О лицензировании Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 11.01.2007№ 214 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Мәтiннен сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 , Бас тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды, мәтініндегі сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N 471 , мәтiнде "тарау" деген сөздердiң алдындағы "I-V" деген цифрлар тиiсiнше "1-5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2005.06.09. N 56 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Бап 1
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Тармақ 1
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Бап 2
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бiлiктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар;
Тармақша 2
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
Тармақша 3
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат. 📌 Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Бап 3
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
Тармақ 1
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.
Тармақ 3
3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады. Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.
Тармақ 4
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
Тармақ 5
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.
Тармақ 6
6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу немесе оны жою мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-1 Заңымен , 1998.07.10. N 283 заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Бап 4
4-бап. Лицензиялардың түрлерi Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
Тармақ 1
1. Субъектiлер бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер;
Тармақша 2
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
Тармақ 2
2. Қызмет көлемi бойынша:
Тармақша 1
1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;
Тармақша 2
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берiлетiндер;
Тармақша 3
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.
Тармақ 3
3. (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақ 4
4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:
Тармақша 1
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.31. N 2447 жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2003.05.08. N 411 , 2007.12.01. N 220 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 5
5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Тармақ 1
1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi.
Тармақ 1-1
1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. (алып тасталды - 1997.12.08. N 200 Заңымен)
Тармақ 2
2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Лицензиарларға лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.31. N 2447 жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен , 1998.07.01. N 259 Заңымен , 1998.07.10. N 283 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Бап 6
6-бап. Лицензиялардың нысандары Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкi, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 📌 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының Президентінің 1995.08.31. N 2447 жарлығымен , 1997.12.08. N 200 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , Республикасының 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2003.07.10. N 483 Заңымен , 2004.07.07. N 577 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен , 2006.05.05. N 139 Заңдарымен.
Бап 7
7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi құжаттар
Тармақ 1
1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi. Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi (операцияларды) жасауға лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
Тармақ 3
3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi. Егер лицензия алу талабы мәмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай көзделмегендiктен бұл мәмiленiң күшi сақталады. Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай көзделмесе, осыған дейiн жасалған мәмiлелерге қолданылмайды. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N 471 , 2005.04.15. N 45 , 2005.07.08. N 69 , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.
Бап 8
8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн лицензиялар Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады.
Тарау 2. 2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға жататын қызмет түрлерi
2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға жататын қызмет түрлерi
Бап 9
9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және (немесе) ерекше маңызды мемлекеттiк мәнi бар қызметтi лицензиялау
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
Тармақша 1
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
Тармақша 2
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату;
Тармақша 3
3) (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақша 4
4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану;
Тармақша 5
5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi;
Тармақша 7
7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату;
Тармақша 8
8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу;
Тармақша 9
9) (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақша 10
10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
Тармақша 11
11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бақылау жұмыстарын жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi;
Тармақша 12
12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
Тармақша 12-1
12-1) мұнай өнімдерін өткізу;
Тармақша 13
13) (алып тасталды - 1999.10.08. N 471 Заңымен )
Тармақша 14
14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;
Тармақша 15
15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
Тармақша 16
16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру;
Тармақша 17
17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау;
Тармақша 18
18) (алып тасталды - 2005.04.15. N 45 Заңымен )
Тармақша 19
19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
Тармақша 20
