О присоединении Республики Казахстан к Уставу Международной организации гражданской обороны Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы
Қазақстан Республикасы 1966 жылғы 17 қазанда қабылданған Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылсын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Жарғысының мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Жарғысының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Жарғыларды тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ)
Жарғысы
(1997 жылы күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Кiрiспе
Ұйымды әзiрлеу және жетiлдiру, бейбiтшiлiк уақытта немесе жанжал жағдайында қару-жарақ пайдалануымен туылған апаттар зардаптарының алдын алу және қысқарту тәсiлдерi мен әдiстерiн дүниежүзiлiк ауқымда интенсивтендiру және үйлестiру мақсатында келiсiп отырған мемлекеттер келесi Жарғыны қабылдайды:
Бөлім i. I бөлiм - Ұйым мекемесi
I бөлiм - Ұйым мекемесi
Бап 1. 1-бап
1-бап
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (мұнан былай "Ұйым" депаталатын) Жарғыға сәйкес құрылады.
Бөлім ii. II бөлiм - Қызметтерi
II бөлiм - Қызметтерi
Бап 2. 2-бап
2-бап
Ұйымның қызметтерi болып табылады:
Тармақша a
a) тұрғындар мен мүлiктердi құтқару мiндеттерi жүктелген ұйымдар арасында тығыз ынтымақтастық орнату және ұстау;
Тармақша b
b) Азаматтық қорғаныс ұйымдары жоқ елдерде осындай ұйымдарды құруға және ұлғайтуға көмектесу және де елдердiң өтiнiшi бойынша тұрғындар мен мүлiктердi қорғау жөнiндегi ұйымдарды құруға және ұлғайтуға көмек беру;
Тармақша c
c) мамандандырылған мекемелермен, мемлекеттiк қызметтермен, кәсiптiк топтармен және осыған қолайлы деп саналған басқа да ұйымдармен нәтижелi ынтымақтастықты белгiлеу және қолдау;
Тармақша d
d) тұрғындар мен мүлiктi қорғау және құтқару саласындағы әр елдер арасында ақпаратпен, тәжiрибемен, қызметкерлер және эксперттермен алмасуды қолдау және қамтамасыз ету;
Тармақша f
f) мүшелi-мемлекеттердiң өтiнiшi бойынша, ұйымдар жоспарларын берумен қоса, қажеттiлiгiне байланысты нұсқаушылармен, эксперттермен, жабдықтар және заттармен қажеттi техникалық көмек көрсету;
Тармақша g
g) құжаттар орталықтарын, жабдықтарды дайындауды, ғылыми-зерттеу және басқа да орталықтарды қосқанда, қажет болып қалатын техникалық қызметтерiн құру және қолдау;
Тармақша h
h) селдерден, жер сiлкiнiстерiнен, қар көшкiндерiнен, iрi өрттерден, дауылдардан, бөгеттердiң бұзылған және басқа да күйзелiстер және де сумен ауаның ластануы немесе әскери әрекеттердi жүргiзудi қазiргi заман тәсiлдерiн пайдалану жөнiнде тұрғындарға қауiп-қатер төнген жағдайда Ұйымның қорғаныс және iс-әрекеттер принциптерi саласында мәселелерi бойынша хабарларды жинау және беру;
Тармақша i
i) тұрғындар мен мүлiктердi қорғау және құтқару мәселелерi жөнiнде есеп беру, зерттеулердi, ғылыми жұмыстар мен арнайы құжаттарды жинау және беру;
Тармақша j
j) "ж" пунктiнде ескерiлген қауiп-қатер жағдайында операцияларын iске асыру кезiнде пайдаланатын қазiргi кездегi жабдықтар мен заттар жөнiнде ақпараттарды жинау және беру;
Тармақша k
k) апат жағдайында алдын алудың, қорғаудың және белсендi кiрiсудiң өмiрлiк қажеттi екендiгi туралы тұрғындар арасында қоғамдық салалы пiкiр қалыптасуында мүшелi-мемлекеттерге көмектесу;
Тармақша l
l) апаттар әкелген залал шараларға байланысты жиналған бiлiм және тәжiрибемен алмасуға қатысу және зерттеу;
Тармақша m
m) iрi апат жағдайында көмек көрсететiн ұйымдар мен топтар, әр түрлi құтқару ұйымдары мен топтарының күштерiн интенсивтендiру;
Тармақша n
n) мүшелi-мемлекеттердi тарту және iрi апаттар жағдайында көмеккөрсету операцияларына қатысу үшiн ұйтқы болу;
Тармақша о
о) құтқару мен қорғау жөнiнде ұйымдар үшiн персоналдарды оқыту,дайындау және жабдықтау мәселелерi жөнiндегi бiлiктердi оқу жәнетарату;
Тармақша p
p) ғылыми зерттеулерге тұрғындар мен мүлiктердi қорғау жәнеқұтқару мәселелерi жөнiндегi ақпарат, зерттеу жарияланым және басқақандай болмасын сәйкес тәсiлдердi пайдалана отырып көмектесу.
