Об утверждении списка разрешенных средств, применяемых при производстве органической продукции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімін бекіту туралы «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 30 мамыр
Басқа 1. Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығымен бекітілген Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімі
Тарау 1. 1-тарау. Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттар
1-тарау. Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттар Органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтан алынған көң және құрғақ құс саңғырығы; органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтардан алынған, көң, саңғырық негізіндегі қордалар; шымтезек; саңырауқұлақ қалдықтары мен вермикулиттің қордасы мен субстраты; вермиқорда, зооқорда; өсімдіктерден алынатын жанама өнімдер қордасы; қасапханалар мен балық* зауыттарынан алынып, өнделген мал шаруашылығы өнімдері; теңіз балдырлары және олардан жасалған өнімдер; ағаш үгінділері, қабығы және қалдықтары; қордаланған қабық; ағаш күлі; табиғи фосфаттар; алюминий-кальций фосфаты; томас-шлак; калий тұздары (каинит, сильвинит және тағы басқалар); калий сульфаты (патенкали және басқалар); аммиак төбін қоспағанда, төп және төп сіріндісі; табиғи түрдегі кальций карбонаты (бор, мергель, әк, фосфатқұрамдас бор); табиғи түрдегі магний жыныстары; табиғи түрдегі әк-магний жыныстары; эпсолит (магний сульфаты); тек табиғи көздерден алынған табиғи гипс (кальций сульфаты); қант өндірісінің жанама өнімдері (мысалы, төп); күкірт; микроэлементтер (мысалы, бор, мыс, темір, марганец, молибден, мырыш); натрий хлориді; тас ұнтағы (ұсақтаған базальт); саз балшық (мысалы, бентонит, перлит, цеолит); органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтан алынған ауыл шаруашылығы дақылдарының қалдықтары мен сидераттар; органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтардан алынған сабан және басқа да жабын; тамақ және тоқыма өнеркәсібінің технологиялық қосалқы заттармен өнделмеген жанама өнімдері; тамақ және тоқыма өнеркәсібінің технологиялық қосалқы заттармен өнделмеген жанама өнімдері; вермикулит; табиғи түрдегі гумини қышқалдары (тек су және сілті сірінділері); хлоры әк; қорыс; органикалық өнімдерді өңдеу кезінде алынған жанама өнімдер. * Қасапхана өнімдерін өңдеу кезінде алынған тыңайтқыштарды, жаңа қанды, сондай-ақ несепнәрді және чили нитратын пайдалануға жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Өсімдіктерді қорғау құралдары мен агрохимикаттар ретінде қолданылатын, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттар
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау құралдары мен агрохимикаттар ретінде қолданылатын, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттар Мелия (азадирахтин) Azadirachta indica негізіндегі өнімдер; ара балауызы; желатин; лецитин; өсімдіктер және жануарлар майлары (мысалы, жалбыз, қарағай, зере майы); құрамында синергистер болуы мүмкін Chrysanthemum Cinerariaefolium-нан алынған пиретриндер негізіндегі препараттар; quassia amara негізіндегі препараттар; derris elliptica, Lonchocarpus, Thephrosia түрлерінен алынған ротенон негізіндегі препараттар; ryania speciosa негізіндегі препараттар; казеин; прополис; табиғи қышқылдар (мысалы, сірке су қышқылы); саңырауқұлақтан ферменттелген өнімдер; саңырауқұлақтар сіріндісі (Shiitake fungus); хлорелла сіріндісі; табиғи түрдегі хитиндік әрекеттегі нематицидтер; биопрепараттар; табиғи өсімдік препараттары (темекі негізіндегі препараттарды қоспағанда); сабадилла.
Тарау 3. 3-тарау. Зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттар
3-тарау. Зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттар Биоагенттер (энтомофагтар); микроорганизмдер (бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар); саңырауқұлақтан алынатын препараттар (мысалы, спиносад); паразиттердің, жыртқыштардың және стерильденген жәндіктердің қалдықтары; вирустық препараттар (мысалы, гранулез вирусы).
