Об утверждении Положения о лицензировании перевозок пассажиров и грузов воздушным транспортом и аэропортовской деятельности, связанной с обслуживанием воздушных судов, пассажиров и грузов в аэропортах Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 07.07.2003 № 667 қаулысымен. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150 қаулысымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi мен авиациясының қызметiн пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Лицензиялауға жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет (бұдан әрi - әуе тасымалдаулары), сондай-ақ меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрi - лицензиаттар) жүзеге асыратын әуежайларда әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет (бұдан әрi - әуежайлық қызмет) жатады.
Тармақ 3
3. Әуе тасымалы мен әуежайлық қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
Тарау ii. II. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң негiзгi түрлерiнiң тiзбесi
II. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң негiзгi түрлерiнiң тiзбесi
Тармақ 4
4. Әуе тасымалының құрамына лицензиялауға жататын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мынадай түрлерi кiредi:
Тармақша а
а) тұрақты емес негiзде чартерлiк рейстермен орындалатын жолаушылардың және/немесе жүктердiң iшкi (Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген) әуе тасымалы;
Тармақша б
б) тұрақты негiзде орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң iшкi (Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген) әуе тасымалы;
Тармақша в
в) тұрақты емес негiзде чартерлiк рейстермен орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң халықаралық әуе тасымалы;
Тармақша г
г) тұрақты негiзде орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң халықаралық тасымалы. 📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Әуежай қызметтерiнiң құрамына жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң лицензиялауға жататын мынадай түрлерi кiредi:
Тармақша а
а) аэродромды, күту, жинақталу және жолаушылар мен багажға қызмет көрсету залдары бар аэровокзалдарды, багаж және жүк терминалдарын және олардың құрылғыларын ұстау, пайдалану;
Тармақша б
б) жүктердi тексерудi, жеткiзудi және тиеудi (түсiрудi), жолаушыларды әуе кемесiне жеткiзудi және отырғызуды, сондай-ақ жолаушылар мен жүктердi қарсы алуды және аэровокзал үйiне және жүктердi қоймаға жеткiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) әуежайда болған кезеңде әуе кемелерiне жедел сервистiк қызмет көрсету;
Тармақша г
г) әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша д
д) әуежайдың аумағында әуе кемелерiне арнаулы автомобиль және электр көлiгi құралдарымен, траптармен, қызмет көрсету, әуе кемелерi мен олардың жолаушылар салондарын тазалау және жабдықтау. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тарау iii. III. Әуе тасымалдары мен әуежайлық қызметтердi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензиялардың түрлерi
III. Әуе тасымалдары мен әуежайлық қызметтердi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензиялардың түрлерi
Тармақ 6
6. Лицензиялар:
Тармақша а
а) қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға - бас лицензия;
Тармақша б
б) жұмыс пен қызмет көрсетулердiң рұқсат етiлген көлемiнiң шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияларын жасауға - бiр жолғы лицензия түрiнде берiледi.
Тармақ 7
7. Бас лицензиялар олардың қолданылу уақыты бойынша:
Тармақша а
а) мерзiмi шектелместен берiлетiн - тұрақты;
Тармақша б
б) белгiлi бiр мерзiмге берiлетiн - уақытша болу мүмкiн.
Тармақ 8
8. Бас және бiр жолғы лицензиялар қызметтiң аумақтық аясы, ұшу аймағы бойынша шектеледi немесе республиканың барлық аумағы мен одан тысқары жерлерде қолданылады.