Бөлім iii. III бөлiм - Ұйымның мүшелерi
III бөлiм - Ұйымның мүшелерi
Бап 3. 3-бап
3-бап
Ұйым мүшелiгiне қабылдау барлық мемлекеттер үшiн ашық.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Олардың Конституциялық процедурасына сәйкес Жарғыға қол қоюжолымен, мемлекеттер Ұйым мүшесi бола алады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Ұйым мүшесiне өзiнiң ұйымдарға қарасты қаржы мiндеттерiн немесе осы Жарғымен ескерiлген басқа да қандай болмасын мiндеттерiн орындамаған жағдайда, Бас Ассамблея өзiнiң қаржы немесе басқа да мiндеттерiн орындамағанынша оған Ұйым мүшелiгi ретiнде берiлген құқықтар мен артықшылықтарынан уақытша айырылуы туралы қарар қабылдайалады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Қай болмасын Ұйым мүшесi, Бас хатшының атына он екi ай бұрынжазбаша түрде ескерту берiп, оның барлық Ұйым мүшелерiне өзiнiңосындай ескерту алғаны туралы тез арада хабарлаған кезде, Ұйыммүшелiгi құрамынан шығып кете алады.
Бөлім iv. IV бөлiм - Органдары
IV бөлiм - Органдары
Бап 7. 7-бап
7-бап
Ұйым жұмыстары орындалады:
Тармақша а
а) Бас Ассамблеямен (мұнан былай "Ассамблея" деп аталатын)
Тармақша б
б) Атқарушы Кеңесiмен (мұнан былай "Кеңес" деп аталатын)
Тармақша в
в) Хатшылықпен
Бөлім v. V бөлiм - Бас Ассамблея
V бөлiм - Бас Ассамблея
Бап 8. 8-бап
8-бап
Ассамблея, Ұйымның жоғары органы болып табылады жәнемүшелi-мемлекеттi танытатын өкiлдерден тұрады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Әр мүшелi-мемлекет бiр өкiлмен берiлген.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Ассамблея кезектi сессияларына екi жылдан аспайтын аралықта және қажеттiлiк жағдайда - арнайы сессияларға жиналады. Арнайы сессиялары Кеңестiң немесе көпшiлiк мүшелi-мемлекеттердiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Ассамблея әр кезектi сессиясында келесi кезектi сессия өтетiнелдi таңдайды, сонымен бiрге Кеңес келешекте сессияның өту орнынбелгiлейдi. Арнайы сессияның өту орны Кеңеспен белгiленедi.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Ассамблея әр кезектi сессияның басында төрағаны және төрағаныңорынбасарын және де президиумның басқа мүшелерiн сайлайды. Осыкiсiлер, өздерiнiң орын басушыларының сайланғанынша, өкiлеттiктерiнсақтайды.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Ассамблея өзiнiң меншiктi процедура тәртiптерiн белгiлейдi.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Нақты Жарғының басқа баптарында келiстiрiлген қызметтерiне қосымша, Ассамблеяның негiзгi қосымша мiндеттерi болып табылады:
Тармақша а
а) 2 Баппен келiстiрiлген, Ұйымның қызметтерiн iске асыру үшiнкөзделiнген қызметтердi белгiлеу;
Тармақша б
б) Атқарушы кеңесiне өздерiнiң өкiлдерiнiң тағайындауға құқықберiлетiн Ұйымның мүшелi-мемлекеттерiн белгiлеу;
Тармақша в
в) Бас хатшыны тағайындау;
Тармақша г
г) Кеңес пен бас хатшының баяндамалары мен қызметтерiн қараужәне бекiту;
