О государственных социальных пособиях по инвалидности и по случаю потери кормильца в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
- ҚР 20.04.2023 № 224-VII (01.07.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Кодексімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), бүкiл мәтін бойынша "16 жасқа", "18 жасқа", "18 жастан", "23 жастан" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа", "он сегіз жасқа", "он сегіз жастан", "жиырма үш жастан" деген сөздермен, "І", "IІ", "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылды - 2004.12.31. № 28 (01.01.2005 бастап күшіне енеді).
Бүкіл мәтін бойынша:
«мүгедектерге», «мүгедек адамдарды», «мүгедек адам», «мүгедек», «мүгедектердің», «мүгедек болғандар», «мүгедектер», «мүгедек болған адамдар», «мүгедек болған жағдайда», «мүгедек болған» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі туындаған кезде», «мүгедектігі туындаған» деген сөздермен ауыстырылды;
«мүгедек балалар», «мүгедек балаларға» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылды - 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы
1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
Тармақ 3
3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мүгедектігі бар балалар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 482, 2005.12.15 № 101 (01.01.2006 бастап күшіне енеді); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 1-1. 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған кезде және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
Тармақша 3
3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
Тармақша 5
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
📌 Ескерту. 1-тарау 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат
2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi
3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға өтінішті жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға береді.
Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.
Тармақ 3
3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
Тармақ 4
4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса осы баптың 2-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Өтініш берушіге жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.
Тармақ 5
5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
📌 Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.
📌 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 5. 5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi
5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1-1
1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 2
2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiк белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш жасалған күнге дейiн немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемқы тағайындауға келісім алынған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзiм үшін тағайындалады.
Тармақ 3
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасалған күнге дейiн немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемқы тағайындауға келісім алынған күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi
6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн жүргiзіледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.
Тармақ 1-1
1-1. Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:
егер жәрдемақының тағайындалған мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, осы Заңның 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерлерде;
осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес көлемде төленеді.
Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде төленеді.
Жәрдемақылардың тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 1-2
1-2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.
Тармақ 1-3
1-3. Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
Тармақ 2
2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.
Тармақ 3
3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінан уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомасы мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін біржолғы төленеді.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Тармақ 4
4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.04.05 № 366; 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.04. № 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.03.2014 № 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу
7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу
Тармақ 1
1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды.
Тармақ 4
4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды.
Тарау 2. 2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
Бап 8. 8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары
8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары
Тармақ 1
1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 2
2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Мүгедектік топтары
9-бап. Мүгедектік топтары
Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.
Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ мүгедектік туындаған уақытты МӘС бөлімшесі белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 10. 10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Тармақ 1-1
1-1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде, осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе жасына байланысты алатын зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
Тармақ 2
2. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы ол еңбекке қабілетті деп танылған айды қоса алғанда төленеді.
Тармақ 3
3. Егер мүгедектігі бар адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол
мүгедектігі бар адам деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде
мүгедектігі бар адам деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам
деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
📌 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары
11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар
мүгедектігі бар адамдарға:
Тармақша 1
1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 1-1
1-1) бала кезiнен
мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектігі бар адамдар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектігі туындаған кезде әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан
мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 4
4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедектігі туындаған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан
мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 5
5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған
мүгедектігі бар адамдар жатады.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 482, 2002.03.21 № 308, 2004.12.31 № 28 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері
12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері
Тармақ 1
1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған
мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар мынадай:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген
мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген
мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 4
4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
Тармақ 5
5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 № 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3 тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы
3 тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы
Бап 13. 13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары
13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары
Тармақ 1
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 2
2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:
Тармақша 1
1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедектігі бар адам болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;
Тармақша 2
2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
Тармақша 3
3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;
Тармақша 4
4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.
Тармақ 3
3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.
Тармақ 5
5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.
Тармақ 6
6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық нормалары, егер бұл фактiлер сот тәртiбiмен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 482; 2007.07.27. № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең
14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi.
Бап 15. 15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау
15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау
Тармақ 1
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.
Тармақ 2
2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi.
Тармақ 3
3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады.
Тармақ 5
5. Отбасының мүшелерiнiң бiреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi.
Бап 16. 16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері
16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері
Тармақ 1
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 2
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
Тармақша 2
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
Тармақ 3
3. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға – 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға – 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
Тармақ 4
4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ:
Тармақша 1
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
Тармақ 5
5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 № 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 4. 4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар
4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар
📌 Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 5. 5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 19. 19-бап. Халықаралық шарттар
19-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 20. 20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер
20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.
Тармақ 2
2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап 21. 21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.