О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар): 28-баптың екiншi бөлiгi "iшкi iстер органдарының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат): мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын: "29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарында белгiленетiн жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады".