Об индивидуальном предпринимательстве Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке кәсiпкерлiк туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 31.01.2006 № 124 (жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын iске асыруға, жеке кәсiпкерлiк үшiн мемлекеттiк кепiлдiктер жүйесiн қалыптастыруға бағытталған.
Тарау i. I тарау. Жалпы ережелер
I тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Жеке кәсiпкерлiк ұғымы
1-бап. Жеке кәсiпкерлiк ұғымы
Тармақ 1
1. Жекеше кәсiпкерлiк түрi ретiндегi жеке кәсiпкерлiк азаматтардың бастама жасайтын қызметi, ол табыс табуға бағытталған, азаматтардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
Бап 2. 2-бап. Жеке кәсiпкерлiк туралы заңдар
2-бап. Жеке кәсiпкерлiк туралы заңдар
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, оған қайшы келмейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Тармақ 2
2. "Жекеше кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жеке кәсiпкерлiкке осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заң нотариустар мен адвокаттардың арнаулы заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiктегi қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi қатынастарды реттейдi.
Бап 3. 3-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi
3-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi өзiндiк кәсiпкерлiк пен бiрлескен кәсiпкерлiк болып табылады.
Тармақ 2
2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр азамат меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бiрлескен, кәсiпкерлiктi азаматтар тобы (жеке кәсiпкерлер) ортақ меншiк құқығы бойынша өздерiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
Бап 4. 4-бап. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi
4-бап. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi
Тармақ 1
1. Бiрлескен кәсiпкерлiк бiрлескен ортақ меншiк (ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi, шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi, жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк) немесе үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;
Тармақша 2
2) шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк.
Бап 5. 5-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң әр алуан түрлерiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк айналымда iс-қимыл жасау
5-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң әр алуан түрлерiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк айналымда iс-қимыл жасау
Тармақ 1
1. Некеде тұратын азамат кәсiпкер ретiнде өз зайыбын (ерiн) ескертпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған ретте бұл зайыптың (ерiнiң) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi. Азамат өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заң актiлерiнде немесе неке келiсiм-шартында, не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге де келiсiмде басқаша көзделмесе, мұндай пайдалануға зайыбының (ерiнiң) келiсiмi көзделедi.
Тармақ 2
2. Ерлi-зайыптылардың iскерлiк айналымда кәсiпкерлiкті жүзеге асыруы кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiмен ерлi-зайыптылардың атынан iс-қимыл жасайды, мұның өзi жеке кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде расталуы немесе жеке кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылатын жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариаттық куәландырылуы мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда олардың атынан екiншiсiнiң iс-қимыл жасауына осылайша бiлдiрген келiсiмi болмаған жағдайда iскерлiк айналымда iс-қимыл жасаушы жұбайы кәсiпкерлiк қызметтi өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асырады деп саналады.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк қызметтiң объектiсi ретiнде жекешелендiрiлген тұрғын үйдi пайдалануға байланысты отбасылық кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде iскерлiк айналымда тұрған үйге меншiк иелерiнiң бiрiнiң iс-қимыл жасауы басқа меншiк иелерiнiң нотариат куәландырған келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкерлiктi жай серiктестiк нысанын пайдаланып жүзеге асырған кезде жай серiктестiк қатысушыларының ортақ iстерi олардың ортақ келiсiмiмен жүргiзiледi. Бiр-бiрiмен өзара келiсiм бойынша қатысушылар iскерлiк айналымда iс-қимыл жасауды қатысушылардың бiреуiне тапсыруы мүмкiн, бұл жағдайда ол серiктестiктiң басқа қатысушылары берген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды.
Бап 6. 6-бап. Жеке кәсiпкерлердiң борыштары бойынша олардың мүлкiнен өндiрiп алу
6-бап. Жеке кәсiпкерлердiң борыштары бойынша олардың мүлкiнен өндiрiп алу
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өндiрiлiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауап бередi.
Тармақ 2
2. Азамат өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезiнде меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады. Азамат кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданылуы мүмкiн. Егер кәсiпкер болып табылмайтын ерлi-зайыптының бiрi екiншiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн ортақ мүлiктi пайдалануына келiспесе, ол ортақ мүлiктi бөлу туралы мәселе қоюға, оның iшiнде сот тәртiбiмен мәселе қоюға да құқылы. Кәсiпкер болып табылмайтын ерлi-зайыптының әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы жұбайдың борыштары бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.
Тармақ 3
3. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты ерлi-зайыптылардың борыштары бойынша өндiрiп алу iскерлiк айналымда олардың қайсысының iс-қимыл жасайтынына қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Кәсiпкерлiк қызмет объектiсi ретiнде жекешелендiрiлген тұрғын үй пайдаланылатын жағдайларда борыштар бойынша өндiрiп алу осы тұрғын үйге қолданылады.
Тармақ 5
5. Жай серiктестiкпен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде жай серiктестiктiң қатысушылары, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, жай серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғалар алдында бiрлесiп жауап бередi.
Бап 7. 7-бап. Жай серiктестiк
7-бап. Жай серiктестiк
Тармақ 1
1. Жай серiктестiк бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады.
Тармақ 2
2. Бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар (жеке кәсiпкерлер) жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн бiрлесiп iс-әрекет жасауға мiндеттенедi.
Тармақ 3
3. Жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн жай серiктестiктiң қатысушылары жарналарды мүлкiмен немесе өзге де мүлiктiк құқықтарымен, соның iшiнде санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқығын қоса, енгiзедi. Қатысушылардың жарналары, егер жай серiктестiк шартында өзгеше көзделмесе, құны бойынша тең болып көзделедi. Мүлiк немесе еңбек жарнасын ақшамен бағалау серiктестiк қатысушыларының арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүлiктiк жарналары, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүзеге асыру нәтижесiнде жасалған немесе сатып алынған мүлiк олардың ортақ үлестiк меншiгi болып табылады.
