Об иностранных инвестициях Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелдiк инвестициялар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңымен. Осы Заң шетелдiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, шетелдiк инвестицияларды қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн бекiтедi, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдiк инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау i. I тарау. Жалпы ережелер
I тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Негiзгi терминдер мен ұғымдар
1-бап. Негiзгi терминдер мен ұғымдар "Инвестициялар" - табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктiк және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi, оның iшiнде: - жылжитын және жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар, ұстап қалу құқығы, импортталған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары; - акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары; - облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер; - ақша сомаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету; - авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi, өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, нормативтiк-техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқық; - қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзге де нысанда берген кез-келген құқық; "Инвестициялау" пайда (табыс) алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне шетелдiк инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты қызмет. "Шетелдік инвестициялар" - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу, сондай-ақ оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына заемдар (несиелер) беру нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру. "Шетелдiк инвестор" : - шетелдiк заңды тұлғалар; - шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек; - шет мемлекеттер; - халықаралық ұйымдар; оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары. "Ұлттық инвестор" - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлға және (немесе) Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы. "Шетелдiк заңды тұлға" - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.) "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған заңды тұлға (соның iшiнде шетел қатысатын кәсiпорын). "Шетел қатысатын кәсiпорын" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен кәсiпорын нысанында iс-қимыл жасайтын заңды тұлға. "Шетелдiк кәсiпорын" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. "Бiрлескен кәсiпорын" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. "Кiрiстер" - пайданы, дивидендтердi, кәсiпорынды басқарғаны, техникалық қызмет көрсеткенi үшiн сыйақыны және басқа да кез келген табыстарды қоса алғанда, ақшалай немесе заттай нысандағы инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған қаражат. "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган" - заң және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасы атынан әрекет жасауға хақылы мемлекеттiк орган. "Инвестициялық дау" - шетелдiк инвестор мен Қазақстан Республикасының атынан уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар арасында шетелдiк инвестициялауға байланысты туындайтын кез келген дау, оның iшiнде: - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында немесе қолданылып жүрген құқықта көзделген шетелдiк инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн бұзатын әрекеттерiне; - Қазақстан Республикасының шетелдiк инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы заңдарын бұзатын шетелдiк инвесторлардың әрекеттерiне; - Қазақстан Республикасы мен шетелдiк инвестор арасындағы кез келген келiсiмге; - шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты дау. "Қолданылатын құқық" - егер инвестормен жасалған келiсiм-шарт ережелерiнде немесе өзге де келiсiмде тiкелей өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының құқығы. Заң актiлерiнде қолданылатын құқық ретiнде тек Қазақстан Республикасының құқығы ғана алынатын жағдайлар көзделуi мүмкiн. "Тікелей шетелдік инвестициялар" - оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар жаңадан құрылған және жұмыс істеп жатқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялар. "Портфельдік шетелдік инвестициялар" - шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялардың өзге де түрлері. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi және жаңа абзацтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi және жаңа абзацтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 466 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 1-баптың 3-бөлігі толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Шетелдiк инвестициялардың объектiлерi
2-бап. Шетелдiк инвестициялардың объектiлерi Шетелдiк инвестициялар Қазақстан Республикасының заң құжаттарында осындай инвестицияларға тыйым салынбаған кез келген объектiлерге және қызмет түрлерiне салынуы мүмкiн.
Бап 3. 3-бап. Заңның қолданылу аясы
3-бап. Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк инвестицияларға байланысты қатынастар осы Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен реттеледi.
Тармақ 2
2. Заемдар, несиелер, нысаналы банк және қаржы салықтарын беруге байланысты, Портфельдік инвестициялармен жүзеге асырылатын заемдар, несиелер, нысаналы банк және қаржы салымдарын беруге байланысты, сондай-ақ шетелдегi ұлттық инвесторлардың инвестицияларына байланысты қатынастар арнаулы заңдармен реттеледi. Осы қатынастарды реттейтiн заң актiлерi қабылданғанға дейiн, егер мұның өзi қатынастардың мәнiне қайшы келмесе, оларға осы Заңның нормалары қолданылады. Егер арнаулы экономикалық аймақтар туралы заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, еркiн экономикалық аймақтарда шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыруға осы Заңның қалыптары қолданылады.
Тармақ 3
3. Экономиканың басым секторларындағы инвестициялық қызметтi мемлекеттiк қолдау процесiнде туындайтын қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен реттеледi.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 3-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 466 Заңымен .