Тармақша д
д) қажет кезiнде Кеңеске нұсқау беру және Ұйымның жұмысына қажет болып қалатын комиссияларын құру;
Тармақша е
е) Ұйымның қаржы саясатын бақылау және бюджеттi қарау мен бекiту;
Тармақша ж
ж) өздерiнiң меншiктi зерттеулерiмен, зерттеу институттарын құру жолымен немесе оның Үкiметiнiң келiсiмi бойынша қай болмасын мүшелi-мемлекеттердiң ресми және ресми емес түрiне жатпайтын мекемелерiмен ынтымақтастық жолымен, Ұйым персоналының күштерiмен қорғау және құтқару жөнiндегi iс-әрекет саласындағы ғылыми-зерттеу өткiзудi және өткiзуге көмектесу;
Тармақша з
з) дұрыс деп табылған қандай да болмасын басқа ұйымдарды құру;
Тармақша и
и) Ұйымның мәселелерiне ұқсас кез келген халықаралық немесе ұлттық, үкiметтiк немесе Үкiметке жатпайтын ұйымдарды шақыру, Бас Ассамблеямен белгiленген жағдайлар бойынша өздерiнiң меншiктi мәжiлiстерiн немесе өзiмен шақырылған конференцияларға дауыссыз қатысуға өкiлдер тағайындау; шақыру, тек қана лайықты үкiметтiң келiсiмi бойынша жiберiледi;
Тармақша к
к) Ұйымның әр түрлi органдарымен қабылдануға қажеттi процедураны ұйғаратын ережелердi, әсiресе жалпы ережелердi, қаржы туралы жағдай және де Ұйымның персоналы туралы ереженi белгiлеу;
Тармақша л
л) IХ Бөлiмнiң ережесiне сәйкес техникалық комиссияларды құру,олардың қызметтерiн белгiлеу, олардың қызметтерiн үйлестiру жәнеолардың ұсыныстарын қарау;
Тармақша м
м) Ұйымның Хатшылығы орналасқан жерiн анықтау;
Тармақша н
н) Ұйымның мақсаттарына жетуiне себепкер болатын әр түрлi басқада үйлесiмдi шараларды қабылдау.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Әр мүшелi-мемлекет Ассамблеяда бiр дауысқа ие, шешiмдер, келiсiм немесе қарсылық берiлген көпшiлiктiк үштен екi дауыспен қабылданады.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Ассамблеяның мәжiлiстерiндегi кворум үшiн мүшелi-мемлекеттерiнiң көпшiлiк өкiлдерiнiң қатысуы қажет.
Бөлім vi. VI бөлiм - Атқарушы кеңес
VI бөлiм - Атқарушы кеңес
Бап 17. 17-бап
17-бап
Атқарушы Кеңес Ұйымның атқарушы ұйымы болып табылады.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Ассамблея, әдiлеттi географиялық бөлiнуiн ескере отыра, Атқарушы кеңес мүшелерiнiң санын белгiлейдi және Кеңеске өздерiнiң өкiлдерiн тағайындауға құқы бар мүшелер сайлайды.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Кеңес мүшелерi төрт жыл мерзiмiне сайланады; жарты мүшелерi әрекi жылда қайта сайланып отырады.
Бап 20. 20-бап
20-бап
Кеңес өзiнiң мәжiлiстерiн жылына аз дегенде бiр екi рет өткiзедi және өзiнiң әр мәжiлiсiнiң өту орнын белгiлейдi.
Бап 21. 21-бап
21-бап
Атқарушы кеңестiң арнайы сессиясы, Ережеде берiлген тәртiптергесәйкес, Атқарушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгiнен, Бас хатшы осы туралыөтiнiш алған соң шақырылады.
Бап 22. 22-бап
22-бап
Кеңес өзiнiң төрағасы мен төрағасының орынбасарын өз мүшелерiарасынан сайлайды.