Тармақ 5
5. Бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет бойынша ортақ шығындарды және оның нәтижесiнде болуы мүмкiн зияндарды өтеу тәртiбi қатысушылардың шартында белгiленедi. Егер шартта мұндай тәртiп көзделмесе, ортақ шығындар мен зияндар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен өтеледi, ал жетпеген сомалар олардың арасында өздерiнiң осы мүлiктегi үлестерiне пропорциялы түрде бөлiнедi.
Тармақ 6
6. Серiктестiкке қатысушылардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет нәтижесiнде алған табысы (пайдасы), егер жай серiктестiк шартында өзгеше көзделмесе, олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне пропорциялы түрде бөлiнедi. Қандай да бiр қатысушыны пайда бөлiсiнен шеттету туралы келiсiм жарамсыз болып табылады.
Тармақ 7
7. Серiктестiк қатысушыларының ортақ мүліктегi өз үлесiне билiк етуге және тиiсiнше серiктестiкке қатысу құқығын өзге қатысушылардың келiсiмiнсiз басқаға беруге қақысы жоқ. Серiктестiк қатысушысының өз қалауы бойынша бiрлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқығы бар. Қатысушылардың олардың қайсыбiрiнiң серiктестiкке қатысудан бас тартуынан туындаған зияндары, егер жай серiктестiктiң шартында өзгеше көзделмесе, толық көлемiнде өндiрiп алынады.
Бап 8. 8-бап. Шаруа шаруашылығы (фермерлiк шаруашылық)
8-бап. Шаруа шаруашылығы (фермерлiк шаруашылық)
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн пайдаланумен, сондай-ақ сол өнiмдi ұқсату және өткiзумен тығыз байланысты жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлiк шаруашылық) деп танылады.
Тармақ 2
2. Фермерлiк шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) негiзгi түрлерi:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы;
Тармақша 2
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермерлiк шаруашылық;
Тармақша 3
3) бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiк түрiнде ұйымдастырылған фермерлiк шаруашылық болып табылады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шаруа шаруашылығының (фермерлiк шаруашылықтың) басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Шаруа шаруашылықтарымен (фермерлiк шаруашылықпен) байланысты құқық қатынастары осы Заңмен және арнаулы заңдармен реттеледi.
Тарау ii. II тарау. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу және лицензиялау
II тарау. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу және лицензиялау
Бап 9. 9-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу
9-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Мына талаптардың бiрiне сай келетiн:
Тармақша 1
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;
Тармақша 2
2) кәсiпкерлiк қызметтен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерiнен асып түсетiн мөлшерде салық заңдарына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсiпкерлер мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта аталған жеке кәсiпкерлердiң қызметiне, тiркеуден өтпесе, тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттiк тiркеу өзi барып тiркелетiн сипатта болады және жеке кәсiпкер ретiнде азаматтың тұрғылықты жерi бойынша аумақтық салық органында (бұдан әрi - тiркеушi орган) есепке алынуы болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында аталмаған жеке кәсiпкерлер өз қалауы бойынша жеке кәсiпкер ретiнде тiркелуге құқылы. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан басқа жеке кәсiпкерлерде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болмауы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн кедергi болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Өз қызметiн мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырушы жеке кәсiпкердiң өзі мәмiлелер жасасқан жағдайда өзiнiң кәсiпкер еместiгiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
10-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тiркеу үшiн жеке кәсiпкер тiркеушi органға:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжатты табыс етедi. Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында келтiрiлген құжаттар болған жағдайда тiркеушi орган жеке кәсiпкерге құжаттар тапсырылған күнi мемлекеттiк тiркеу жасайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi, отбасылық кәсiпкерлiк, сондай-ақ тұрақты негiзде құрылатын жай серiктестiк нысанында бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде азаматтармен, ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен қатынаста мүдделерiн бiлдiруге және азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыруға уәкiлеттi тұлға өтiнiш бередi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк уәкiлеттi тұлғаға жазып берiледi. Куәлiкке тiркеушi органның басшысы растаған бiрлескен жеке кәсiпкерлiк мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген ретте кәсiпкер өзгерiстер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген ретте кәсiпкер қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi. Кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда оған өзiнiң өтiнiшi бойынша мемлекеттiк тiркеудi растайтын құжаттың көшiрмесi берiледi. Мемлекеттiк тiркеудi растайтын құжаттың көшiрмесi берiлгенi үшiн кәсiпкерден Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленетiн тәртiппен алым алынады. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
11-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсiлi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк жеке кәсiпкерге осы заңның 10-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде берiледi. Тiркеушi орган жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы хабарламаны тiркеу күнiнен бастап он күн мерзiмде статистикалық қызмет жүргiзетiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Тармақ 3
3. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, егер өтiнiште өзге мерзiм көзделмесе, мерзiмсiз уақытқа берiледi.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу мәселесi болып табылатын мәлiметтер жалпы жұртқа ашық болады. 📌 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
Бап 12. 12-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау
12-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау
Тармақ 1
1. Егер жеке кәсiпкер лицензиялануға тиiстi қызметтi жүзеге асырса, оның осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы мiндеттi.
Тармақ 2
2. Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен берiледi. Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке кәсiпкерлерге лицензиялар берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге құқылы. Жеке кәсiпкерлiк тәртiбiмен жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен немесе өзге көлiкпен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде лицензия беру үшiн тиiстi санаттағы жүргiзушiлiк құқығының болуы жеткiлiктi негiз болып табылады. Табыс етiлген құжаттар негiзiнде лицензия беру кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру шарттарын тексерусiз, сондай-ақ үмiткердiң бiлiмiн бiлiктiлiк сынағынан өткiзбей жүргiзiледi. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар болған кезде лицензия беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Лицензия берiлгенi үшiн жеке кәсiпкерден қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленедi.
