21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-21/