Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің қаржылық жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн уәкілетті органның шешiмi бойынша мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана консервациялауға ұшыруы мүмкін. Банк холдингі мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің орындалмауы;
2) қатарынан екі және одан кейінгі тоқсандарда теріс меншікті капиталдың болуы.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу банк холдингін басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын уәкілетті органның шектеулi (бiр жылға дейiнгі) мерзiмге тағайындауын көздейді.
4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. Көрсетілген шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.
6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады. Ескерту. 8-тарау 67-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.