Тармақ 4
4. Жеке медициналық, дәрiгерлiк, мал дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия мерзiмi шектелмей (тұрақты лицензия); көлiк қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия - кемiнде бес жыл мерзiмге; жеке кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия (тауарлардың экспорты мен импортына лицензия берудi қоспағанда) - кемiнде бiр жыл мерзiмге; тауарлардың экспорты мен импортына лицензия - лицензиялау туралы заңдарда көзделген мерзiмдерге берiледi.
Тармақ 5
5. Қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру құқығына лицензия азаматтың жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгендiгiне немесе тiркелмегендiгiне қарамастан берiледi. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.24. N 276 Заңымен.
Тарау iii. III тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру
III тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру
Бап 13. 13-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру шектерi
13-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру шектерi Егер заңдарға өзгеше белгiленбесе жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыруға құқылы.
Бап 14. 14-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтiң мүлiктiк негiздерi
14-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтiң мүлiктiк негiздерi
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлiк азаматтарға меншiк құқығы бойынша немесе мүлiктi кәсiпкерлiкпен айналысу үшiн пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқықтармен тиесiлi мүлiктiң негiзiнде және солардың есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар заңдарда белгiленген жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу мақсатында пайдалану үшiн көп пәтерлi үйлердегi пәтерлердi қоса алғанда, өздерiне тиесiлi үйлердi, құрылыстар мен үй-жайларды жалға беруге құқылы.
Бап 15. 15-бап. Кәсiпкерлiк iс
15-бап. Кәсiпкерлiк iс
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк iс - мүлiктiк құқықтарды қоса алғандағы мүлiктiң жиынтығы, жеке кәсiпкер өз қызметiн солардың негiзiнде және солар арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кәсiпкерлiк iс тұтастай немесе оның бiр бөлiгi құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты сатып алу-сату, кепiлге беру, жалға беру және басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
Бап 16. 16-бап. Өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) сапасына қойылатын талаптар
16-бап. Өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) сапасына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер өзi өндiретiн өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) сапасы үшiн жауап бередi.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң өндiретiн өнiмi (жұмысы, қызметi), егер тапсырысшымен шартта өзгеше талаптар белгiленбесе, қойылатын талаптарға сай келуге тиiс. Мемлекеттiк стандарттар белгiленген өнiм (жұмыс, қызмет) осы стандарттарға сай болуы тиiс.
Тармақ 3
3. Егер бұл белгiленген ережелерде көзделсе, жеке кәсiпкер сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) сапа сертификаты немесе сәйкестiк белгiсi болуға тиiс.
Бап 17. 17-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сауда қызметi
17-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сауда қызметi
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлер өздерi өндiретiн өнiмдi, сондай-ақ сату мақсатында сатып алынған тауарларды, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңдарда тыйым салынбаған кез келген әдiстермен және кез келген жерде сатуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкерлер елдi мекендердiң (мұндай сауда жасауға жергiлiктi атқарушы органдар тiкелей тыйым салған, белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген, сондай-ақ алаңдардың, көшелердiң, жолдардың жүргiн бөлiгi болып табылатын учаскелерден, өтетiн жерлерден және қоғамдық көлiктiң жолаушылар аялдамаларынан басқа жерлерде) ортақ пайдаланыстағы жерлерiн ұсақ бөлшек сауда жүргiзу үшiн (қолдан және тасымалданатын астаушадан сауда жасау), егер мұндай сауда:
Тармақша 1
1) жүргiншiлер жүрiсiне кедергi жасамайтын;
Тармақша 2
2) маңындағы тұрғын үйлердiң (тұрғын жайлардың) тұрғындарына қолайсыздық туғызбайтын;
Тармақша 3
3) санитариялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылатын;
Тармақша 4
4) аумақтың ластануына әкеп соқпайтын жағдайларда пайдалануға құқылы. Аталған сауданы жүзеге асырғаны үшiн ақы алынбайды.
Бап 18. 18-бап. Жеке кәсiпкерлердiң ақшалай есеп айырысуы
18-бап. Жеке кәсiпкерлердiң ақшалай есеп айырысуы Жеке кәсiпкерлердiң өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты есеп айырысуы, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өздерiнiң қалауы бойынша қолма-қол төлейтiн де, қолма-қол төлемейтiн де тәртiппен жүргiзiледi.
Бап 19. 19-бап. Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету
19-бап. Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеке кәсiпкерлердiң банктермен жасасқан шарттарының негiзiнде жүзеге асырылады. Банктер жеке кәсiпкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келiсiмінде белгiленген тәртiппен қызмет көрсетедi.
Бап 20. 20-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi
20-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi Жеке кәсiпкерлердiң, егер заңдарда неғұрлым қолайлы режим белгiленбесе, заңды тұлғалармен тең дәрежеде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар. Жеке кәсiпкерлердiң, ауыл шаруашылық өнiмдерiн қоса алғанда, өздерi дайындаған өнiмдi экспортқа шығаруы Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Бап 21. 21-бап. Жеке кәсiпкерлерге салық салу
21-бап. Жеке кәсiпкерлерге салық салу Жеке кәсiпкерлерге салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Жеке кәсiпкерлiк жағдайында жалдама еңбектi пайдалану жөнiндегi қатынастарды ресiмдеу
22-бап. Жеке кәсiпкерлiк жағдайында жалдама еңбектi пайдалану жөнiндегi қатынастарды ресiмдеу
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметтi жалдама еңбектi пайдалана отырып жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкер өз қызметкерлерiмен қатынастарын еңбек шартымен (келiсiм-шартымен) немесе мердiгерлiк шартпен ресiмдейдi.
Тармақ 3
3. Еңбек шарты (келiсiм-шарты) бойынша жалданған қызметкерге еңбек, әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың нормалары қолданылады. Еңбек шарты (келiсiм-шарты) бойынша жалданған қызметкерлер заңдарда белгiленген тәртiп пен шарттарда әлеуметтiк және медициналық сақтандыруға, сондай-ақ әлеуметтiк қамсыздандырылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкер өзiнiң қызметкерлерi (қызметкерi) үшiн заңдарға сәйкес әлеуметтiк, сақтандыру және зейнетақы қорларына қаржы аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен салыстырғанда қызметкердiң жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелерi жарамсыз болып табылады.
