О Правительстве Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мазмұны I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi 2-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiк мерзiмi 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуi 6-бап. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiгiн тоқтату 7-бап. Алып тасталды - ҚР 19.06.2007 № 267 Конституциялық Заңымен 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында болуға байланысты шектеулер II ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI 9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актiлерi 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің есептiлiгi мен жауапкершiлiгi III ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 12-бап. Қазақстан Республикасының Президентімен қарым-қатынасы 13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы 14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы 15-бап. Алып тасталды. 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы IV ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ 18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары 19-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерi 21-бап. Алып тасталды - ҚР 06.05.1999 № 379 Конституциялық Заңымен 21-1-бап. Алып тасталды - ҚР 30.12.2020 № 392-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен 22-бап. Республика министрлiгi 23-бап. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен 24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы 25-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету 26-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар 27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Республика Үкіметі», «Республика Конституциясының», «Республиканың», «Республика Президенті», «Республика Премьер-Министрі», «Республика Президентіне», «Республика Үкіметінің», «Республика Президентінің», «Республика Конституциясында», «Республика Президентімен», «Республика Премьер-Министрінің», «Республика заңдарының», «Республика заңдарын», «Республика атқарушы», «Республика Үкіметіне», «Республика министрлігі» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Үкіметі», «Қазақстан Республикасы Конституциясының», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан Республикасының Президентімен», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің», «Қазақстан Республикасы заңдарының», «Қазақстан Республикасының заңдарын», «Қазақстан Республикасы атқарушы», «Қазақстан Республикасының Үкіметіне», «Қазақстан Республикасының министрлігі» деген сөздермен ауыстырылды; «Парламент Мәжілісінің», «Республика Парламенті Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі немесе Парламент», «Парламентке», «Парламент қабылдаған», «Парламент заңдарды», «Парламенттің», «Республика Парламентімен», «Парламент Мәжілісінде», «Парламент депутаттарының», «Парламентпен», «Парламент Мәжілісімен» деген сөздер тиісінше «Құрылтайдың», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай», «Құрылтайға», «Құрылтай қабылдаған», «Құрылтай заңдарды», «Құрылтайдың», «Қазақстан Республикасының Құрылтайымен», «Құрылтайда», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтаймен», «Құрылтаймен» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық Заңымен. Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi. Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен.
Тарау i. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi
1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi
2-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi Үкiмет Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. 📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
Тармақ 1
1. Үкiметтi Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
Тармақ 2
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне енгiзедi.
Тармақ 3
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды.
Тармақ 4
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республикасының Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары кiредi. 📌 Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 3-1. 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi
3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан Республикасының халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi: "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".
Тармақ 2
2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Қазақстан Республикасының Президенті өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды. 📌 Ескерту. Жаңа 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiк мерзiмi
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiк мерзiмi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.
Тармақ 2
2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі өз мiндеттерiн атқара бередi.
Тармақ 4
4. Үкiмет осы Конституциялық заңның 5 және 6-баптарында көзделген Үкiмет орнынан түскен және өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайларда да өз өкілеттігін доғарады. 📌 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуi
Тармақ 1
1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Қазақстан Республикасының Президентіне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда Құрылтай Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Қазақстан Республикасының Президентіне мәлiмдейдi. Қазақстан Республикасының Президенті орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
Тармақ 3
3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Тармақ 4
4. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған кезде Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I; 2007.06.19. N 267; 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiгiн тоқтату
6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiгiн тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
Тармақ 2
2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Тармақ 2-1
2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. 📌 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен.
Бап 7. 7-бап.
7-бап. 📌 Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында болуға байланысты шектеулер
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында болуға байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң:
Тармақша 1
1) өкiлдi органның депутаттары болуға;
Тармақша 2
2) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. 📌 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 267; 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Тарау ii. II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдайды;
Тармақша 5
5) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-1
5-1) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
Тармақша 5-2
5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды;
Тармақша 5-3
5-3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жасақтау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
Тармақша 8
8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын қалыптастырады;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 13
13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 15
15) келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 238-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 85-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актiлерi
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актiлерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Құрылтай қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заңдарды қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.
