Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді. Тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
1-2. Банктің тарату конкурстық массасына бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету ақысы банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін енгізілмейді.
2. Таратудың конкурстық массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшiн сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнаулы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттер, инвестициялық қордың активтерi, арнаулы қаржы компаниясының бөлінген активтері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнаулы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа ислам банкіне беруге тиіс. Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Ескерту. 74-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.06.29 N 236, 2003.06.03 N 427, 2004.07.07 N 577, 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.