Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. 2. Банктің құрылтай шарты мен жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мәліметтер мен ережелер міндетті түрде қамтылуға тиіс.
3. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2003.05.16 N 416, 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.