Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн не осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін заңды күшi болады.
3. Банк ашуға берiлген рұқсат:
1) банк қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде банк ретінде Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу корпорациясынан өтпеген;
4) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы. Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 1997.07.11. N 154, өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10. N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.