Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларын бекіту туралы Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, ресми жариялау үшін қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
Тармақша 4
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының музей қорын қалыпатастыру және күтіп ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2. 2-тарау. Музей қорын қалыптастыру
2-тарау. Музей қорын қалыптастыру 2. Музей қорын қалыптастыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мәдени құндылықтарды сатып алу;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалармен ақысыз негізде берілген мәдени құндылықтарды іріктеу;
Тармақша 3
3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық нәтижесінде барлық жеке-дара археологиялық олжаларды қабылдау.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалармен берілген мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35988) мемлекеттік музейлерде Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – мемлекеттік музей комиссиясы) құрылады;
Тармақша 2
2) музей-қорықтарда, Қазақстан Республикасына тиесілі басқа мемлекеттік ұйымдарда (бұдан әрі – музей-қорық) Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – музей-қорық комиссиясы) директордың бұйрығымен құрылады. Музей-қорық комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы музейдің-қорықтың құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалып, комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Музей-қорық комиссиясының төрағасы музей-қорық директорының (жетекшісінің) орынбасары, музей-қорық комиссиясының мүшелері – музей-қорықтың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және/немесе қызметкерлері болып табылады. Мәдени құндылық туралы мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда мәдени құндылықты сипаттайтын қорытынды беру үшін музей-қорық комиссиясына археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша мамандар шақыртылады. Дауысқа салуы барысында музей-қорық комиссиясы мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік музейлердегі, музей-қорық комиссиясының шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді, және мемлекеттік музейлердегі музей-қорық комиссиясының төрағасымен және мүшелерімен қол қойылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) оң шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсыну;
Тармақша 2
2) теріс шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсынбау.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының оң шешімі мемлекеттік музей және музей-қорық директорының (жетекші) ұсынылған мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге бұйрық шығаруына негіз бола алады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының теріс шешімі жағдайында, қабылданған осы шешімге қатысы бар мәдени құндылықтарды сатып алу немесе іріктеу мемлекеттік музей және музей-қорықпен жүзеге асырылмайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
Тармақ 9
9. Тұрақты сақталатын мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде жүргізілетін Мемлекеттік каталогта сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. Музей қорын ұстау
3-тарау. Музей қорын ұстау
Тармақ 10
10. Музей қорын күтіп ұстау келесідей қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына сәйкес есепке алу және сақтау арқылы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35961);
Тармақша 2
2) реставрация және консервацияны қажет ететін мәдени құндылықтарды реставрациялау және консервациялау, оларды анықтау арқылы;
Тармақша 3
3) музей қорының құрамына кіретін, шетелге шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шегінде берілетін музейлік мәдени құндылықтарды сақтандыру арқылы.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар жыл сайын 20 қаңтарға дейін өткен жылдың музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау жөніндегі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жолдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын 1 наурызға дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға музей қорының жағдайы жөніндегі жиынтық ақпаратты ұсынады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы
Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларына қосымша Нысан Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы № п/п Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың ата­уы және қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (ав­то­ры, мер­зі­мі, та­бы­л­ған ор­ны, жа­зу­лар, ма­те­ри­а­лы және мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың дай­ын­да­лу тех­ни­ка­сы, өл­ше­мі, ба­ға­лы ме­тал­дар мен та­стар­дан жа­сал­ған мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың жал­пы сал­ма­ғы) Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың са­ны Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың шиф­ры Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың сақ­та­луы Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың құ­ны Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың фо­то­су­ре­ті Мә­де­ни құн­ды­лық­тар сақ­тал­ған му­зей­дің ата­уы Ес­кер­ту 1 2 3 4 5 6 7 8 9