О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О нефти" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Мұнай туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 55-бапта: 1-тармақта: 1) және 2) тармақшалар алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөнiндегi шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;"; 4) тармақшада "жалпы" және "мүлiктiк тәуекелдiгi мен" деген сөздер алып тасталсын; 3) және 4) тармақшалар тиiсiнше 1) және 2) тармақшалар болып есептелсiн; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi".