28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк қайта тіркеу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға Корпорацияның белгiсi мен мөрi соғылған құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда банк Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16. N 436; 2001.03.02. N 162; 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-28/