Бап 23. 23-бап. Кәсiпкерлiк iстiң басқа адамға ауысуы
23-бап. Кәсiпкерлiк iстiң басқа адамға ауысуы
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер өзiнiң кәсiпкерлiк iсiн басқа адамға ақылы немесе өтеусiз беруге қақылы.
Тармақ 2
2. Кәсiпкерлiк iстi беру толық көлемiнде де, бөлiгi бойынша да жүзеге асырылуы мүмкiн. Кәсiпкерлiк iстiң бiр бөлiгi берiлген кезде беру туралы шартпен алушыға қандай құқықтардың және өтелмеген қандай борыштардың ауысатыны көзделуге тиiс.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк iстi алушы толық көлемiнде бұрынғы кәсiпкердiң барлық құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Кәсiпкерлiк iстiң басқа адамға берiлетiндiгi туралы несие берушiлер хабардар етiлуге тиiс, олар iстi берушi кәсiпкерден мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын талап етуге хақылы. Олардың келiсiмiнсiз кәсiпкерлiк iстi алушыға мiндеттемелердiң орындалуын беруге жол берiлмейдi.
Тармақ 5
5. Кәсiпкерлiк iстi берушi кәсiпкер мен кәсiпкерлiк iстi алушы iстi беру туралы хабарланбаған несие берушiнiң алдында кәсiпкерлiк iске байланысты сол несие берушiнiң талаптары бойынша бiрлесiп жауапты болады.
Тармақ 6
6. Кәсiпкерлiк iстi беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл талаптың бұзылуы шарттың жарамсыз болуына әкеп соғады.
Бап 24. 24-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызмет нәтижелерiн есепке алу
24-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызмет нәтижелерiн есепке алу
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң өз қызметiнiң нәтижелерiн есепке алуы салық заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мұндай кәсiпкерлерге заңды тұлғалар үшiн белгiленген қаржылық және статистикалық есептiлiктi жасап, табыс ету туралы талап қойылмауға тиiс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын (осы Заңның 9-бабының 1-тармағы) жеке кәсiпкердiң өз қызметiнiң нәтижелерiн есепке алуы бухгалтерлiк есеп туралы заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау iv. IV тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi өз атынан жүзеге асыру
IV тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi өз атынан жүзеге асыру
Бап 25. 25-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметтi өз атынан жүзеге асыруы
25-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметтi өз атынан жүзеге асыруы
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер өз атынан кәсiпкерлiк қызметпен айналысады, құқықтар мен мiндеттер алып, оларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бiрлескен жеке кәсiпкерлiк жағдайында кәсiпкерлiк қызметпен байланысты барлық мәмiлелер осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушылары атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер солардың атынан алынып, жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Азамат өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысты мәмiлелер жасаған кезде, егер бұл мәмiле жасау жағдайының өзiнен анық туындамаса, өзiнiң жеке кәсiпкер ретiнде әрекет жасайтындығын көрсетуге тиiс. Мұндай көрсетудiң болмауы жеке кәсiпкердi тәуекел етуден және жеке кәсiпкердiң өз мiндеттемелерi бойынша жауаптылығынан босатпайды.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы адам жеке кәсiпкер екенiн мәтiндерi мейлiнше айқын дәлелдейтiн iскерлiк құжаттаманың жеке атаулы бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға қақылы.
Бап 26. 26-бап. Жеке кәсiпкерге қарайтын кәсiпкерлiк iстiң және/немесе оның бiр бөлiгiнiң фирмалық атауы
26-бап. Жеке кәсiпкерге қарайтын кәсiпкерлiк iстiң және/немесе оның бiр бөлiгiнiң фирмалық атауы
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер өз iсiне және/немесе оның кәсiпкер мүлкiнiң құрамынан бөлiнген бiр бөлiгiне (осы заңның 15-бабы) фирмалық атау беруге қақылы.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкер мүлкiнiң (iсiнiң) құрамынан бiр бөлiктен аса бөлiнген кезде олардың әрқайсысына өзiнiң фирмалық атауы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Фирмалық атау iске және/немесе оның бiр бөлiгiне құқықтар объектiсi ретiнде ғана оны даралау мақсатында берiледi және ол кәсiпкердiң есiмi (есiмдерi) көрсетiлiп, iстiң және/немесе оның бiр бөлiгiнiң жеке кәсiпкерге қарайтындығын көрсетуге тиiс.
Бап 27. 27-бап. Фирмалық атауды құқықтық қорғау
27-бап. Фирмалық атауды құқықтық қорғау
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер iсiнiң және/немесе оның бiр бөлiгiнiң фирмалық атауы қорғау туралы мiндеттi түрде өтiнiш берiлмей немесе тiркелмей және оның тауарлық белгiнiң бiр бөлiгi екендiгiне қарамастан құқықтық қорғалуға тиiс.
Тармақ 2
2. Басқа кәсiпкерлерге тиесiлi фирмалық атауларды олардың келiсiмiнсiз пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Фирмалық атау иесiнiң iсi және/немесе оның бiр бөлiгi орналасқан елдi мекенде айыру мүмкiн болмайтындай дәрежеде бiрдей немесе ұқсас фирмалық атауларды пайдаланушы адамдар фирмалық атау иесiнiң талап етуi бойынша оны пайдалануды тоқтатуға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Бөтен фирмалық атауды пайдаланғандығын көрiнеу бiлген адам оған фирмалық атауды пайдаланудан келтiрiлген шығынның орнын оның иесiнiң талап етуi бойынша толтыруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Фирмалық атау құқығына дау туған кезде оны бұрын пайдалана бастаған кәсiпкерге фирмалық атауға басымдық берiледi.
