Об утверждении Перечней и Списков профессий, должностей и видов работ, дающих право на назначение пенсий за выслугу лет и на льготных условиях Күшін жойған
Басқа 0
Еңбек сiңiрген жылдары үшiн және жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындауға құқық беретiн мамандықтардың, лауазымдар мен жұмыс түрлерiнiң Тiзбелерi мен Тiзiмдерiн бекiту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2005 № 809 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн және жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындауға құқық беретiн мамандықтардың, лауазымдар мен жұмыс түрлерiнiң Тiзбелерi мен Тiзiмдерi 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылу мерзiмiмен 1-10 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және әлеуметтiк қамсыздандыру қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқық беретiн олар жұмыс iстеген мекемелер, ұйымдар және лауазымдар Тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 555 қаулысы;
"Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және әлеуметтiк қамсыздандыру қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқық беретiн олар жұмыс iстеген мекемелер, ұйымдар және лауазымдар Тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 6 тамыздағы N 684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 32, 369-құжат).