Тарау 4. 4-тарау. Ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттар
4-тарау. Ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттар Диаммоний-фосфат; феромондар; неғұрлым жоғары ұйымдасқан жануарларды үркітуге арналған, сондай-ақ, тозаңдатқыштарда пайдаланылатын, құрамында репелленттер бар метальдегид негізіндегі препараттар; пиретроидтер (тек дельтаметрин немесе лямбда-цигалотрин); қорғаныштық торлар, спиральды тосқауылдар, тұзақтар, жабысқақ ленталар, жабындар.
Тарау 5. 5-тарау. Жемшөптерге арналған бастапқы өнімдер
5-тарау. Жемшөптерге арналған бастапқы өнімдер
Тармақ 1. 1-параграф. Өсімдіктерден алынатын бастапқы өнімдер
1-параграф. Өсімдіктерден алынатын бастапқы өнімдер Дәнді дақылдар, дәндер, олардың өнімдері жанама өнімдер: дән, қауыз, жемдік ұн, кебек түріндегі сұлы; дән, ақуызды және жемдік ұн түріндегі арпа; ұрықтық күнжара түріндегі күріш; дән түріндегі егілетін тары; дән және жемдік ұн түріндегі қара бидай; дән түріндегі құмайжүгері; дән, жемдік ұн, кебек, глютегендік жемшөп, дән маңызы және ұрық түріндегі бидай; гүлтәжінің тұқымы мен гүлтәжі жомы, оның ішінде глютенсіз жемшөп ретінде; дән түріндегі спельта; дән түріндегі тритикале; дән, кебек, жемдік ұн, ұрықтық күнжара және дән маңызы түріндегі жүгері; қылтандар; сыра төбі. Майлы тұқым, майлы дақылдар, олардың өнімдері және жанама өнімдері: рапс тұқымы, рапс күнжарасы және рапс қабығы; бумен қыздырылған қытайбұршақ бұршақтары; қытайбұршақ күнжарасы және қытайбұршақ бұршақтарының қабығы; күнбағыс тұқымы және күнбағыс күнжарасы; мақта тұқымы және мақта өсімдігінің күнжарасы; зығыр тұқымы мен зығыр күнжарасы; сезам күнжарасы; пальмоядролық күнжара; қышабас тұқымының күнжарасы; зәйтүн, зәйтүн кесінділері; өсімдік майы (механикалық бөліп алу арқылы). Дән-бұршақ дақылдары, олардың өнімдері және жанама өнімдері: дән, жемдік ұн және кебек түріндегі ноқат; дән, жемдік ұн және кебек түріндегі жасымық; жылумен өңдеуге тартылған дән, жемдік ұн және кебек түріндегі әйкен; дән, жемдік ұн және кебек түріндегі асбұршақ; бұршақ (Vicia faba L) дән, жемдік ұн және кебек түріндегі бұршақтар; дән, жемдік ұн және кебек түріндегі сиыржоңышқа; дән, жемдік ұн және кебек түріндегі бөрібұршақ. Түйнектер, тамырлар, олардың өнімдері және жанама өнімдері: қант қызылшасының сығындысы; картоп; түйнек түріндегі багат; картоп үгіндісі (крахмал алғанда алынатын жанама өнім); картоп крахмалы; картоп ақуызы; маниок. Басқа тұқымдар және жемістер, олардың өнімдері және жанама өнімдері: мүйізше ағаш жемістері (цареград бұршаққыны); мүйізше бұршаққыны (толық немесе ұнтақталған); асқабақтар; цитрустылар күнжарасы; алмалар, айва, алмұрттар, шабдалы, інжір, жүзім және жүзім сығындылары; талшындар; грек жаңғағының күнжарасы; орман жаңғағының күнжарасы; какао-бұршағының қабыршағы және какаоның күнжарасы; емен жаңғағы. Жасыл және ірі жемшөптер: жоңышқа; жоңышқадан жасалған шөп ұны; беде; бедеден жасалған шөп ұны; гүлтәжінің көгінен жасалған шөп ұны; жасыл жемшөп (азық өсімдіктерінен алынатын); шөп ұны; пішен; сүрлем; астық сабаны; жасыл азыққа арналған тамырлық көкөністер. Басқа өсімдіктер, олардың өнімдері және жанама өнімдері: сірне; теңіз балдырларынан алынған ұн (кептіру және ұнтақтау нәтижесінде және соңғы ретте құрамындағы йодты азайту үшін жуылған теңіз балдырларынан алынған); өсімдіктер ұнтағы мен сірінділері; өсімдіктерің ақуыз сірінділері (тек төлдер үшін); дәмдеуіштер; түрлі шөптесін.