Бап 28. 28-бап. Фирмалық атауға құқықтың ауысуы
28-бап. Фирмалық атауға құқықтың ауысуы
Тармақ 1
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, фирмалық атау жеке кәсiпкердiң iсiн және/немесе оның бiр бөлiгiн сатып алушыға ауысады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген реттi қоспағанда, фирмалық атаудан айыруға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Жеке кәсiпкер iсiнiң және/немесе оның бiр бөлiгiнiң фирмалық атауын иеленушi шарт бойынша басқа адамға шартта келiсiлген тәсiлдермен фирмалық атауды пайдалануға рұқсат бере алады. Шартта тұтынушыларды жаңылыстыруға жол бермеу шаралары көзделуге тиiс.
Тарау v. V тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi қорғау және оның кепiлдiктерi
V тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi қорғау және оның кепiлдiктерi
Бап 29. 29-бап. Мемлекеттiк органдардың жеке кәсiпкерлер қызметiне араласуын шектеу
29-бап. Мемлекеттiк органдардың жеке кәсiпкерлер қызметiне араласуын шектеу
Тармақ 1
1. Заң актiлерiнде белгiленген реттердi қоспағанда, мемлекеттiк органдардың жеке кәсiпкерлер қызметiне араласуға қақысы жоқ.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi ағымдағы тексерудi соған уәкiлеттi бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, сондай-ақ мұндай тексерулер осының алдындағы тексеру актiсiнде айтылған нұсқамалардың орындалуын бақылау тәртiбiмен жүргiзiлетiн кезде болмаса, жылына бiр реттен жиi өткiзуге болмайды. Тексеру материалдары бойынша қылмыстық iс қозғалған реттерде мұндай шектеулер қолданылмайды. Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жалақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақытылы төленуiн, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiнiң сақталуын тексерудi жылына бiр реттен жиi жүзеге асыруы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Бақылаушы органдар тексеруiнiң нәтижелерi екi жақты акт жасау арқылы расталуға тиiс, онда ескертпелер тiзбесi, оларды жоюдың қажеттi шаралары мен мерзiмдерi көрсетiледi. Актiде тараптардың әрқайсысы актiнiң қандай шарттарымен өздерiнiң келiспейтiнiн көрсетуге құқылы.
Бап 30. 30-бап. Мемлекеттiк органдардың ақпарат беру және жеке кәсiпкерлiкпен байланысты өзге де iс-әрекеттер жасау жөнiндегi мiндеттерi
30-бап. Мемлекеттiк органдардың ақпарат беру және жеке кәсiпкерлiкпен байланысты өзге де iс-әрекеттер жасау жөнiндегi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк органдар жеке кәсiпкерлерге олардың сұрау салуы бойынша қолданылып жүрген заңдарға түсiндiрме, консультация және олардың кәсiпкерлiк қызметiне байланысты өзге де ақпарат беруге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың мұндай ақпарат беруден бас тартуға қақысы жоқ.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдарға тiркеу, жер учаскесiн бөлiп беру, лицензия алу, осы баптың 1-тармағында көзделген ақпаратты беру мәселелерi бойынша, сондай-ақ өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысты өзге де мәселелер бойынша өтiнiш жасаған жеке кәсiпкерлерден заң актiлерiмен тiкелей көзделмеген ақша алымдарын алуға болмайды.
Бап 31. 31-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану
31-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкерлердi тiркеу, оларға лицензия беру, олардың қызметiн тексеру, оны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап қою кезiнде, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жағдайларда өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған ретте жеке кәсiпкер тиiстi органның және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекеттерiне орган (лауазымды адам) орналасқан жердегi немесе (шағым берушiнiң қалауы бойынша) жеке кәсiпкерлiк қызмет жүзеге асырылатын жер бойынша сотқа шағымдануға қақылы.
Тармақ 2
2. Құқық қорғау органдарының қылмыстық iс қозғауға және оны тергеуге байланысты iс-әрекеттерiне жеке кәсiпкердiң шағым жасауы қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 32. 32-бап. Жеке кәсiпкердi әлеуметтiк қорғау
32-бап. Жеке кәсiпкердi әлеуметтiк қорғау
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкер әртүрлi әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк және медициналық сақтандыру жүйелерiн пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарына сәйкес төлемдер төлеп тұрған жағдайда жеке кәсiпкерлiк қызмет зейнетақы тағайындау үшiн жұмыс стажына есептеледi.
