Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 139 бабы 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі №7-VI шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛІСІЛДІ: Аудандық мәслихаттың 1-ші сессиясының төрағасы Л.Мутянова 2016 жылғы 30 мамыр Аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев 2016 жылғы 30 мамыр
Басқа 4. Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 қаулысына қосымша Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
Тармақша 2
2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;
Тармақша 3
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 4
4) мейіргер;
Тармақша 5
5) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 6
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
Тармақша 7
7) тәрбиеші;
Тармақша 8
8) логопед;
Тармақша 9
9) психолог;
Тармақша 10
10) дефектолог;
Тармақша 11
11) әдіскер;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
Тармақша 13
13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
Тармақша 14
14) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 15
15) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 16
16) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
Тармақша 3
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
Тармақша 6
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
Тармақша 7
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 8
8) әкімші (негізгі қызметтер);
Тармақша 9
9) аккомпаниатор;
Тармақша 10
10) концертмейстер;
Тармақша 11
11) библиограф;
Тармақша 12
12) кітапханашы;
Тармақша 13
13) дыбыс режиссері;
Тармақша 14
14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
Тармақша 15
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 16
16) ұжым (үйірме) басшысы;
Тармақша 17
17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 18
18) музыкалық жетекші;
Тармақша 19
19) музыкалық әрлеуші;
Тармақша 20
20) редактор (негізгі қызметтер);
Тармақша 21
21) режиссер;
Тармақша 22
22) қоюшы режиссер;
Тармақша 23
23) хореограф;
Тармақша 24
24) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 25
25) барлық мамандықтағы инженер;
Тармақша 26
26) инспектор;
Тармақша 27
27) костюмер;
Тармақша 28
28) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.