Бап 23. 23-бап
23-бап
Негiзгi Жарғының басқа баптарымен белгiленген қызметтерiнеқосымша, Атқарушы кеңесiнiң негiзгi қызметтерi болып табылады:
Тармақша а
а) Ассамблеямен қабылданған шешiмдерiн орындау және осышешiмдердiң мақсатына сәйкес Ұйымның қызметiн бағыттау;
Тармақша б
б) халықаралық ауқымда тұрғындар мен мүлiктi қорғау жәнеқұтқаруға қатысты байланысты барлық мәселелердi зерттеу;
Тармақша в
в) Ассамблеяның күн тәртiбiн дайындау және техникалықкомиссиялардың нұсқауларын, олардың күн тәртiбiн дайындау;
Тармақша г
г) Ассамблеяның әрi сессиясына өзiнiң қызметi туралы баяндамаберу;
Тармақша д
д) Жарғының Х Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Ұйымның қаржыларынбасқару;
Тармақша е
е) Ассамблеямен берiлген немесе конвенциялар, келiсiмдер менережелерге байланысты, Ұйым алдында пайда болған мәселелер бойыншаАссамблеяға кеңес беру;
Тармақша ж
ж) Ассамблеяға өздерiнiң бастамалары бойынша кеңестер менұсыныстар беру;
Тармақша з
з) белгiлi уақыт мерзiмiне жұмыстың жалпы бағдарламасынАссамблеяның қарауына және мақұлдауына ұсыну;
Тармақша и
и) оның құзырына жататын барлық мәселелердi зерделеу;
Тармақша к
к) жүру ортасының шегi мен Ұйымның қаржысының мүмкiншiлiгiнеiс-әрекеттi дереу талап ететiн жағдайларда шара қолдану;
Тармақша л
л) апаттар жағдайында құтқару операцияларын өткiзу жөнiндеқажеттi шаралар қолдануға Бас хатшыға өкiлеттiктермен үлес беру;
Тармақша м
м) Кеңестiң, Ұйымның қай болмасын мүшесiнiң немесе Бас хатшыныңтез ара шешу керек екендiгiне көңiлi ауған жұмыстарды зерделеу жәнезерттеу;
Тармақша н
н) Ассамблеямен оған жүктелуi мүмкiн болатын қай болмасын басқа да қызметтерiн iске асыру.
Бап 24. 24-бап
24-бап
Әр кеңес мүшесi бiр дауысқа ие. Шешiм берiлген дауыстардың жәйкөпшiлiгiмен қабылданады.
Бап 25. 25-бап
25-бап
Кеңестiң мәжiлiстерiндегi кворум үштен екi мүшелерiн құрайды.
Бөлім vii. VII бөлiм - Хатшылық
VII бөлiм - Хатшылық
Бап 26. 26-бап
26-бап
Ұйымның тұрақты хатшылығы Бас хатшымен және Ұйымның жұмысы үшiнкерек болып қалатын техникалық және әкiмшiлiк персоналдардан тұрады.
Бап 27. 27-бап
27-бап
Бас хатшы Ассамблеямен белгiленген жағдайлармен Кеңестiң ұсынуыбойынша тағайындалады. Бас хатшы Ұйымның бас техникалық жәнеәкiмшiлiк лауазымды адамы болып табылады.
Бап 28. 28-бап
28-бап
Бас хатшы лауазымы бойынша (ex owwicio) Ассамблея мен Кеңестiңхатшысы болып табылады және Ұйымның барлық комиссияларына лауазымыбойынша (ex owwicio) қатысады. Ол осы қызметтердiң орындалуын басқаадамдарға тапсыра алады.
Бап 29. 29-бап
29-бап
Бас хатшы жыл сайын Кеңеске Ұйымның қаржылар есебiн жәнебюджеттер сметаларын құрады және ұсынады.
Бап 30. 30-бап
30-бап
Бас хатшы Ассамблеямен белгiленген персоналдар туралы ережелерге сәйкес Хатшылықтың персоналын тағайындайды. Персоналды жұмысқа алған кезде бас пiкiр Хатшылықтың жұмысқа қабiлеттiк, жауапкершiлiк және халықаралық - өкiлеттiк өзгешiлiгiн ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету қажеттi екендiгi болу керек. Персоналды iрiктеу мүмкiндiгiнше кең географиялық негiзде маңызды екендiгi тиiстi көңiл аударылады.