Тармақ 2
2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен қабылданады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
Тармақ 4
4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының, Үкiмет қаулылары мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
Тармақ 5
5. Үкiмет қаулылар мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.
Тармақ 5-1
5-1. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалатын тәртіппен әзірленеді және қабылданады.
Тармақ 6
6. Үкiмет қаулыларының күшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі жоя алады.
Тармақ 7
7. Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі және Премьер-Министрi жоя алады. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I; 2007.06.19 N 267; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің есептiлiгi мен жауапкершiлiгi
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің есептiлiгi мен жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Үкiмет өзiнiң қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Қазақстан Республикасы Президентінің және Құрылтайдың алдында жауапты.
Тармақ 2
2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Үкімет мүшелері Құрылтайға есеп береді. 📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I; 2007.06.19 N 267; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Тарау iii. III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасының Президентімен қарым-қатынасы
12-бап. Қазақстан Республикасының Президентімен қарым-қатынасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы Президентке тұрақты түрде ақпарат беріп отырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Қазақстан Республикасының Құрылтайымен қарым-қатынасы
13-бап. Қазақстан Республикасының Құрылтайымен қарым-қатынасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Құрылтайдың жүзеге асырылады. Заң жобасын енгізу туралы шешім Үкіметтің тиісті қаулысын шығару арқылы қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
Тармақша 2
2) Құрылтайға республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
Тармақша 4
4) Құрылтай депутаттарының сұрауларына жауап бередi. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы
14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) министрліктердің қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) министрлердiң ұсынуы бойынша министрлiктер туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) министрліктер актiлерiнiң толық немесе бір бөлiгiнде күшiн жояды немесе қолданылуын тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 15. 15-бап.
15-бап. 📌 Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы
16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныстар енгiзедi;
Тармақ 2
2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкiметiне мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Бап 17. 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi.
Тарау iv. IV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
IV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 18. 18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары
Тармақ 1
1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.
Тармақ 2
2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президенті шақырады.
Тармақ 3
3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қараған кезде қажеттігіне қарай оның отырыстарында Қазақстан Республикасының Президенті төрағалық етедi.
Тармақ 4
4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi. 📌 Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 19. 19-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
19-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
Тармақша 1
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентімен, Құрылтаймен, Қазақстан Халық Кеңесімен, Конституциялық Сотпен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
Тармақша 3
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Құрылтаймен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
Тармақша 6
6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Құрылтайға баяндап отырады;
Тармақша 7
7) Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
Тармақша 8
8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады;
Тармақша 9
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
Тармақ 2
2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады. 📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен; 2004.11.24 N 604 (01.01. 2005 бастап күшіне енеді) Заңымен, 2007.06.19 N 267; 29.09.2014 N 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерi
20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерi
Тармақ 1
1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Үкімет мүшелері:
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
Тармақша 6
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.
Тармақ 3
3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. N 267; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 21. 21-бап.
21-бап. 📌 Ескерту. 21-бап алып тасталды - ҚР 06.05.1999 N 379-I Конституциялық Заңымен.
Бап 21-1. 21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы
21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы 📌 Ескерту. 21-1-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2020 № 392-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 22. 22-бап. Қазақстан Республикасының министрлігі
22-бап. Қазақстан Республикасының министрлігі
Тармақ 1
1. Министрлік Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Тармақ 2-1
2-1. Министрлiк Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
Тармақ 2-2
2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі. Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді. Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.
Тармақ 3
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
Тармақ 4
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi. 📌 Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.1999 N 379-I Заңымен; 2007.06.19 № 267; 29.09.2014 № 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 392-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 23. 23-бап. Үкiметтің құрамына кірмейтiн орталық атқарушы орган
23-бап. Үкiметтің құрамына кірмейтiн орталық атқарушы орган 📌 Ескерту. 23-бап алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 24. 24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Тармақ 3
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 4
4. Ведомство Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
Тармақ 5
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды. 📌 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 № 267 Конституциялық Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 392-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 25. 25-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
25-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды лауазымдарға тағайындау мен лауазымдарынан босатудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 📌 Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.05.1999 N 379-I; өзгерістер енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
26-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар Үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
Тармақ 2
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
Тармақ 3
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Бап 27. 27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.