О Президенте Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президентi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 05.06.2026 № 296-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi. Ескерту. Тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
Тарау i. I тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
I тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
Бап 1. 1-бап. Республика Президентi
1-бап. Республика Президентi
Тармақ 1
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Тармақ 2
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Тармақ 3
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 4
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Тармақ 5
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Бап 2. 2-бап. Республика Президентiн сайлау
2-бап. Республика Президентiн сайлау Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 3. 3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
Тармақ 1
1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Тармақ 2
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі. Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 3
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 378, 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
Тармақ 1
1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады.
Тармақ 1-1
1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін жеті жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. алып тасталды - ҚР 06.05.1999 N 378 Конституциялық заңымен.
Тармақ 4
4. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 378, 2007.06.19 N 265, 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
Тармақ 1
1. Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 19.06.2007 N 265 Конституциялық заңымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс. Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс. Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378 , 2007.06.19. N 265; 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
Тармақ 1
1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
Тармақ 2
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.
Тармақ 4
4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Тарау ii. II тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
II тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
Бап 7. 7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
Тармақ 1
1. Республика Президентi:
Тармақша 1
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
Тармақша 2
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 06.05.1999 N 378 Конституциялық заңымен.
Тармақша 4
4) бекiту грамоталарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 6
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 2
2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.
Тармақ 3
3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
Бап 8. 8-бап. Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi
8-бап. Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
Тармақша 3
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
Тармақша 4
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 5
5) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
Тармақша 7
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 8
8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады. 📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi
9-бап. Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
Тармақша 2
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенаттың он депутатын тағайындайды, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
Тармақша 3
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
Тармақша 4
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;
Тармақша 5
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
Тармақша 6
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
Тармақша 7
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
Тармақша 8
8) Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 53-бабының 1-2) тармақшасында және 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Президенттің қарсылығын еңсерсе, бір ай ішінде заңға қол қояды;
Тармақша 9
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;
Тармақша 9-1
9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;
Тармақша 10
10) заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi;
Тармақша 11
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
Тармақша 12
12) Республика Конституциясының 57-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда Yкімет мүшесiн қызметтен босатады;
Тармақша 13
13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378, 2006.12.11. N 200 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi
10-бап. Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде оның енгізген ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
Тармақша 4
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
Тармақша 5
5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін және мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;
Тармақша 6
6) ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
Тармақша 10
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
Тармақша 11
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
Тармақша 12
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
Тармақша 13
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
Тармақша 14
14) Республика Үкiметiне тапсырмалар бередi. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Республика Президентiнiң Конституциялық Сотқа қатысты өкiлеттiгi
11-бап. Республика Президентiнiң Конституциялық Сотқа қатысты өкiлеттiгi 📌 Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Парламент Сенатының келісімімен Конституциялық Соттың Төрағасын және Конституциялық Соттың төрт судьясын қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;
Тармақша 1-1
1-1) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;
Тармақша 2
2) Республика Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында және 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Сотқа өтiнiш жасайды.
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі
12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Республика Президенті:
Тармақша 1
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;
Тармақша 2
2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
Бап 13. 13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi
13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.
Бап 14. 14-бап. Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi
14-бап. Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды;
Тармақша 2
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi;
Тармақша 3
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөнiндегi хабарламасын тыңдайды. 📌 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
Бап 15. 15-бап. Республика Президентiнiң Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi
15-бап. Республика Президентiнiң Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есебiн тыңдайды. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
Бап 16. 16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері
16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері Республика Президентi:
Тармақша 1
1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды, оларды лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатуға құқылы;
Тармақша 2
2) Жоғары аудиторлық палата туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 3
3) тоқсанына кемiнде бiр рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378; жаңа редакцияда - ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi
17-бап. Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен тағайындайды;
Тармақша 2
2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Тармақша 3
3) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды;
Тармақша 4
4) өз қалауы бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне тиісті мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда, оларды лауазымынан босатуға құқылы.
Тармақша 4-1
4-1) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 17-1. 17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi
17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi
Тармақ 1
1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi.
Тармақ 2
2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi:
Тармақша 1
1) осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;
Тармақша 2
2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) аталған мемлекеттiк органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.
