75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
2.1.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және
уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері (1, 3, 5, 5-1, 10, 10-1, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 16-1, 16-2, 16-3, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 28, 47-1, 48-1, 52-4, 52-7, 52-9, 52-13, 52-14, 52-15, 52-16, 52-17, 54-1, 59-1, 59-2, 59-3, 60, 60-1, 61, 61-2, 61-4, 61-9, 61-10, 61-11, 61-12, 61-13, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 67-1, 68, 68-1, 70, 71, 72, 74, 74-1, 74-3, 76-1, 78-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 8-1, 20, 26, 27, 30, 31, 31-1, 34, 35, 36, 39, 40, 40-5, 45, 45-1, 50, 52-12, 56, 57, 61-5, 61-6, 61-7, 73-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154; 2001.03.02 № 162; 2003.07.10 № 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-75/