Об утверждении схем и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қоса берілген қағидалары осы қаулының 9 - қосымшасына сәйкес бекітілсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Степное ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Урожайное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
1-қосымша
Степное ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Урожайное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 6. Тоқты ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Салқынкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
2-қосымша
Тоқты ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Салқынкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 7. Рухловка және Литвиновка ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тахтаброд орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
3-қосымша
Рухловка және Литвиновка ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тахтаброд орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 8. Старобелка ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бірлік орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
4 қосымша
Старобелка ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бірлік орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 9. Куприяновка ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Буденный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
қосымша
Куприяновка ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Буденный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 10. Золотоноша, Чернозубовка, Чернобаевка, Сарыадыр ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Калиновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
6-қосымша
Золотоноша, Чернозубовка, Чернобаевка, Сарыадыр ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Калиновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 11. Мұқыр, 15 жылдық Қазақстан, Червонное, Тоқсан би, Ставрополка ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
7-қосымша
Мұқыр, 15 жылдық Қазақстан, Червонное, Тоқсан би, Ставрополка ауылдарында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 12. Үлкен Талсай ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шөптікөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысына
8-қосымша
Үлкен Талсай ауылында тұратын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шөптікөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 13. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін
мектептерге тасымалдау қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 159 қаулысымен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін
мектептерге тасымалдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2 -тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік
құралдарына қойылатын талаптар
2 -тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік
құралдарына қойылатын талаптар
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған және әрбір балаға жеке отыратын орын бере отырып, автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
«3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзбаған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген).»;
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
Тармақ 4
4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
Тармақша 1
1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
Тармақша 2
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
Тармақша 3
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
Тармақша 4
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
Тармақша 5
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
Тармақша 6
6) авариялық тоқтау белгiсiмен жабдықталады.
Тарау 3. 3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 5
5. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
Тармақ 7
7. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
Тармақ 8
8. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:
Тармақша 1
1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;
Тармақша 2
2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);
Тармақша 3
3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;
Тармақша 4
4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).
Тармақ 9
9. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды
4-тарау. Қорытынды
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларымен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.