О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында: мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. 01-116-нысан (20-1-қосымша) Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары шығыстарды есептеуге арналған. Осы нысан бойынша есепті жасау кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын басшылыққа алу керек. 20-1-қосымша сонымен қатар 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігі бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстарын есептеу үшінде қолданылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
ҚазақстанРеспубликасы Қаржыминистрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 243 бұйрығына қосымша Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларына 20-1-қосымша 01-116-нысан Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстар есебі Кодтары ____________________________________________ Жылы |____________________________________________| Мәлiметтер түрi (болжам, жоспар, есеп) |____________________________________________| Функционалдық топ |____________________________________________| Бағдарламалардың әкiмшiсi |____________________________________________| Мемлекеттiк мекеме |____________________________________________| Бағдарлама |____________________________________________| Ерекшелiк |____________________________________________| Қызметкерлер саны Қызметкерлердiң ай сайынғы табысы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерi Бiр айдағы жарна сомасы (2-бағ.х3-бағ.)/100 Бiр жылдағы жарна сомасы 4-бағ.х12 1 2 3 4 5 бiрл. мың теңге % мың теңге мың теңге Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/ мемлекеттiк мекеме басшысы __________ ____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, ә. (болған жағдайда)) Бюджеттік бағдарлама басшысы __________ ______________________________________________ (қолы) (тегі, аты, ә. (болған жағдайда)) Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы) __________ _______________________________________________ (қолы) (тегі, аты, ә. (болған жағдайда))