Бап 31. 31-бап
31-бап
Ұйым персоналының жұмыс жағдайының мүмкiндiгiнше, басқа халықаралық ұйымдардың жағдайларына ұқсас болуға тиiс.
Бап 32. 32-бап
32-бап
Өз мiндеттерiн атқару кезiнде Бас хатшы және персонал, Ұйым үшiн бөтен қандай болмасын Үкiметтен немесе билiктен ұсыныстар немесе нұсқаулар алуларына болады. Олар өздерiнiң халықаралық лауазымды адамдар жағдайына әсер ететiн кез келген iс-әрекеттерден қалыс қалу керек. Ұйымның әр мүшесi өз жағынан бас хатшы мен персоналдың мiндеттерiнiң тек қана халықаралық өзгешiлiгiн ойлауға мiндеттеме бередi және олардың Ұйымға қатысты мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал жасауға тырыспайды.
Бөлім viii. VIII бөлiм - Конференциялар
VIII бөлiм - Конференциялар
Бап 33. 33-бап
33-бап
Ұйым 2 бапта тiзбеленген өзiне жүктелген мiндеттерiн iске асырады, жалпы және жергiлiктi конференциялар, симпозиумдар және басқа техникалық кеңестер ұйымдастырады. Ұйым мүшелiгiне жатпайтын мемлекет өкiлеттерi осы кеңестерге басқа да халықаралық және үкiметке жатпайтын ұйымдар өкiлдерi сияқты, тыңдаушы ретiнде қатыса алады. Осындай өкiлеттердiң өзгелiгi Ассамблея немесе Кеңеспен белгiленедi.
Бап 34. 34-бап
34-бап
Кеңестiң пiкiр бойынша, Ұйым мүдделiк танытқан конференциялардаКеңес және Бас хатшы Ұйымның өкiлеттiлiгiн алдын ала қарайластырады.
Бөлім ix. IХ бөлiм - Комиссиялар
IХ бөлiм - Комиссиялар
Бап 35. 35-бап
35-бап
Кеңес Ассамблеяның нұсқауымен мынадай комиссияларды және деөзiнiң инициативасымен (бастамасымен) немесе Бас хатшының ұсынысыбойынша, құзырына жататын кез келген мақсаттарды iске асыру үшiнмақсатты болып табылатын кез келген басқа комиссияларын тағайындайды.
Бап 36. 36-бап
36-бап
Кеңес уақыттан уақытқа дейiн және кез келген жағдайда жыл сайынәр техникалық комиссияның кейiнгi тiршiлiк ету қажеттiлiгi туралымәселелердi қайта қарайды.
Бап 37. 37-бап
37-бап
Ұйым мүшелерi осындай техникалық комиссияларында өкiлеттiккеқұқықты.
Бап 38. 38-бап
38-бап
Әр техникалық комиссия өзiнiң төрағасын сайлайды. Ол Ассамблеямен Кеңестiң мәжiлiстерiнде дауыс құқықсыз қатыса алады.
Бап 39. 39-бап
39-бап
Кеңес басқа ұйымдармен қатар осындай басқа ұйымдармен құрылғанҰйымның құрылуы немесе қатысу туралы шешiмдер қабылдай алады.
Бөлім x. Х бөлiм - Қаржылар
Х бөлiм - Қаржылар
Бап 40. 40-бап
40-бап
Бас хатшы Ұйымның жыл сайынғы бюджеттер сметаларын құрайды жәнеКеңеске ұсынады, Кеңес Ассамблеяға, осы бюджеттiк сметаларды, Кеңесорынды деп есептейтiн қандай болмасын кепiлдемелермен бiрге қарайдыжәне ұсынады.
Бап 41. 41-бап
41-бап
Ассамблея Атқарушы кеңеспен ұсынылған бюджеттер сметаларынтұғырында Ұйымның барынша толық шығындар қосынды санын белгiлейдi.
Бап 42. 42-бап
42-бап
Ұйымның шығындары Ассамблеямен белгiленген уәкiлге сәйкес Ұйыммүшелерi арасында бөлiнедi.
