59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Банкті қайта құрылымдау деп банктің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін банкті қайта құрылымдау жоспарының (бұдан әрі - қайта құрылымдау жоспары) негізінде банк іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешені түсініледі.
Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
Осы тараудың ережелері банктің уәкілетті органның талабы бойынша активтерді және (немесе) міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылмайды.
Ескерту. 59-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-59-1/