20) жолаушыларды және жүктердi темiр жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар;
Тармақша 21
21) (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақша 22
22) (алып тасталды - 2005.04.15. N 45 Заңымен )
Тармақша 23
23) (алып тасталды - 1999.10.08. N 471 Заңымен )
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерi;
Тармақша 25
25) (алып тасталды - 2000.07.05. N 79 Заңымен )
Тармақша 26
26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;
Тармақша 27
27) (алып тасталды - 1998.07.09. N 277 Заңымен )
Тармақша 28
28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату;
Тармақша 29
29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда);
Тармақша 30
30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар;
Тармақша 30-1
30-1) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын жай құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;
Тармақша 31
31) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу;
Тармақша 32
32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;
Тармақша 33
33) (алып тасталды - 1998.07.09. N 277 Заңымен )
Тармақша 34
34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету;
Тармақша 35
35) (алынып тасталды 2005.04.15. N 45 Заңымен)
Тармақша 36
36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет;
Тармақша 37
37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткiзуi;
Тармақша 38
38) сот-сараптама қызметi ;
Тармақша 39
39)- 41) (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақша 42
42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары ;
Тармақша 43
43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет: әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою; құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
Тармақша 44
44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу ;
Тармақша 45
45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
Тармақша 45-1
45-1) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу;
Тармақша 46
46) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі;
Тармақша 47
47) темiр жолдың жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу;
Тармақша 48
48) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызмет: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;
Тармақша 49
49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою;
Тармақша 51
51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызмет ;
Тармақша 52
52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі ;
Тармақша 53
53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызмет;
Тармақша 53-1
53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау;
Тармақша 55
55) мемлекеттік орман қорының учаскелеріне орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстар;
Тармақша 56
56) арнайы су пайдалану, соның ішінде:
Тармақша а
а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану;
Тармақша б
б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру;
Тармақша 57
57) темекi өнiмдерiн өндiру;
Тармақша 58
58) алып тасталды
Тармақша 59
59) алып тасталды
Тармақша 60
60) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету.
Тармақ 2
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.07.20. N 2370 жарлығымен , 1995.07.20. N 2375 жарлығымен , 1995.12.23. N 2720 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1996.06.10. N 5-1 Заңымен , 1997.01.21. N 68-I Заңымен , 1997.04.07. N 89 Заңымен , 1997.06.13. N 121-I Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.07.09. N 277 Заңымен , 1998.07.09. N 280 Заңымен , 1998.07.10. N 283 Заңымен , 1998.12.09. N 307 Заңымен , 1998.12.30. N 343 Заңымен , 1999.07.16. N 430 Заңымен , 1999.08.11. N 467 , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 1999.11.29. N 488 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2001.01.15. N 141 Заңымен , 2001.06.13. N 212 Заңымен , 2001.12.15. N 272 Заңымен , 2002.01.17. N 285 Заңымен , 2002.07.10. N 342 Заңымен , 2003.04.07. N 403 Заңымен (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді), 2003.05.08. N 410 Заңымен , 2003.06.04. N 429 Заңымен , 2003.07.01. N 449 Заңымен , 2004.01.13. N 523 Заңымен , 2004.03.10. N 534 Заңымен , 2004.05.06. N 550 Заңымен , 2004.07.05. N 568 Заңымен , 2004.07.09. N 584 Заңымен , 2005.04.15. N 45 , 2006.07.07. N 176 , 2006.07.07. N 181 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.01.09. N 213 Заңдарымен.
Бап 10
10-бап. Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады:
Тармақша 1
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiм; кәсiптiк бастауыш бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi;
Тармақша 1-1
1-1) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету бойынша ;
Тармақша 2
2) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу;
Тармақша 2-1
2-1) ветеринария саласындағы қызмет: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзу; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өткiзу; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк емес субъектiлердiң iз кесу (детективтiк) қызметiне байланысты заң қызметiн көрсетуi;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызмет;
Тармақша 5
5) (алып тасталды - 2005.04.15. N 45 Заңымен )
Тармақша 6
6) нотариаттық қызмет;
Тармақша 6-1
6-1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет;
Тармақша 7
7) лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және оларды өткiзу;
Тармақша 7-1
7-1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
Тармақша 8
8) (алып тасталды - 2000.07.05. N 79 Заңымен )
Тармақша 9
9) (алып тасталды - 1998.07.10. N 283 заңымен )
Тармақша 10
10) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет ;
Тармақша 10-1
10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы;
Тармақша 10-2
10-2) (алып тасталды - 2005.04.15. N 45 Заңымен )
Тармақша 11
11) кредиттік бюроның қызметі. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.04.07. N 89-I Заңымен , 1997.06.09. N 116-1 Заңымен , 1998.07.10. N 283 Заңымен , 1998.12.09. N 307 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2003.01.08. N 371 Заңымен , 2003.07.04. N 470 Заңымен , 2004.07.06. N 572 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен .
Бап 11
11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады:
Тармақша 1
1) банк операцияларын , сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызмет;
Тармақша 2-1
2-1) (алып тасталды - 2006.05.05. N 139 Заңымен )
Тармақша 3
3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi , сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет.
Тармақша 4
4) депозитарийлiк қызметтi қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет;
Тармақша 5
5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Тармақша 6
6) - 8) (алып тасталды - 2004.07.07. N 577 Заңымен ) 📌 Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.31. N 2447 жарлығымен , өзгерiс енгiзiлдi - 1997.06.19. N 134-I Заңымен , 1998.07.10. N 282 заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2001.07.04. N 466 Заңымен , 2003.07.10. N 483 Заңымен , 2004.07.07. N 577 Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен , 2006.05.05. N 139 Заңымен.
Бап 11-1. 11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау және валюталық операцияларды лицензиялау
11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау және валюталық операцияларды лицензиялау Лицензиялауға:
Тармақша 1
1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасын алып қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) валюталық операцияларды жүзеге асыру жатады. 📌 Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi), бап жаңа редакцияда - 2003.05.08. N 411 Заңымен , 2005.06.09. N 56 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тарау 3. 3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты мен импортын лицензиялау
3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты мен импортын лицензиялау
Бап 12
12-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан алғанда лицензиялауға жататын тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тiзбесiн, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын жасауға лицензиялар беру мен ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. (алып тасталды - 1999.10.08. N 471 Заңымен )
Тармақ 3
3. Лицензия өтiнiш жасаушыға әрбiр жекелеген мәмiле бойынша экспорт немесе импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңге берiледi. Лицензияның иесi лицензия берген органдарға ескерте отырып, одан бас тартуға құқылы. Бас лицензия бойынша белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбеге кiретiн және сол қызмет түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) импортына (келiсiм-шарттар санына қарамастан жыл сайынғы импорттау көлемiне) берiлетiн лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.
Тармақ 4
4. Өтiнiш жасаушының дәлелдi тiлегi бойынша бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Бiр жолғы лицензия оларда көрсетiлген мерзiмде тауарлардың (жұмыс, қызмет) экспорты мен импортына берiлген рұқсат болып табылады және өнiмдi кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.
Тармақ 6
6. Лицензия контрактыға енгiзiлген тауарлар атауларының санына қарамастан тауардың (жұмыстың, қызметтiң) бәр түрiне берiледi. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 жарлығымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен .
Бап 13
13-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын лицензиялау ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Экспорт операциялары мынадай жағдайларда лицензияланады:
Тармақша 1
1) экспортқа шығарылатын зат iшкi нарықта сатылуы (өткiзiлуi) лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыс, қызмет) болса;
Тармақша 2
2) сол тауарды (жұмысты, қызметтi) өндiру мен сату мемлекет монополиясы болса. Қызмет түрiн мемлекет монополиясына жатқызу Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын өзге негiздер бойынша, соның iшiнде iшкi тауар және азық-түлiк нарығын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және соған байланысты тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеу себептерi бойынша лицензиялау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзедi.
Тармақ 3
3. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр мемлекетке шығару үшiн берiлген лицензияларды сол тауарды (жұмысты, қызметтi) басқа мемлекетке шығару үшiн пайдалануға болмайды.
Тармақ 4
4. Белгiленген тәртiптi бұзып берiлген лицензия жарамсыз деп саналады. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N 471 Заңымен.
Бап 14
14-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау Қазақстандық тауар өндiрушiлердiң iшкi нарықтағы мүддесiн қорғау мақсатымен тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау тәртiбiн енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және мемлекеттің жоғары лауазымды адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды олардың құзыреті шегінде тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің) импортын лицензиялау тәртібінен босатуға құқылы. 📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N 471 Заңымен.
