Об утверждении форм информации о перечисленных суммах социальных отчислений за участников системы обязательного социального страхования и заявки для ее получения Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың және оны алу үшін өтінімнің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінімнің нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев 2016 жылғы 3 шілде
Басқа 1. Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 1-қосымша Нысан Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім Төлем тапсырмасының № Төлем тапсырмасының күні Төлем тапсырмасының сомасы Төлемді тағайындау коды Банк операциясының референсі Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі Төлеушінің атауы 1 2 3 4 5 6 7 Қолдары: Басшы ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бас бухгалтер _____________________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөрдің орны Өтінім тіркелген күн: 20 ___ ж. «___» _______________________ _____________________________________________________________ өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы
Басқа 2. Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 2-қосымша Нысан Берілген күні, шығ. № Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның № Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның кү­ні Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның со­ма­сы Тө­лем­ді та­ғай­ын­дау ко­ды Банк опе­ра­ция сы­ның ре­фе­рен­сі Тө­ле­у­ші­нің же­ке неме­се биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Тө­ле­у­ші­нің ата­уы Файл­дың ата­уы (Dbf) 1 2 3 4 5 6 7 8 Қолдары: Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы _________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөрдің орны