Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Талап етуге дейінгі пайызсыз депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын пайыз түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап етуге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиент талаптарының түсуі бойынша депозитті немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің пайызсыз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережелері қолданылады.
2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз белгілі бір мерзімге қабылдауға, олар бойынша табысты инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны пайдалану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлікпен басқарушының - ислам банкінің сыйақыны айқындау және есептеп шығару тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктері бар мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады. Инвестициялық депозит туралы шартты жасасу кезінде ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.
3. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптарында сенімгерлікпен басқарушының - клиенттің сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі, ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуға тиіс.
4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен кіріс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болған жағдайда, ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бір бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозит шығынды болған кезде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде кіріс болмаған кезде) сыйақы алу құқығын жоғалтады.
4-1. Ислам банкінің тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде кіріс алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша кірістің және (немесе) ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.
5. Клиент өз талабы бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде, егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, табыс алу құқығынан айрылады.
6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын оларды біріктіру құқығынсыз өзге клиенттердің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
7. Ислам банкі ақшаны пайдаланудың тәртібі мен нәтижелерін анықтау, оның ішінде ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін, мұндай пайдаланудан түскен табыстың немесе залалдың мөлшерін, ислам банкі сыйақысының мөлшерін анықтау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.
8. Клиенттің талабы бойынша ислам банкі инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану туралы есепті табыс етуге міндетті.
9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент ислам банкінің ақшаны орналастыруға байланысты туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ ақша салынған активтер құнының кемуіне байланысты инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде залалдар тәуекелін көтереді.
10. Ислам банкі инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар өз кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар үшін жауап бермейді. Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар ислам банкінің кінәсінен болса, ислам банкі осындай залалдардың туындағаны туралы клиентке хабарлауға міндетті. Ескерту. 52-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).