Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

Ислам банкінің пайыз түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.