Тармақ 3
3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды. 📌 Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
Бап 18. 18-бап. Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi
18-бап. Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi
Тармақ 1
1. Республика Президентi конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы бойынша, Парламенттiң, Үкiметтiң немесе сан жағынан облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың бәрiн бiрдей дәрежеде бiлдiретiн Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екi жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 2
2. Республика Президентi Парламенттiң, Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының референдум өткiзу туралы бастамасы бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) референдум өткiзу туралы;
Тармақша 2
2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы;
Тармақша 3
3) референдум өткiзу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
Тармақ 3
3. Референдум бастамашыларының келiсiмiмен Республика Президентi оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының өз еркiн неғұрлым анық бiлдiруi үшiн референдумға ұсынылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымын нақтылауға хақылы. 📌 Ескерту. 18-бап толықтырылды - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
Бап 19. 19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi
19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Республика Президентi:
Тармақша 1
1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
Тармақша 3
3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 5
5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
Тармақша 6
6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;
Тармақша 7-1
7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;
Тармақша 8
8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;
Тармақша 9
9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады , таратады және қайта құрады;
Тармақша 10
10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
Тармақша 10-1
10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;
Тармақша 11
11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
Тармақша 12
12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Тарау iii. III тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi
III тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi
Бап 20. 20-бап. Республика Президентi актiлерiнiң нысандары
20-бап. Республика Президентi актiлерiнiң нысандары
Тармақ 1
1. Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Республика Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi, тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.
Тармақ 4
4. Республика Президентi тиiстi Жарлықтар мен өкiмдер шығаратын мәселелер тiзбесi осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша анықталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде өзiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң қандай акт нысанында, Жарлық немесе өкiм нысанында жүзеге асырылатындығын дербес анықтай алады. 📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Республика Президентiнiң жарлықтары
21-бап. Республика Президентiнiң жарлықтары
Тармақ 1
1. Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Тармақ 2
2. Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
Тармақша 1
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
Тармақша 3
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Тармақ 3
3. Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.
Бап 22. 22-бап. Республика Президентiнiң өкiмдерi
22-бап. Республика Президентiнiң өкiмдерi
Тармақ 1
1. Республика Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Тармақ 2
2. Республика Президентiнiң өкiмдерiмен:
Тармақша 1
1) әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Бап 23. 23-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгiзу
23-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгiзу
Тармақ 1
1. Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындауды мыналар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Президент Әкімшілігі және Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар;
Тармақша 2
2) Республика Үкiметi;
Тармақша 3
3) Жоғарғы Сот;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар.
Тармақ 2
2. Республика Президентiнiң қарауына енгiзiлетiн актiлердiң жобалары:
Тармақша 1
1) қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң қарауына енгiзiледi;
Тармақша 2
2) заң техникасы мен iс жүргiзу талаптарына сай келуге тиiс.
Тармақ 3
3. Президент шығарған актiлердi нөмiрлеу Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмiне жүргiзiледi. Президент актiлерiнiң түпнұсқалары мен оған қосымша материалдар Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнде сақталады және заңда белгiленген мерзiм аяқталған соң Республика Президентiнiң Архивiне жiберiледi.
Тармақ 4
4. Президент актiлерiнiң жобаларын дайындаудың заңмен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын және оларды Мемлекет Басшысының қарауына ұсынылуын бақылауды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Республика Президентiнiң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртiбi
24-бап. Республика Президентiнiң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртiбi
Тармақ 1
1. Өзгертулер мен толықтырулар:
Тармақша 1
1) Республика Президентiнiң жарлықтарына Президент жарлықтарымен енгiзiледi;
Тармақша 2
2) Республика Президентiнiң өкiмдерiне Республика Президентiнiң өкiмдерiмен енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Республика Президентi жарлықтарының күшiн жою Республика Президентi жарлықтарымен, Республика Президентi өкiмдерiнiң күшiн жою Республика Президентiнiң жарлықтарымен және өкiмдерiмен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Республика Президентiнiң бiрдей заң күшi бар актiлерiнiң арасында алшақтық туындаған жағдайда, егер Республика Президентiнiң тиiстi актiсiнде өзгеше көзделмесе, кейiнiрек күшiне енген акт басшылыққа алынуға тиiс.
Бап 25. 25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi
25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi
Тармақ 1
1. Президенттiң нормативтiк сипаты бар актiлерi, егер Президент өзгеше белгiлемесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң Республиканың бүкiл аумағында бiр мезгiлде күшiне енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Нормативтiк сипаты жоқ Президент актiлерi, егер Президент өзгеше белгiлемесе, оларға қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Президенттің актiлерi "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми жариялануға жатады.
