Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

77-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкiн. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы, банкті өзінің депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, оған реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімдеріне, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтата тұрмайды. Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді. Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.