Бап 43. 43-бап
43-бап
Ассамблея атқарушы кеңеске Ұйымның жыл сайынғы шығындарын бекiту үшiн қажет, Ассамблеямен белгiленген көлем бойынша өкiлеттiк жiбередi.
Бап 44. 44-бап
44-бап
Ассамблея немесе Ассамблея атынан күшi бар Кеңес, Ассамблеянемесе Кеңес үшiн қолайлы болып және Ұйымның мақсаттары мен саясатынасәйкес келсе, сыйлар мен қайырмандықтарды қабылдай алады.
Бөлім xi. ХI бөлiм - Мүшелi - мемлекеттермен ұсынылып отырған баяндамалар
ХI бөлiм - Мүшелi - мемлекеттермен ұсынылып отырған баяндамалар
Бап 45. 45-бап
45-бап
Әр мүшелi-мемлекет Ұйымға заңдарды, ережелердi, ресми түрдегiбаяндамаларды және тұрғындар мен мүлiктi қорғау және құтқаруға жататын статистикалық мәлiметтердi жiбередi.
Бөлім xii. ХII бөлiм - Құқықтық статус
ХII бөлiм - Құқықтық статус
Бап 46. 46-бап
46-бап
Штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, Ұйым өзiнiң мақсаттарынажету мен қызметтерiн орындауға қажет болып қалатын құқықтыққабiлеттерi мен әдiстерiн пайдаланады.
Бап 47. 47-бап
47-бап
Штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, Ұйым өзiнiң мақсаттарынажету мен қызметтерiн орындау үшiн қажет болып қалатын артықшылықтармен пайдаланады.
Бап 48. 48-бап
48-бап
Ұйымның лауазымды және ресми адамдары штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, олардың Ұйымның қызметiне байланысты өздерiнiң қызметтерiн еркiн орындауға қажеттi жеңiлдiкпен пайдаланады.
Бөлім xiii. ХIII бөлiм - Түзетулер
ХIII бөлiм - Түзетулер
Бап 49. 49-бап
49-бап
Бас хатшы мүшелi-мемлекеттерге осы Жарғыға ұсынылып отырған түзетулер мәтiннiң Ассамблеямен оларды қарауына дейiн алты ай бұрын хабарлайды. Түзетулер барлық мүшелi-мемлекеттердiң бұл жөнiнде олардың Ассамблеяның көпшiлiк үштен екi даусының бекiтуiмен және конституциялық процедурасына сәйкес оларды үштен екi мүшелi-мемлекетқабылдағанда күшiне енедi.
Бөлім xiv. ХIV бөлiм - Басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынас
ХIV бөлiм - Басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынас
Бап 50. 50-бап
50-бап
Ұйым өзiне лайық болып қалатын үкiметаралық және үкiметкежатпайтын ұйымдармен нәтижелi және тығыз ынтымақтастық орнатады.
Бөлім xv. XV бөлiм - Күшiне ену
XV бөлiм - Күшiне ену
Бап 51. 51-бап
51-бап
Осы Жарғының III бөлiмiнiң ережесiн сақтаумен, оның барлықмемлекеттермен қол қою немесе қабылдау үшiн ашық болып қалады.
Бап 52. 52-бап
52-бап
Осы Жарғы оған 10 мемлекет қосылғанда күшiне енедi.
Бап 53. 53-бап
53-бап
Жарғыны ратификацияланған немесе күшiне енгеннен соң барып қосылған мемлекет үшiн олардың өздерiнiң ратификациялау немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға өткiзгеннен бастап отызыншы күнi Жарғы күшiне енедi.
Үйлесiмдi үкiметтердiң өкiлдерi болып отырған жағдайда куәлiгi ретiнде осы Жарғыға қол қойды.
Бiр мың тоғыз жүз алпыс алтыншы жылы қазанның он жетiншi күнi Монакода қытай, ағылшын, француз, орыс және испан тiлдерiнде бiр данада құрылған, әр мәтiнi түпнұсқасымен бiрдей, осы Жарғыға қол қойып қосылып отырған, барлық мемлекеттерге мөр басып куәландырылған көшiрмелерiн жiберiп отырған түпнұсқа мәтiнi өткiзiлдi.