О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О бюджетной системе" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Бюджет жүйесi туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 402-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 6-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қаржыландыру" - борыштың негiзгi сомасын өтеудi шегерiп тастағанда бюджетке түсетiн қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi немесе қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi шегерiп тастағанда бюджет профицитiн борыштың негiзгi сомасын өтеуге бөлудi қамтиды"; 9-баптың 1-тармақшасының он бiрiншi абзацы "бюджетке берiлетiн" сөздерiнен кейiн "және Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн жасау үшiн" деген сөздермен толықтырылсын; 18-баптың 3-тармағындағы "мөлшерi, оны жабу көздерi" деген сөздер "бюджет (профицитiнiң) мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын. 23-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Республикалық бюджет туралы заңда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышының лимитi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң лимитi бекiтiледi, сондай-ақ аталған мемлекеттiк борышқа қызмет көрсетуге арналған қаражат көзделедi"; 4-тармақ алынып тасталсын; 5-тармақ 4-тармақ болып есептелсiн; 25-баптың 4-тармағы "өзгерiстер енгiзуге" деген сөздерден кейiн "және республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу көздерiн өзгертуге" деген сөздермен толықтырылсын; 27-бапта: бiрiншi бөлiк "атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "Бюджеттiң құрастырылу және атқарылу ережелерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Секвестрлеуге жатпайтын шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Парламентi мен жергiлiктi өкiлдi органдар тиiстi жылға арналған бюджеттер туралы заң мен шешiмдерге белгiлейдi"; үшiншi бөлiк алынып тасталсын.