48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметi процесінде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы
2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау;
2) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға болмағанда, банк холдингі, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға мәртебесін кері қайтарып алу;
3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда), тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің, банк холдингінің не банк холдингі бас ұйымының не ірі қатысушының – жеке тұлғаның болмауы;
4) банк операцияларын қолданыстағы заңнама нормаларын үнемі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
5) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашып көрсету жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар жасауға осы Заңның 40-бабында белгiленген тыйым салуды бұзу;
7) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
8) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;
9) осы Заңның 8-бабының шарттарына сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтi жүзеге асыру;
10) банктің осы Заңда, банк жарғысында және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияда белгiленген өзiнiң құқық қабiлетi шегiнен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
11) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметтi өздерiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
12) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның
қызметті берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы;
13) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру
және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
13-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізуге кедергі келтіруі;
14) соттың банк қызметiн тоқтату туралы шешiмді қабылдауы;
15) уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының орындамауы;
16) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу;
17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
18) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағанда жүзеге асыратын мәні бойынша банк операцияларына және өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясының (рұқсаттың) қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;
18-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалын ашуға келісімді (рұқсатты) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай келісім (рұқсат) талап етілетін жағдайда кері қайтарып алуы немесе оның күшін жоюы;
18-2) лицензияны беруге негіз болған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі;
19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.
1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
1-2. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-3. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.
2. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданудың мақсатқа лайықтығын айқындау және санкцияны таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға тигізетін әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы;
7) төлемге қабілетсіз банкке реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі.
3. Алып тасталды - ҚР 08.12.1997 N 200 (01.01.1998 бастап қоданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 № 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 1997.07.11 № 154; 1997.08.12 № 200; 1999.07.16 № 436; 2001.03.02 № 162; 2003.07.10 № 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2005.07.08 № 69; 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 40) тармақшасының үшінші – тоғызыншы, он төртінші – жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-48/