4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған жері танылады.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-4-1/