Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады. Банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдасы мен шығыны туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды. Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялайды. Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлiк есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті; Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық ұйым онда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкiлеттi органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының интернет-ресурсында уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, тоқсан сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 , 1999.07.16 N 436 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.06.11 N 562 , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139 , 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.