда оның өкiлеттiктерiн Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс беру жолымен жүктейдi. Төраға функцияларын комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеу туралы комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметiнiң құжаттамалық ресiмделуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) үмiткердiң заң актiлерiнiң талаптарына сәйкестiлiгi не сәйкессiздiгi туралы қорытынды жасайды, оған қол қояды және Комиссияның қарауына шығарады;
Тармақша 3
3) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру жолымен Комиссия оның мүшелерiнiң бiреуiне жүктейдi. Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне хатшының функцияларын жүктеу туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерi:
Тармақша 1
1) аттестация сұрақтарының базасына қосуға жататын сұрақтардың және оларға жауаптардың тiзбесiн жасайды және бекiтедi;
Тармақша 2
2) компьютерлiк тестке қосуға жататын құқықтың саласы бойынша сұрақтардың санын және тестiлеу уақытын бекiтедi;
Тармақша 3
3) Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттарды тиiстi ресiмдеу тәртiбiн және олардың қолданылу мерзiмiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) Комиссияның қарауына ұсынылған аттестациялық материалдармен танысады;
Тармақша 5
5) аттестациялық материалдарды зерделеуге және тексеруге қатысады;
Тармақша 6
6) комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарайды.
Тармақ 13
13. Егер комиссия мүшесi:
Тармақша 1
1) үмiткердiң туысқаны болса;
Тармақша 2
2) үмiткердi аттестациялаудың нәтижесiне жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi немесе оның риясыздығына негiздi күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол үмiткердi аттестациялауға қатыса алмайды.
Тармақ 14
14. Осы Регламенттiң 13-тармағында аталған мән-жайлар болған жағдайда Комиссия мүшесi бас тартуды бiлдiруге мiндеттi. Сол негiздемелер бойынша бас тартуды отырысқа қатысатын Комиссия мүшелерi не аттестациялық материалы қаралатын үмiткер бiлдiре алады.
Тармақ 15
15. Бас тарту және қарсылық негiздi болуға тиiс және оларды аттестацияға дейiн де, аттестация барысында да жариялауға болады.
Тармақ 16
16. Егер бас тартатын Комиссия мүшесi түсiнiк беруге ниет бiлдiрсе, Комиссия оның пiкiрiн тыңдайды және бас тарту бiлдiрiлген адам болмағанда оған қатысты шешiм қабылдайды.
Тармақ 17
17. Комиссия мүшесiнiң бас тарту (қарсылық) бiлдiруi туралы шешiмдi Комиссия отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және бас тартуды бiлдiрген Комиссия мүшесi және үмiткер болған кезде жариялайды.
Тармақ 18
18. Бас тартуды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешiм шағымдануға жатпайды.
Тармақ 3. 3. Әдiлет аттестациялық комиссиясының отырыстарын өткiзу тәртiбi
3. Әдiлет аттестациялық комиссиясының отырыстарын өткiзу тәртiбi
Тармақ 19
19. Комиссия отырыстарды қажеттiлiк бойынша, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзедi. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң кемiнде 5 мүшесi қатысса, ол заңды деп саналады. Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 14 тамыздағы N 114 бұйрығымен , 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234 бұйрығымен .
Тармақ 20
20. Комиссия үмiткерлердi аттестациялауды өткiзу бойынша көшпелi отырыстар өткiзуге құқылы.
Тармақ 21
21. Комиссия отырыстары ашық және жариялы түрде өтедi. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттiк органдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
Тармақ 22
22. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы өткiзедi. Комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарау Комиссия отырысына ұсынылған аттестациялық материалдарды алдын ала зерделеген Комиссия төрағасының немесе мүшесiнiң баяндамасымен басталады.
Тармақ 23
23. Комиссия қаралатын мәселелер бойынша отырысқа қатысатын мүшелер көпшiлiк дауысымен тиiстi шешiм қабылдайды. Комиссия мүшелерi дауыс беруден бас тартуға құқылы емес. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Комиссия мүшесi Комиссия шешiм шығарған кезде ескерiлетiн жазбаша нысанда ерекше пiкiрiн айтуға құқылы. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 24
24. Комиссияның шешiмдерi оларды шығару күнi мен орны, мәселенi қараған Комиссия құрамы, қабылданған шешiмнiң негiздемелерi көрсетiле отырып, жазбаша нысанда қабылданады. Отырысқа қатысатын Комиссияның барлық мүшелерi шешiмге қол қояды.
Тармақ 25
25. Комиссияның отырысы отырысқа қатысатын Комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттаманы мiндеттi жүргiзумен өткiзiледi. Комиссия отырысының хаттамасында тиiстi отырыста қабылданған барлық шешiмдер көрсетiледi.