Об общественных объединениях Қолданыста
Басқа 0
Оглавление
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi
7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi
8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)
9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi
2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату
10-бап. Қоғамдық бiрлестiктi құру
11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)
12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
15-бап. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiндегi үзiлiс
16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi
3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi
19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi
20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi
21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi
4-тарау. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
22-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
5-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды», «заң актілерінен», «заң актілерімен», «заңнамалық актілерімен», «Заң актілерінде», «заң актілері», «заң актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы», «заңдардан», «заңдарда», «заңдарымен», «Заңдарда», «заңдары», «заңдарына», «заңдарында», «заңдарда» деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Бап 2. 2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар, этномәдени қоғамдық бірлестіктер және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама
3-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама
Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заңдардан тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заңдарда белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелуі мүмкін.
Аталған қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелмеген қызметі осы Заңмен регламенттеледі.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.04.29 N 154-IV;
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы қолданылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеістер енгізілді - ҚР 2007.05.15 N 253, 2009.04.29 N 154-IV; 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылыққа қатысу; мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.
Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсiндегi қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі саяси партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтіретін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.02.23 N 33, 2010.04.29 № 272-IV; 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi
Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заңдары шеңберiнде жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.
Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.
Бап 7. 7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi
7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi
Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.
Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге астана, бір облыс және республикалық маңызы бар қала шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады.
Республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы бiрлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7-1. 7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер
7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер
Тармақ 1
1. Этномәдени бірлестік деп Қазақстан этностарының дәстүрін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым танылады.
Тармақ 2
2. Этномәдени бірлестіктің атауында «этномәдени бірлестік» деген сөздер қамтылуға тиіс, оларды этномәдени бірлестіктің атауында ғана пайдалануға жол беріледі.
Этномәдени бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышандары Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты таратылған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің атауы мен нышандарын толық немесе елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
Тармақ 3
3. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
Тармақ 4
4. Этномәдени бірлестіктер өз мақсаттарына жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында құрылатын достық үйлерімен өзара іс-қимыл жасайды.
📌 Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)
8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)
Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бiрлестiктер, түрiне қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бiрлестiктер одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiктер, соның iшiнде халықаралық бiрлестiктер одақтарының (қауымдастықтарының) қызметi мен мемлекеттiк тiркелу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Бап 9. 9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi
9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады.
Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату
2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату
Бап 10. 10-бап. Қоғамдық бiрлестiктi құру
10-бап. Қоғамдық бiрлестiктi құру
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының
кемінде үш адамнан
тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болып табылуы мүмкін.
Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезден бастап пайда болады.
📌 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)
11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)
Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.
Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болып табылуы мүмкін.
Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бiрлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) белгiленедi.
Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртiбi қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.
Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан, кәсіптік одақтардан шығуға
міндетті.
Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және
арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген жағдайда саяси партияға,
кәсіптік одақтарға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы
12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы
Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
Тармақша 1
1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;
Тармақша 2
2) қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережесi мен тәртiбi, мүшелердiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 3
3) қоғамдық бiрлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ;
Тармақша 4
4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын;
Тармақша 5
5) қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу көздерi, қоғамдық бiрлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөнiндегi құқықтары;
Тармақша 6
6) қоғамдық бiрлестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
Тармақша 7
7) қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi, қоғамдық бiрлестiк таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры.
Жарғыда қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн.
Жарғы қабылдау, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады.
Бап 13. 13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.
Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.03.23 N 39, 2001.12.24 N 276 Заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) есептiк тiркелуге тиiс.
Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүргiзедi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу аумақтық әдiлет органдарында жүргiзiледi.
Есептiк тiркеуден өту тәртiбi мен мерзiмдерi заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдармен реттеледi.
Бап 15. 15-бап. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiндегi үзiлiс
15-бап. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiндегi үзiлiс
Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiнде құрылтай құжаттарына сараптама жүргiзiлген, саяси партиялар мүшелерiнiң тiзiмдерi тексерiлген жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көрсетiлген негiздер бойынша үзiлiс жасалады.
Бап 16. 16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
Қоғамдық бiрлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру оның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық бiрлестiктi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Бап 18. 18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi
18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi
Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өз рәмiзi (жалауы, гимнi, эмблемасы, вымпелдерi, омырау белгiлерi) болуы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктердiң толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң, мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Peспубликасында тiркелген қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгін қайталамауға тиiс.
Қоғамдық бiрлестiк рәмiзінiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда бекiтiледi.
📌 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 67 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тарау 3. 3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi
3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi
Бап 19. 19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi
19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi
Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
- соттар мен басқа да мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
- баспа қызметiн жүзеге асыруға;
- халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiк:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
- ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;
- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi
20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi
Қоғамдық бiрлестiктер жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiндей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алады. Кәсiпкерлiк қызметтi қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысты қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшiн пайдаланылуға тиiс. Қоғамдық бiрлестiктердiң өз қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
Бап 21. 21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi
21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi
Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер оның меншiгi болып табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектiлер қосылмайды.
Қоғамдық бірлестіктің мүлкі, егер кіру жарналары мен мүшелік жарналарды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан, ерікті жарналар мен қайырмалдықтардан, жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуден түскен түсімдерден, өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған кірістерден және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да кірістерден қалыптасады.
Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) осы бiрлестiктерге өздері берген мүлікке, оның iшiнде мүшелік жарналарға құқықтары болмайды. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
4-тарау. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Бап 22. 22-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
22-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады.
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн бұған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық бiрлестiктердiң басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты болады.
📌 Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 15.05.2007 № 253 Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бiрлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, iшкi iстер органдарының ұсынулары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негiзiндегi сот шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Қоғамдық бірлестіктің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгіт пен насихат жүргізуге, бейбіт жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктің банктік салымдарды пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.
Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм аяқталған соң қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.
📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.02.2005 № 33; 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 24. 24-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары
24-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi өздерiнiң жарғыларына сәйкес халықаралық байланыстар орнатып, тиiстi келiсiмдер жасасуы, дiни бiрлестiктерден басқа халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кiруi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi жалпы жұрт таныған принциптер мен халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар мен тиiстi мемлекеттердiң заңдары негiзiнде шет мемлекеттерде өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құра алады.