Тарау 4. 4 тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
4 тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
Бап 15
15-бап. Лицензия беру шарттары Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi. Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң осы Заңға сәйкес лицензияланатын тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Лицензия берген кезде қоғамның, айналадағы ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет сапасының кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiс жағдайлары ескерiледi. Субъектінің (өтініш берушінің және (немесе) лицензиаттың) біліктілік деңгейіне сәйкестігі белгіленген тәртіппен тіркелген заңды, жеке тұлғалар жүргізетін тәуелсіз сараптамалық бағалау негізінде белгіленуі мүмкін. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалана отырып қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметке лицензиялар конкурс негізінде берілуі мүмкін. Банк қызметiн жүзеге асыруға және банк операцияларын жасауға арналған лицензияларды беру үшiн қажеттi шарттар банк заңдарымен белгiленедi. Лицензиялар берудің, олардың қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру және валюталық операцияларды жүргiзу жөніндегі біліктілік талаптары валюталық заңдармен белгіленеді. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногi туралы заңдармен белгiленедi. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді. Сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына лицензиялар беру шарты мен тәртiбi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi. Кредиттік бюроға лицензия беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарында айқындалады. Зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарымен белгіленеді. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында айқындалады. Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он жұмыс күнi ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді. Лицензияланатын қызмет түрiнің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруiне әкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш бередi. Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларда лицензиат лицензияны қайта ресiмдеген кезде лицензияланатын қызмет түрiмен байланысты қосымша құжаттарды беруге мiндеттi. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi. Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он күннiң iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтастай және кәсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота ескерiле отырып берiледi. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.31. N 2447 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 заңымен , 1998.12.30. N 343 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2001.03.16. N 164 Заңымен , 2001.12.24. N 276 Заңымен , 2002.11.14. N 352 Заңымен , 2003.03.13. N 394 Заңымен , 2003.05.08. N 411 Заңымен , 2004.07.05. N 568 Заңымен , 2004.07.06. N 572 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен , 2005.06.09. N 56 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, 2005.07.08. N 69 , 2007.12.01. N 220 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 16
16-бап. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi арыз;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келетiндiгiн растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (осы Заңның 18-бабы). Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет. Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін. Өтiнiш берушi құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-1 Заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2001.12.24. N 276 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Бап 17
17-бап. Лицензия беру туралы арызды қарау мерзiмi Егер заң актiлерiнде өзгеше мерзiм белгiленбесе, лицензиялар барлық қажеттi құжаттарымен қоса арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. 📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 Заңымен.
Бап 18
18-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленетiн ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды қоспағанда, қызметтің тиiстi түрiмен айналысатын бүкiл кезеңге лицензия беру лицензия берген кезде лицензиялық алымды бiр жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-1 Заңымен , өзгерiс енгiзiлдi - 1998.07.10. N 283 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2001.12.24. N 276 , 2007.12.01. N 220 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 19
19-бап. Лицензия беруден бастарту
Тармақ 1
1. Егер:
Тармақша 1
1) субъектiлердiң осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы Заңның 16-бабына сәйкес немесе басқа заң актiлерiмен талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе. Арыз берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда арыз жалпы негiздер бойынша қаралады;
Тармақша 3
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым төленбесе (осы Заңның 18-бабы);
Тармақша 4
4) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;
Тармақша 5
5) арыз берушi жөнiнде оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия берiлмейдi. Банк операцияларын, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартуға арналған өзге де негiздер банк және валюта заңдарымен белгiленуi мүмкін. Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына лицензия беруден бас тартудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдармен азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия беруден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Мына себептер бойынша:
Тармақша 1
1) арыз берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң жөнсiздiгi;
Тармақша 2
2) өндiруге не сатуға лицензия талап етiлетiн тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) нарықта мол болуы;
Тармақша 3
3) нарықта монополиялық жағдайдың қамтамасыз етiлуi;
