Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

71-бап. Банктi банкрот деп тану

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банктiң төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, есеп айырысу әдiстемелерiн, банк капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде банк орындамаған, банктегі ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып белгіленеді. Банк ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.
2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi. Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10. N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.