1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен (қайта тіркеумен) және банк операцияларын жүргiзуге
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.
3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
3-1. Қазақстан Республикасында қалқа-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154, 1999.07.16 № 436, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-1/