Тарау vi. VI тарау. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату
VI тарау. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату
Бап 33. 33-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру мен тоқтатудың негiздерi мен тәртiбi
33-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру мен тоқтатудың негiздерi мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы заңда көзделген жағдаяттар пайда болған ретте тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi тәртiппен кез келген уақытта - өзiндiк кәсiпкерлiк жағдайында жеке кәсiпкердiң өздiгiнен қабылдаған шешiмiнiң, бiрлескен кәсiпкерлiк жағдайында - барлық қатысушылардың бiрлесiп қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде тоқтатылады. Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм оның қатысушыларының жартысы жақтап дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 3
3. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) банкроттық;
Тармақша 2
2) тiркеу кезiнде қалпына келтiрiлмейтiндей сипаттағы заң бұзушылыққа жол берiлуiне байланысты жеке кәсiпкердiң тiркелуiн жарамсыз деп тану;
Тармақша 3
3) егер қызмет лицензиялануға жататын болса, қызметтi лицензиясыз не заң актiлерi тыйым салған қызметтi жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) заңдарды күнтiзбелiк жыл iшiнде бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асыру жағдайларында;
Тармақша 5
5) заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда сот шешiмi бойынша мәжбүрлеу тәртiбiмен тоқтатылады. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызды уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкердiң қызметi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздерден басқа мынадай жағдайларда да:
Тармақша 1
1) өзiндiк кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкер-азамат әрекетке қабiлетсiз деп танылғанда не ол қайтыс болғанда;
Тармақша 2
2) отбасылық кәсiпкерлiк пен жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жағдаяттардың болуы нәтижесiнде бiрлескен кәсiпкерлiктiң бiр қатысушысы қалса немесе бiрде-бiр қатысушысы қалмаса, сондай-ақ некенiң бұзылуына байланысты мүлiк бөлiнгенде тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жеке кәсiпкерлiктi тоқтату туралы талапты сотқа тиiсiнше тiркеушi орган, кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi қадағалау мен бақылау қызметтерiн жүзеге асыруға немесе лицензия беруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және несие берушiлер мәлiмдеуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Осы баптың 3-тармағының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда сот жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату туралы шешiмнiң орнына мұндай қызметтi тоқтата тұру туралы шешiм шығаруы мүмкiн. Жеке кәсiпкердiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметтi тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
Тармақ 7
7. Жеке кәсiпкердiң қызметi оның (олардың) өтiнiшi не тиiстi жағдайларда сот шешiмi негiзiнде мұндай кәсiпкер (кәсiпкерлер) мемлекеттiк тiзiлiмнен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледi. Мемлекеттiк тiзiлiмнен алып тастау жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiн тiркеушi органға тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi. Кәсiпкерлiк белгiленген жағдайларда тiркеусiз жүзеге асырылған кезде ол ерiктi сипатта болғанда - нақты тоқтатылған кезiнен бастап не, тиiсiнше, мәжбүрлеу жағдайында - сот шешiмi күшiне енген кезден бастап кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған болып есептеледi. 📌 Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488 , 2001.12.24. N 276 Заңдарымен.
Бап 34. 34-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн ерiктi тәртiппен тоқтатудың салдарлары
34-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн ерiктi тәртiппен тоқтатудың салдарлары
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi тәртiппен тоқтатылған жағдайда кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелер бойынша барлық несие берушiлерге борышкер ол туралы дереу, бiрақ бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға тиiс.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi, егер мұндай қызмет лицензияланатын болса, ерiктi тәртiппен тоқтатылған жағдайда, не осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатса, оның мынадай салдарлары болады:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес мiндеттемелердi қоспағанда, мүлiктi беру, жұмыс атқару не қызмет көрсету бойынша кәсiпкердiң мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерi басталған болып есептеледi;
Тармақша 2
2) несие берушi кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты мiндеттемелердiң орындалу мерзiмiнiң мезгiлiнен бұрын басталуын талап еткен не кәсiпкерлiк қызметтi тоқтатуға байланысты ақша мiндеттемелерi бойынша несие берушiлер басқа несие берушiлерге қарағанда нашар жағдайда қалады деп қауiптенуiне негiздер болған жағдайларды қоспағанда, ақша сипатындағы мiндеттемелердi орындау белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) лицензияның қолданылуы лицензиялау туралы заңдарға сәйкес тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Лицензияланбайтын қызмет түрлерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң ерiктi тәртiппен тоқтатылуы кезiнде, сондай-ақ жеке кәсiпкер өз қызметiн мiндеттi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асыра алатын жағдайларда, егер несие берушiлермен жасалған келiсiмдерде өзгеше көзделмесе, кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелер заңдарда және шартта белгiленген тәртiп пен мерзiмде орындалуға тиiс.
Бап 35. 35-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн мәжбүрлеу тәртiбiмен тоқтатудың салдарлары
35-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн мәжбүрлеу тәртiбiмен тоқтатудың салдарлары Жеке кәсiпкердiң қызметiн сот шешiмi бойынша тоқтатқан кезде осы Заңның 34-бабының 2-тармағындағы 1), 2) тармақшаларда көзделген салдарлары болады және бұған қоса:
Тармақша 1
1) сот жеке кәсiпкердiң белгiленген мерзiм iшiнде белгiлi бiр қызмет түрлерiмен айналысуына аталған мерзiм бiткеннен кейiн мұндай қызметтi қайта бастау құқығымен осы Заңда белгiленген тәртiппен тыйым салуы мүмкiн;
Тармақша 2
2) егер сот шешiмiмен жеке кәсiпкерге белгiлi бiр мерзiм iшiнде оның жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынса, лицензия қайтарылып алынады не оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Бап 36. 36-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн белгiлi бiр жағдаяттардың басталуына байланысты тоқтатудың салдарлары
36-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн белгiлi бiр жағдаяттардың басталуына байланысты тоқтатудың салдарлары
Тармақ 1
1. Осы Заңның 33-бабының 4-тармағында көзделген жағдаяттар пайда болған ретте жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатқан кезде оның мынадай салдарлары болады:
Тармақша 1
1) өзiндiк кәсiпкерлiк жағдайында қайтыс болған жеке кәсiпкердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңмен белгiленген тәртiп бойынша оның мұрагерлерiне ауысады;
Тармақша 2
2) қайтыс болған ерлi-зайыпты жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк құқық ережелерi бойынша, не олардың iстерi осы Заңда белгiленген тәртiппен мұрагерлерiне ауысады;
Тармақша 3
3) бiрлескен кәсiпкерлiктiң қайтыс болған (қайтыс болғандар) қатысушысының (қатысушыларының) құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк құқық ережелерi бойынша, не оның (олардың) iстерi осы Заңда белгiленген тәртiппен мұрагерлерiне ауысады.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi осы Заңның 33-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға берiлген лицензияның күшi де тоқтатылады.