Тарау iv. IV. Әуе тасымалы мен әуежайлық қызметтердi жүзеге асыру құқығына лицензия алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
IV. Әуе тасымалы мен әуежайлық қызметтердi жүзеге асыру құқығына лицензия алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 9
9. Әуе тасымалын жүзеге асыру құқығына лицензия:
Тармақша а
а) әуе кемелерiн пайдаланушы болуы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын арнаулы ережемен бiрге Қазақстан Республикасы берген немесе таныған Пайдаланушы куәлiгiнiң (сертификаты) болуы;
Тармақша б
б) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруы;
Тармақша в
в) мемлекеттiк тiркеуден өткен және олардың ұшуға жарамдылығы туралы қолданылып жүрген куәлiгi бар әуе кемесiн пайдалануы;
Тармақша г
г) пайдаланылатын әуе кемелерiне заңдарда белгiленген тәртiппен сертификатталған орталықтарда техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi жүргiзуi;
Тармақша д
д) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сақтандырудың барлық мiндеттi түрлерiн қамтамасыз етуi;
Тармақша е
е) Қазақстан Республикасы санитарлық қадағалау органдарының белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес әуе тасымалдарын орындауға дайындығы туралы қорытындысы болуы;
Тармақша ж
ж) жолаушыларды, багажды және жүктердi әуеде тасымалдауды белгiленген ережелер мен талаптарға сәйкес жүзеге асыруы тиiс тұлғаға берiледi;
Тармақша з
з) жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде екi жұмыс iстейтiн әуе кемесiнiң болуы;
Тармақша и
и) тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн, тұлға бұған қоса: - Қазақстан Республикасының резидентi болуы; - авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) тiркелгендiгi туралы куәлiктi иеленуi; - екi әрiптiк желiлiк коды мен үш цифрлы Қатаң Есептiлiк Бланкiлерiнiң (ҚЕБ) коды бар тасымалдау құжаттамасын иеленуi тиiс. 📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Әуежайлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия:
Тармақша а
а) әуежайдың (аэродромның) пайдаланушысы немесе олардың жұмыстың және қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын тиiстi сертификаты (куәлiгi немесе басқа да құжаттары) бар басқа тұлға болуы;
Тармақша б
б) заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асыруы;
Тармақша в
в) тиiстi куәлiк алуы арқылы аэродромды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзуi;
Тармақша г
г) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сақтандырудың барлық түрлерiн қамтамасыз етуi;
Тармақша д
д) Қазақстан Республикасының санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес әуежайлық қызметтердi жүзеге асыруға дайындығы туралы қорытындысы болуы;
Тармақша е
е) аэродромның, әуежайдың жабдықтары мен әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты технологиялық процестерiнiң сертификаттардың (куәлiктердiң) нормалары мен талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуi. 📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тарау v. V. Әуе тасымалы мен әуежайлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар алу үшiн қажеттi құжаттар
V. Әуе тасымалы мен әуежайлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 11
11. Әуе тасымалын жүзеге асыру құқығына лицензияларды ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
Тармақша а
а) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша б
б) әуе кемелерiн пайдаланушы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
Тармақша в
в) заңды тұлғаларды жедел ақпарат жөнiндегi кодтардың кәртiшкелерi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
Тармақша г
г) сақтандырудың мiндеттi түрлерiнiң болуын растайтын сақтандыру полистерiнiң (шарттарының) көшiрмесiн;
Тармақша д
д) белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес әуе тасымалдарын орындауға дайындығы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдары қорытындысының көшiрмесiн;
Тармақша е
е) лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн ұсынады.
Тармақша ж
ж) мәлiмдеушi олардың сертификаттары мен ұшуға жарамдылығы куәлiгiнiң көшiрмелерiн қоса беру арқылы, әуе тасымалының мәлiмделген түрi мен көлемiн орындау үшiн мәлiмдеушi пайдаланбақ әуе кемелерi паркiндегi меншiк құқығы немесе басқа да заңды негiздемелер (үлгiлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, ресурстары), орналасқан жерi және т.с.с. туралы құжаттар;
Тармақша з
з) тасымалдау құжаттамаларының көшiрмелерi. 📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Әуежайлық қызметтердi жүзеге асыру құқығына лицензияларды ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
Тармақша а
а) осы Ереженiң 11-тармағындағы "а", "в", "г", "е" тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды;
Тармақша б
б) жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын сертификаттардың (куәлiктердiң) және басқа да құжаттардың көшiрмелерi;
Тармақша в
в) аэродромды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
Тармақша г
г) Қазақстан Республикасы санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес әуежайлық қызметтердi жүзеге асыруға дайындығы туралы қорытындысының көшiрмесiн ұсынады.
Тармақша д
д) құрылтай құжаттары мен мәлiмдеушiнiң жұмыстардың мәлiмделген түрлерiне пайдаланбақ мүлiкке құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi. 📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тарау vi. VI. Лицензия беру туралы өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi
VI. Лицензия беру туралы өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi
Тармақ 13
13. Лицензия, егер заң актiлерiнде өзгеше мерзiм белгiленбесе, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
Тарау vii. VII. Лицензия беруге арналған алым және патент үшiн ақы төлеу
VII. Лицензия беруге арналған алым және патент үшiн ақы төлеу
Тармақ 14
14. Лицензиялық алым пен патент үшiн ақы төлеудiң мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi, сондай-ақ лицензиардың пайдасына аударымдардың мөлшерi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалады.