Тармақ 2. 2-параграф. Жануарлардан алынатын бастапқы өнімдер
2-параграф. Жануарлардан алынатын бастапқы өнімдер Сүт және сүт өнімдері: шикі сүт; құрғақ сүт; майсыздандырылған сүт, майсыздандырылған құрғақ сүт; майсу, құрғақ майсу; сарысу, жартылай қантсыздандырылған құрғақ сарысу, сарысу ақуызының ұнтағы (физикалық өңдеу нәтижесінде бөліп алынған); казеин ұнтағы; сүт қантының ұнтағы; сүзбе және қатық. Балық, басқа теңіз жануарлары, олардан алынатын өнімдер мен жанама өнімдер: Тек мынадай шектеулерді сақтау шартымен: тек шөппен қоректенбейтін жануарларды азықтандыруда пайдалануға рұқсат етілетін тек қана тұрақты балық шаруашылығының өнімдері: балық; балық майы және нәлім майы, тазартылмаған; балықтардың, омыртқасыздардың немесе шаян тәрізділердің балық аутолизаттары; тек төлге арналған ферменттік жолмен алынған, еритін немесе ерімейтін гидролизаттар мен протеолизаттар; балық ұны. Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдері: осы кәсіпорында алынған құстарды азықтандыруға арналған жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдері.
Тармақ 3. 3-параграф. Минералдан алынған бастапқы өнімдер:
3-параграф. Минералдан алынған бастапқы өнімдер: Натрий: тазартылмаған теңіз тұзы; натрий сульфаты; натрий карбонаты; натрий бикорбонаты; натрий хлориді. Калий: калий хлориді. Кальций: Lithotamne (балдырлы әктас) және қызыл балдырлар (Maerl); басаяқтылардың гладиустарын қоса алғанда су жануарларының қабыршығы; кальций карбонаты; кальций лактаты; кальций глюконаты. Фосфор: фторсыз кальцийдің қос фосфаты; фторсыз кальцийдің монофосфаты; натрий монофосфаты; кальций және магний фосфаты; кальций және натрий фосфаты. Магний: магний оксиді (құрғатылған магний); магний сульфаты; магний хлориді; магний карбонаты; магний фосфаты. Күкірт: натрий сульфаты.
Тарау 6. 6-тарау. Мал шаруашылығында қолдануға арналған жемшөп қоспалары мен белгілі субстанциялар
6-тарау. Мал шаруашылығында қолдануға арналған жемшөп қоспалары мен белгілі субстанциялар
Тармақ 1. 1-параграф. Жемшөп қоспалары*
1-параграф. Жемшөп қоспалары* Азықтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес келетін қоспалар. Дәрумендер: жемшөпте табиғи түрде болатын шикізаттан алынған дәрумендер; моногастриттерге арналған табиғиға ұқсас синтетикалық дәрумендер; күйіс қайыратын малдарға арналған табиғиға ұқсас синтетикалық А, Д және Е дәрумендері, экологиялық күйіс қайыратын малдарды азықтандыру рационында аталған дәрумендердің қажетті мөлшерінің бар-жоғын тексерудің негізінде берілген ЕО-ға мүше елдердің алдынғы рұқсаты бар болған жағдайда; Микроэлементтер: Е1 Темір: темір карбонаты, темір сульфаты, моногидрат немесе гептагидрат, темір тотығы; Е2 Йод: кальций-йод, ангидрит, кальций-йод, гексагидрит, натрий йодиді; Е3 Кобальт: кобальт сульфаты, моногидрат немесе гептагидрат, кобальттың бір негізді карбонаты, моногидрат; Е4 Мыс: мыс тотығы,мыстың бір негізді карбонаты, моногидрат, мыс сульфаты, пентагидрат; Е5 Марганец: марганец карбонаты, марганец тотығы, марганец сульфаты, моно және тетрагидрат; Е6 Мырыш: мырыш карбонаты, мырыш тотығы, мырыш сульфаты, моно және гептагидрат; Е7 Молибден: Аммиакты молибдат, натрий молибдаты; Е8 Селен: натрий селенаты; натрий селені. Зоотехникалық қоспалар: энзимдер және микроорганизмдер; залалсыздандырылған, кептірілген екпе жауын құртының