Бап 37. 37-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
37-бап. Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк қызметтi ерiктi тәртiппен тоқтатқан кезде жеке кәсiпкер мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуынан келтiрiлген шығындардың орнын толтыру туралы несие берушiлердiң талаптарын осы қатынастарды реттейтiн заңдарға және өздерiнiң арасындағы шартқа сәйкес өзiне тиесiлi барлық мүлiктiң есебiнен қанағаттандыруға мiндеттi, бұған заң актiлерiне сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлiк қосылмайды. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде оған қатысушылардың несие берушiлер алдындағы жауапкершiлiгi, егер қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, ортақ сипатта болады.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң қызметiн мәжбүрлеу тәртiбiмен тоқтатқан кезде сот мұндай шешiмдi қабылдаумен бiрге несие берушiлердiң борышкерге талаптарын қанағаттандыру туралы өтiнiшiн қарай алады. Бұл орайда сот несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылған кезге дейiн борышкерге тиесiлi мүлiкке тыйым сала алады. Кәсiпкерлiкке байланысы жоқ мiндеттемелердi орындау жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған ортақ мүлiк, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, оның қатысушылары арасындағы келiсiмге сәйкес солардың арасында бөлiнуге тиiс.
Тарау vii. VII тарау. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы
VII тарау. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы
Бап 38. 38-бап. Банкрот деп жариялаудың негiздерi мен тәртiбi
38-бап. Банкрот деп жариялаудың негiздерi мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Борышкердi - жеке кәсiпкердi банкрот деп жариялауға оның жалақы төлеу жөнiндегi талаптарды қоса алғанда, ақша мiндеттемелерi бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ өзiне тиесiлi мүлiктiң есебiнен бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер төлеудi қамтамасыз етуге қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Тармақ 2
2. Банкроттық сот шешiмiмен белгiленедi немесе несие берушiлердiң келiсiмi бойынша борышкер деп соттан тыс тәртiппен жарияланады.
Тармақ 3
3. Несие берушi үшiн борышкердiң банкроттығы туралы арызбен сотқа жүгiнуiне борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болады. Егер борышкер мiндеттеменi оның орындалу мерзiмi басталған кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлем қабiлетi жоқ деп саналады.
Тармақ 4
4. Борышкердiң өз банкроттығы туралы сотқа өтiнiш беруiне оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Жеке кәсiпкердi банкрот деп тану туралы арыз беруге борышкердiң, кәсiпкерлiк қызметтi борышкердiң жүзеге асыруына байланысты азаматтық-құқықтық мiндеттемелерi бойынша несие берушiлердiң, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн мiндеттi төлемдерге қатысты салық органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құқығы бар.
Тармақ 6
6. Жеке кәсiпкерге банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметке байланысы жоқ мiндеттемелер бойынша, егер мұндай мiндеттемелер бойынша орындалу мерзiмi басталса, несие берушiлер де өз талаптарын қоюға құқылы.
Бап 39. 39-бап. Банкрот деп тану туралы өтiнiш
39-бап. Банкрот деп тану туралы өтiнiш
Тармақ 1
1. Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң өзiнiң банкрот болғандығы туралы өтiнiші сотқа кәсiпкерлiк қызметтi тiркеу орны бойынша, ал егер мұндай қызмет тiркеусiз жүзеге асырылатын болса, оның азаматтық iс жүргiзу заңдарының ережелерi бойынша анықталатын тұрғылықты жерi бойынша, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - жеке кәсiпкерлердiң бiрiнiң тұрғылықты жерi бойынша берiледi.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң өз банкроттығы туралы өтiнiшiне - азамат, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - оның барлық қатысушылары немесе олардың өкiлдерi қол қояды және онда заңды тұлға борышкерiнiң банкроттығы туралы мәлiмдеуi үшiн белгiленген барлық қажеттi мәлiметтер, сондай-ақ жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметке байланысы жоқ мiндеттемелерi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Несие берушiнiң борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшi заңды тұлға несие берушiсiнiң мәлiмдеуi үшiн банкроттық туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Бап 40. 40-бап. Банкроттық туралы iстердi қозғау және қарау
40-бап. Банкроттық туралы iстердi қозғау және қарау Жеке кәсiпкердiң банкроттығы туралы iстердi қозғау мен қарау заңды тұлғалар үшiн белгiленген ережелер бойынша мынадай ерекшелiктермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) банкроттық туралы iстер несие берушiлердiң борышкерден талап ететiн сомасына қарамастан сотта қаралады;
Тармақша 2
2) банкроттық туралы iс бойынша iс қозғау, егер сот ұйғарымында өзгеше белгiленбесе, борышкердiң мүлкiне сырттан басқаруды енгiзуге әкелiп соқпауы мүмкiн;
Тармақша 3
3) борышкердiң банкроттығы кезiнде несие берушiнiң мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот iс бойынша iс қозғаған кезден бастап оның мүлкiн, оның iшiнде ортақ меншiктегi оның үлесiн жауып қояды, бұған кепiлдiк немесе үшiншi адамдар тарапынан борышкер мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудiң өзге әдiсi ұсынылған реттер қосылмайды;
Тармақша 4
4) борышкердiң арызы бойынша сот бiтiмгершiлiк келiсiмге жету не оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi қарау үшiн iстiң қаралуын бiр айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдыруы мүмкiн. Бiтiмгершiлiк келiсiм азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген ережелер бойынша жасалады, әрi бұл оны жасауға келiсiм бермеген несие берушiлерге қолданылуға тиiс емес;
Тармақша 5
5) борышкер осы баптың 4) тармақшасында көзделген мерзiмде несие берушiлер талаптарының қанағаттандырылғанының немесе қанағаттандырылу мүмкiндiгiнiң немесе бiтiмгершiлiк келiсiм жасалғанының дәлелдемелерiн табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарады;
Тармақша 6
6) борышкер-жеке кәсiпкердiң банкроттығы туралы iс бойынша iс қозғау ақша сомаларын өндiрiп алу туралы соттардың шешiмдерiн орындауға немесе борышкердiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысы жоқ мiндеттемелер бойынша оның мүлкiнен өндiрiп алуға кедергi болмайды;
Тармақша 7
7) кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, борышкерден ақша сомаларын өндiрiп алу туралы сот шешiмi немесе басқа орындаушылық құжаттар жоқ мiндеттемелердi орындау сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн тоқтатыла тұрады;
Тармақша 8
8) борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тануды сот өз бастамасы бойынша немесе мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртiп пен негiздерде жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) банкроттық туралы заңдарда заңды тұлғалар үшiн көзделген негiздер бойынша борышкер банкрот деп танылғанға дейiн мүлiк қайтарылған және оның мәмiлелерiнiң жарамсыздығы танылған кезде банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде жеке кәсiпкердiң жұбайына (зайыбына), тiкелей алдыңғы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне және олардың төменгi буындағы туыстарына, жұбайының (зайыбының) тiкелей алдыңғы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне берiлген мүлiктi қайтару талап етiлуi мүмкiн.