Тарау viii. VIII. Лицензия беруден бас тарту
VIII. Лицензия беруден бас тарту
Тармақ 15
15. Егер:
Тармақша а
а) заң актiлерiнде субъектiлердiң осы санаттары үшiн қызметтiң мәлiмделген түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса;
Тармақша б
б) осы Ереженiң 11 және 12 тармақтарында көрсетiлген барлық құжаттар (қызметтiң мәлiмделген түрiне қарай) ұсынылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады:
Тармақша в
в) лицензия беруге арналған алым немесе патент үшiн ақы енгiзiлмесе;
Тармақша г
г) өтiнiш берушi осы Ереженiң 9 немесе 10-тармақтарына сәйкес белгiленген (қызметтiң мәлiмделген түрiне қарай) бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;
Тармақша д
д) өтiнiш берушiге қатысты соттың қызметтiң мәлiмделген түрiмен айналысуына тыйым салатын шешiмi болса лицензия берiлмейдi.
Тармақ 16
16. Лицензия (патент) беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш берушiге бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
Тармақ 17
17. Егер лицензия (патент) осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмеген болса немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз берiлсе, ол бiр ай мерзiм iшiнде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тарау ix. IХ. Лицензияның (патенттiң) қолданылуының тоқтатылуы
IХ. Лицензияның (патенттiң) қолданылуының тоқтатылуы
Тармақ 18
18. Лицензия (патент) мынадай жағдайларда:
Тармақша а
а) лицензия (патент) берiлген мерзiм аяқталған;
Тармақша б
б) егер жүзеге асыруға лицензия (патент) берiлген iс-әрекет толық көлемiнде жасалған;
Тармақша в
в) лицензиялар керi қайтарылып алынған;
Тармақша г
г) лицензия (патент) берiлген азаматтық немесе заңды тұлға қызметiн тоқтатқан жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Тармақ 19
19. Заңды тұлғаны қайта тiркеген кезде лицензия мерзiмнiң аяғына дейiн сақталады.
Тармақ 20
20. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуына байланысты даулар сотпен шешiледi.
Тарау x. Х. Лицензияларды керi қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
Х. Лицензияларды керi қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 21
21. Лицензияны:
Тармақша а
а) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған:
Тармақша б
б) лицензиатқа сот қызметтiң оны жүзеге асыруға лицензиясы бар түрiмен айналысуына тыйым салған;
Тармақша в
в) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда лицензиар керi қайтарып алуы мүмкiн.
Тармақ 22
22. Патент осы Ереженiң 21-тармағында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
Тармақ 23
23. Лицензиар лицензияның (патенттiң) қолданылуын тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып оны алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 24
24. Лицензиат лицензияның (патенттiң) қолданылу мерзiмiн тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 25
25. Лицензияның (патенттiң) қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн лицензия (патент) қайтадан жаңартылады.
Тарау xi. ХI. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi
ХI. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 26
26. Лицензиаттың:
Тармақша а
а) белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметтiң лицензиялауға жататын алуан түрлерiне бiрнеше лицензиялар алуға:
Тармақша б
б) лицензияның қолданылуын тоқтату тұру, тоқтату немесе керi қайтарып алу мәселелерi бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар ол материалдарды қараған кезде қатысуға құқығы бар.
Тармақ 27
27. Лицензиат:
Тармақша а
а) лицензияның (патенттiң) барлық шарттары мен талаптарының сақталуын;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасы заңдарының, белгiленген стандарттардың, нормалардың, ережелердiң және азаматтық авиацияның қызметiн регламенттейтiн басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарының сақталуын;
Тармақша в
в) Лицензиардың сұратуы бойынша статистикалық, анықтамалық деректер мен қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге байланысты басқа да мәлiметтердi ұсынуды;
Тармақша г
г) лицензия беруге арналған алымдар мен патент үшiн ақының белгiленген мөлшерлерiн уақытында төлеудi;
Тармақша д
д) лицензиар мен ол уәкiлеттiк берген тұлғаларға лицензияланған қызметке бақылау жасауды жүзеге асыруы үшiн рұқсат етуге;
Тармақша е
е) клиенттерге, оның iшiнде олардың сұратуы бойынша, әуе кемелерiнiң ұшу кестелерi, авиациялық тасымалдаулардың және басқа да көрсетiлген қызметтердiң құны туралы хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарау xii. ХII. Есеп және бақылау
ХII. Есеп және бақылау
Тармақ 28
28. Лицензиялар бланктерiнiң есептi сериялары мен нөмiрлерi болады және олар қатаң есептiлiктегi құжаттар болып табылады. Лицензиялар мемлекеттiк және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) таныған халықаралық, орыс және ағылшын тiлдерiнде, бекiтiлген нысан бойынша ресiмделедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 28-тармақ 2 абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.01. N 279 қаулысымен.
Тармақ 29
29. Бюджетке лицензиялық алымдардың толық және уақытында төленуiне бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Лицензиаттың лицензиялық нормалар мен ережелердi сақтауына бақылау жасауды лицензиар жүзеге асырады.