Тармақ 4
4. Президент актiлерi, сол сияқты өзге де баспа органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы, Интернетте жария етiлуi, телеграф, телефакс арқылы берiлуi, тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына таратылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Республиканың мемлекеттiк құпиялары немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиясы баяндалған Президент актiлерi жариялауға жатпайды. Мұндай актiлердiң тұпнұсқаларында құпиялық белгiсi қойылады және олар белгiленген тәртiппен өздерiнiң күшi қолданылатын органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың назарына жеткiзiледi. Президенттiң аталған актiлерiнiң мазмұны белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында баяндалуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Тарау iv. IV тарау Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
IV тарау Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
Бап 26. 26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
Тармақ 1
1. Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды. 📌 Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
Бап 27. 27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы
27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына ауысады; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өзiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адамның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларға бастамашы болуға құқығы жоқ. 📌 Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
Тарау v. V тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету
V тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету
Бап 28. 28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету
28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 29. 29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы
29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы
Тармақ 1
1. Республика Президентiнiң жалақысы заңдарда белгiленген тәртiппен анықталады.
Тармақ 2
2. Республика Президентiне жыл сайын қырық бес күнтiзбелiк күн мерзiмiне ақылы еңбек демалысы берiледi.
Бап 30. 30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету
30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Республика Президентi қызметiнде болған кезеңге осы қызметке сайланған тұлға Республика аумағында резиденциялармен, Республика астанасында қызмет пәтерiмен және мемлекеттiк саяжаймен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Республика Президентi арнайы мақсаттағы автокөлiкпен, арнайы жабдықталған ұшақтармен және тiкұшақтармен, сондай-ақ арнайы жабдықталған көлiк құралдарының өзге де түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 3
3. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне сәйкес Мемлекеттік күзет қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз етедi.
Тармақ 4
4. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы қамтамасыз етедi.
Тармақ 5
5. Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi Мемлекеттік күзет қызметi жүзеге асырады.
Тармақ 5-1
5-1. Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентiнiң жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады. 📌 Ескерту. 30-бап 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 31. 31-бап. Республика Президентiн күзету
31-бап. Республика Президентiн күзету
Тармақ 1
1. Республика Президентiн күзету Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.
Тармақ 2
2. Республика Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да отбасы мүшелерi күзетiлуге тиiс. 📌 Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 32. 32-бап. Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi
32-бап. Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi мемлекеттiк орган болып табылады, оған мыналар жүктеледi:
Тармақша 1
1) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру;
Тармақша 3
3) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 4
4) Мемлекет Басшысы белгiлейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Бап 33. 33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк- кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар
33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк- кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар
Тармақ 1
1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады.
Тармақ 2
2. Республика Президенті:
Тармақша 1
1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады;
Тармақша 2
2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды;
Тармақша 3
3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 4
4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін тыңдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру және оның өкілеттіктері заңда айқындалады. 📌 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Тарау vi. VI тарау Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
VI тарау Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
Бап 34. 34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi
34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi 📌 Ескерту. 34-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Тармақ 1
1. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Тармақ 3
3. Республиканың экс-Президентi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуiне, Республиканың мемлекеттiк мерекелерiне арналған салтанатты мәжiлiстерге және мемлекет өткiзетiн өзге де iс-шараларға қатысуға хақылы.
Тармақ 4
4. Республиканың экс-Президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика экс-Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады. 📌 Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 35. 35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету
35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Республиканың экс-Президентiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Республиканың экс-Президентiне өмiр бойы:
Тармақша 1
1) Республика Президентiнiң шешiмiмен Республика Президентi лауазымдық жалақысының сексен процентi мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Республика экс-Президентiнiң осы Конституциялық заңның шарттарымен белгiленген зейнетақысы Республика Президентiнiң лауазымдық жалақысының өсуi ескерiлiп, арттырылып отырады;
Тармақша 2
2) қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 06.05.1999 N 378 Конституциялық заңымен.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің меншігінде болады. 📌 Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 378 Конституциялық заңымен.
Бап 36. 36-бап. Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi
36-бап. Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi Республиканың экс-Президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң Республика Президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
Тарау vii. VII тарау Қорытынды ережелер
VII тарау Қорытынды ережелер
Бап 37. 37-бап. Өзге заң актiлерiнiң Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылуы
37-бап. Өзге заң актiлерiнiң Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылуы Республика Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасының нормалары қолданылмайды. 📌 Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.04.2023 № 225-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 38. 38-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне ену тәртiбi
38-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне ену тәртiбi Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 📌 Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.