ұнтағы. Технологиялық қоспалар: консерванттар: Е 200 сорбин қышқылы; Е 236 құмырсқа қышқылы (*); Е 260 сірке қышқылы (*); Е 270 сүт қышқылы (*); Е 280 пропион қышқылы(*); Е 330 лимон қышқылы(*) (*) сүрлем үшін табиғи жағдайларға байланысты тиісті ашу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Антиоксидирлеуші әсері бар заттар: Е 306 токоферолы бар табиғи текті құнарландырылған сірінділер. Дәнекерлеуші заттар мен ағымдағы қосалқы заттар: Е 470 табиғи текті кальций стеарты; Е 551в силицийдің коллоидты диоксиді; Е 551с диатомит; Е 558 бентонит; Е 559 каолинитті балшық; Е 560 стеатиттер мен хлоридтердің табиғи қоспалары; Е 561 вермикулит; (Е 562 сепиолит; Е 599 перлит. Сүрлемді өндіру кезіндегі қоспалар: энзимдер, ашытқылар мен бактериялар сүрлемді өндіру кезінде қоспа ретінде қолданыла алады. Сүрлемді өндіру кезінде ауа-райы жағдайларының нәтижесінде тиісті ашу мүмкін болмаса, сүт, құмырсқа, пропин және сірке қышқылын пайдалануға рұқсат етіледі. *Ескертпе: Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жемшөп қоспаларын пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Мал шаруашылығында қолдануға арналған ерекше заттар
2-параграф. Мал шаруашылығында қолдануға арналған ерекше заттар Сыра ашытқылары: saccharomyces cerevisiae; saccharomyces carlsbergiensis.
Тармақ 3. 3-параграф. Сүрлемді өндіру үшін пайдаланылатын заттар
3-параграф. Сүрлемді өндіру үшін пайдаланылатын заттар теңіз тұзы; шикі тасты тұз; сарысу; қант; қызылша сығындысы; астық ұны; сірне.
Тарау 7. 7-тарау. Ауыл шаруашылығынан алынған органикалық заттарды өңдеу кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер
7-тарау. Ауыл шаруашылығынан алынған органикалық заттарды өңдеу кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер Су; кальций хлориді; кальций карбонаты; кальций гидроксиді; кальций сульфаты; магний хлориді; калий карбонаты; натрий карбонаты; сүт қышқылы; лимон қышқылы*; ас сірке суы; натрий гидроксиді; күкірт қышқылы*; тұз қышқылы; аммоний гидроксиді; сутегі пероксиді; көміртек диоксиді; азот; этанол; илік қышқылы; ақуыз альбумині; казеин; желатин; балық желатині; өсімдік майы; гель немесе коллоидты ерітінді түріндегі силиций диоксиді; белсендірілген көмір; тальк; бентонит; каолин*; целлюлоза*; кизельгур*; перлит*; орман жаңғағының қабығы*; күріш ұны; балара балауызы; табиғи бал; bock Garnauba. Ескертпе: *Қолданылуы шектеулі.
Тарау 8. 8-тарау. Ветеринариялық препараттар
8-тарау. Ветеринариялық препараттар Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар.
Тарау 9. 9-тарау. Басқа да заттар
9-тарау. Басқа да заттар Гидрототық, хлортотық (үшнегізді), сульфат, шала тотық, бордос және бургун сұйығы нысанындағы мыс; этилен; калийдің майлы қышқылдарының тұздары (сұйық сабын); күкіртті әк (полисульфид); парафин майы; минералды майлар (мұнайдан басқа); калий перманганаты; кварц құмы; күкірт; минералды ұнтақтар (тасты ұнтақ, силикаттар, бентонит); диатомды жер; натрий силикаты; натрий бикарбонаты; темір фосфаты; сөндірілген әк; калий гидрокарбонаты; сутегі асқын тотығы; химиялық өндеуге ұшырамаған теңіз балдырлары, балдырлар ұны мен сірінділері, теңіз тұздары және тұзды су; көмірқышқыл газы; азот; этиль спирті; биодинамикалық препараттар; гомеопатиялық және аюрведтік препараттар; шөптен жасалған және биодинамикалық препараттар.