Бап 41. 41-бап. Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы iстер бойынша оңалту рәсiмi
41-бап. Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы iстер бойынша оңалту рәсiмi
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы туралы iс бойынша iс қозғалғаннан кейiн сот борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандыра алады.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы iстер бойынша оңалту рәсiмi банкроттық туралы заңдарда заңды тұлғалар үшiн белгiленген ережелер бойынша мынадай ерекшелiктердi сақтай отырып жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) оңалту жоспарын банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот кейiнге қалдырған кезден бастап бiр ай iшiнде борышкер-жеке кәсiпкер не оңалту басқарушысына кандидат әзiрлейдi және талап ету сомасы олардың талап ететiн жалпы сомасының кемiнде 2/3 бөлiгiн құрайтын конкурстық және кепiлдiк несие берушiлердiң келiсiмi болған жағдайда сот бекiтедi;
Тармақша 2
2) талап ету сомасы олардың талап ететiн жалпы сомасының кемiнде 2/3 бөлiгiн құрайтын кепiлдiк және конкурстық несие берушiлердiң келiсiмiмен сот оңалту басқарушысын тағайындамай, борышкердiң өз мүлкi мен iстерiн басқаруын сақтап қала алады.
Бап 42. 42-бап. Жеке кәсiпкердi банкрот деп танудың салдарлары
42-бап. Жеке кәсiпкердi банкрот деп танудың салдарлары
Тармақ 1
1. Сот жеке кәсiпкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған кезден бастап мынадай салдарлар болады:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi басталған болып саналады;
Тармақша 2
2) кәсiпкерлiк қызметке байланысты банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша өсiм мен проценттер есептеу тоқтатылады;
Тармақша 3
3) борышкерден барлық орындаушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу тоқтатылады, бұған өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтардың талаптары бойынша, сондай-ақ алименттер өндiрiп алу туралы талаптар бойынша орындаушылық құжаттар қосылмайды;
Тармақша 4
4) сот шешiмiмен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Сот орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарының бiрiнде жеке кәсiпкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыруда несие берушiлердiң сотқа талап беру мерзiмi көрсетiледi, ол хабарландыру жарияланған күннен бастап екi ай мерзiмнен кем болмауға тиiс.
Бап 43. 43-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қарау
43-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қарау
Тармақ 1
1. Сот несие берушiлердiң осы Заңның 42-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмдерде мәлiмделген талаптарын қарайды. Қарау нәтижелерi бойынша сот несие берушiлердiң мәлiмделген талаптарының мөлшерi және оларды қанағаттандыру тәртiбi туралы ұйғарым шығарады.
Тармақ 2
2. Сот ұйғарымында кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, тиiстi шешiм шығарылғанға дейiн сотқа берiлген мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру тәртiбi де белгiленедi.
Бап 44. 44-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
44-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
Тармақ 1
1. Сот депозитiне есептелген сомада несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн сот шығындары, сондай-ақ тағайындалған жағдайда әкiмшiге, оңалту, конкурстық басқарушыларға сыйақы төлеу жөнiндегi шығындар жабылады.
Тармақ 2
2. Несие берушiлердiң талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 21-бабында белгiленген кезек бойынша қанағаттандырылады.
Тармақ 3
3. Әртүрлi кезектегi несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандырудың көлемi мен тәртiбi "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген ережелер бойынша айқындалады.
Тармақ 4
4. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк борышкерге қайтарылады не бiрлескен кәсiпкерлiк жағдайында осы Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ережелер бойынша қатысушылар арасында бөлiнедi.
Бап 45. 45-бап. Жеке кәсiпкердiң өтелмеген мiндеттемелерi
45-бап. Жеке кәсiпкердiң өтелмеген мiндеттемелерi
Тармақ 1
1. Банкрот ден танылған борышкер несие берушiлермен есеп айырысып болғаннан кейiн кәсiпкерлiк қызметке байланысты қалған мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған тұлға өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.
Тармақ 2
2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысы жоқ мiндеттемелер жөнiндегi талаптар, егер мұндай талаптар конкурстық мүлiктен толық көлемiнде қанағаттандырылмаған болса, күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiмдер аяқталғаннан кейiн жеке адам ретiнде борышкерге өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынып қанағаттандырылған сомасына кемiтiледi.
Бап 46. 46-бап. Жеке кәсiпкердiң iсiн соттан тыс тарату
46-бап. Жеке кәсiпкердiң iсiн соттан тыс тарату
Тармақ 1
1. Жеке кәсiпкердiң iсiн соттан тыс тарату және оның борыштарын жою барлық несие берушiлермен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Кез келген несие берушi борышкермен жеке кәсiпкердiң iсiн соттан тыс тарату туралы келiсiм жасағаннан кейiн борышкердiң банкроттығы туралы арыз жазып сотқа жүгiне алады.
Тармақ 3
3. Жеке кәсiпкер iсiнiң соттан тыс таратылуы туралы борышкер орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарының бiрiнде хабарландыру жасауға және тiркеушi органға өзiнiң жеке кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы арыз беруге тиiс.
Тармақ 4
4. Несие берушiлермен жеке кәсiпкердiң iсiн соттан тыс тарату туралы келiсiм жасалған кезден бастап осы Заңның 46-бабының 1-тармағында көзделген салдарлар пайда болады.