Тармақша 4
4) арыз берушiнiң жеке басына және iскерлiк беделiне күмәндану, соның iшiнде бұрын сотталғандығы, егер тыйым салу мен қайтарып алу заңда белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданылуын тоқтатқан (өтелген) деп есептелсе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, мұның алдындағы лицензиялардың қайтарып алынуы себептерiмен күмәндану бойынша лицензия беруден бастартуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Лицензия беруге мынадай талаптарды:
Тармақша 1
1) мемлекет мұқтаждары үшiн мiндеттi түрде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) сатып алу туралы;
Тармақша 2
2) алынған лицензияға сәйкес өндiрiлген тауарларды (жұмысты, қызметтi) белгiлi бiр тұтынушыларға өткiзу не оларды республиканың белгiлi аймақтарына жеткiзу туралы, соның iшiнде белгiлi бiр әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстен тыс жерге немесе экспортқа шығарудан бастарту туралы талапты;
Тармақша 3
3) өндiрiлетiн тауарға (жұмысқа, қызметке) белгiлi бiр баға (тариф, нарық) белгiлеу туралы, соның iшiнде оларды белгiлi бiр тұтынушыларға алдын ала белгiленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етiп қоюға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Лицензия беруден бастартылған жағдайда арыз берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады. 📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.31. N 2447 жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-1 Заңымен , 1998.12.30. N 343 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2001.12.24. N 276 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен , 2005.06.09. N 56 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.12.01. N 220 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 20
20-бап. Лицензия беруден бастартқаны үшiн шағым жасау
Тармақ 1
1. Егер лицензия осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бастарту арыз берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Лицензия беруден негiзсiз бас тарту немесе белгiленген мерзiмде бермеу фактiсiн анықтағаннан кейiн сот лицензия органын сот шешiмi заңды күшiне енген сәттен бастап он күн мерзiмде лицензия беруге мiндеттейтiн шешiм шығарады. 📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 жарлығымен.
Бап 21
21-бап. Лицензия қолданудың тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
Тармақша 2
2) лицензия берiлген ic-әрекет (операциялар) жасалып, толық көлемiнде жүзеге асырылғанда;
Тармақша 3
3) лицензия қайтарып алынғанда;
Тармақша 4
4) лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
Тармақша 5
5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. (алып тасталды - 2000.07.05. N 79 Заңымен )
Тармақ 3
3. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешедi. 📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2002.11.14. N 352 Заңымен , 2003.05.08. N 411 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен .
Бап 22
22-бап. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен лицензияны мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын талаптарды лицензиат орындамаса;
Тармақша 2
2) лицензия алған қызмет түрiмен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
Тармақша 3
3) лицензиар лицензияның қолданылуын кiдiртiп қойған себептер жойылмаса;
Тармақша 4
4) лицензиат лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат берсе, қайтарып алуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Лицензия осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша сотқа беру жолымен қайтарылып алынуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Лицензиар кiдiрте тұру себебiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
Тармақ 4
4. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар осындай шешім қабылдаған күннен бастап есептелсін.
Тармақ 5
5. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн лицензия қайтадан қолданылады.
Тармақ 6
6. Жекелеген қызмет түрлерiн реттейтiн заң актiлерiнде лицензияны қайтарып алу мен оның қолданылуын тоқтата тұрудың өзге негiздерi мен тәртiбi көзделуi мүмкiн. 📌 Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.23. N 2720 жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 1999.11.29. N 488 Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен.
Тарау 5. 5 тарау. Лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
5 тарау. Лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Бап 23
23-бап. Шығындардың орнын толтыру Лицензия беруден орынсыз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын шығындардың орнын толтыру азаматтық заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Бап 24
24-бап. Лицензиялауға жататын қызметтi лицензиялау туралы заңдарды бұзып жүзеге асырғаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 1
1. Тиiстi лицензиясыз не лицензиялау нормалары мен ережелерiн бұза отырып қызметпен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа әкелiп соқтырады.
Тармақ 2
2. (алып тасталды - 2005.04.15. N 45 Заңымен )
Тармақ 3
3. Лицензиарлар және олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.07.10. N 283 Заңымен , 1999.10.08. N 471 Заңымен , 1999.11.29. N 488 Заңымен , 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2005.04.15. N 45 Заңымен .
Бап 25
25-бап. Есепке алу және бақылау Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиар жүргізеді. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында лицензиялау ережелерi мен бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N 471 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 26
26-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Заңның 11-1-бабының 2) тармақшасы 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзім бойынша қолданылады. 📌 Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.09. N 56 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.