Тарау ii. II тарау. Шетелдiк инвестицияларға берiлетiн кепiлдiктер
II тарау. Шетелдiк инвестицияларға берiлетiн кепiлдiктер
Бап 4. 4-бап. Шетелдiк инвестициялардың құқықтық режимi
4-бап. Шетелдiк инвестициялардың құқықтық режимi
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвестициялардың кез келген нысандары мен соларға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған қызмет осындай жағдайда Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының немесе заңды тұлғаларының, не өзге де кез келген шетелдiк жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың инвестицияларына қаншалықты қолайлы жағдайлар жасалатынына қарай, олардан қолайлылығы жағынан кем түспейтiн жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бұл режим:
Тармақша а
а) басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларына осы мемлекеттермен, не халықаралық конвенцияларға сол мемлекеттермен бiрлесiп қатысу арқылы жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы беретiн артықшылықтарға;
Тармақша б
б)
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасының заң құжаттарында тiкелей көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Экономика мен әлеуметтiк саланың басымдық берiлген салаларында шетелдiк инвестициялар үшiн белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгiне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шетелдiк инвесторлардың немесе шетел қатысатын кәсiпорындардың инвестициялық қызметi шектелетiн немесе оған тыйым салынатын аумақтар белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 27-баптарында көзделген шетелдiк инвесторларға арналған кепiлдiктер жарғылық қорындағы шетелдiк инвесторлардың үлесi кемiнде 35 процент немесе ақшаға балағанда кемiнде 1 миллион АҚШ долларын құрайтын шетел қатысатын кәсiпорындардың мүдделерiн қорғауға да қолданылады. 📌 Ескерту. 4-баптың 4-тармағына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2488 жарлығымен. ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан   Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 5. 5-бап. <*>
5-бап. <*> 📌 ЕСКЕРТУ. 5-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Заңдар өзгерген жағдайдағы кепiлдiктер
6-бап. Заңдар өзгерген жағдайдағы кепiлдiктер
Тармақ 1
1. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы нашарлаған ретте шетелдiк инвестицияларға 10 жыл бойы инвестицияларды жүзеге асырған кезде қолданылған заңдар қолданылады, ал мемлекет уәкiлдiк берген органдармен жасалған ұзақ мерзiмдi (10 жылдан астам) келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын инвестицияларға, егер келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, келiсiм-шарт қолданылатын мерзiм аяқталғанға дейiн қолданылады. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы жақсарған ретте шетелдiк инвестор мен республиканың өкiлi болып табылатын уәкiлеттi мемлекеттiк органның арасындағы келiсiм-шарттардың жекелеген ережелерi қатысушылардың экономикалық мүдделерiн теңдестiруге қол жеткiзу мақсатымен тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Лицензия негiзiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы баптың бiрiншi тармағында көзделген кепiлдiк бiрiншi тармақта белгiленген мерзiм iшiнде - лицензияның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн, ал оны ұзартқан жағдайда лицензия ұзартылған мерзiм аяқталғанға дейiн сақталады.
Тармақ 3
3. Бұл талаптар қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк пен денсаулық сақтау және адамгершiлiк аясындағы Қазақстан Республикасы заңдарына енгiзiлген өзгерiстерге қолданылмайды. Заңдарға осы салаларда шетелдiк инвестордың жағдайын нашарлататын өзгерiстер енгiзiлген кезде шетелдiк инвесторға инвестицияланған валютаға, не шетелдiк инвестордың Қазақстан Республикасымен келiсiмiнде белгiленген шетелдiк валютаға пара-пар және тиiмдi өтем кiдiрiссiз төленуге тиiс.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында белгiленген кепiлдiктер акцизделетiн тауарларды импорттау мен (немесе) өндiру, және (немесе) өткiзу, сондай-ақ өңдемей сатуға арналған тауарларды импорттау тәртiбi мен шарттарын (оның iшiнде салық салу мәселелерi мен мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын) өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiне енуiне және (немесе) өзгерiстерiне қолданылмайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен .
Бап 7. 7-бап. Экспроприациялаудан қорғау кепiлдiктерi
7-бап. Экспроприациялаудан қорғау кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға немесе оларға ұлт меншiгiне алу мен экспроприациялау (бұдан әрi - экспроприациялау) сияқты зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға болмайды, бұған экспроприациялау тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және пара-пар әрi тиiмдi өтем кемсiтпей дереу төленетiн жағдайлар қосылмайды.
Тармақ 2
2. Экспроприацияланатын инвестициялардың өтемi инвесторға экспроприациялау туралы белгiлi болған кездегi әдiлеттi рыноктық құнға тең болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Өтем экспроприация күнiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн ставка бойынша өтем төленетiн күнге дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiстi ақшаны пайдалану үшiн төленетiн ақыны қамтуға тиiс. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекетiнен қорғау кепiлдiктерi
8-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекетiнен қорғау кепiлдiктерi Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзып қабылдаған және шетелдiк инвестордың құқықтық жағдайын нашарлататын актiлерiнiң заңды күшi болмайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Шетелдiк инвесторларға өтем төлеу және зиянының орнын толтыру
9-бап. Шетелдiк инвесторларға өтем төлеу және зиянының орнын толтыру
Тармақ 1
1. Инвестицияларына соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, революцияның, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе сондай жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ заңсыз қалыпты құжаттар мен шешiмдер қабылдауға немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасында нұқсан келтiрiлген шетелдiк инвесторларға өтем төлеген кезде қолайлылығы жағынан жоғарыда көрсетiлген жағдайлар салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары зиянының орнын толтыруда қолданылатыннан кем емес режим жасалады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 8-бабында аталған органдар мен адамдардың әрекеттерiмен шетелдiк инвесторлардың шаруашылық қызметiн заңсыз кiдiрту, шектеу немесе тоқтату арқылы келтiрiлген зиян оған инвестиция жасалған валютамен немесе онымен келiсiлген басқа валютамен заңсыз шешiм қабылдаған орган қаржыландырылған бюджет есебiнен осы Заңның 7-бабында көзделген көлемде және тәртiпте өтеледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 9-баптың 2-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
10-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвесторлар өз қызметiнен алған кiрiстердi өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қайта инвестициялау үшiн, тауарлар сатып алу үшiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да мақсаттар үшiн пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Шетелдiк инвесторлар кiрiстерi мен басқа да қаражаттарын сақтау және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының банкiлер туралы және валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкiлерде ұлттық және шетелдiк валютамен есепшот ашуға құқылы.
Бап 11. 11-бап. Жеке валюта қаражатын пайдалану кепiлдiктерi
11-бап. Жеке валюта қаражатын пайдалану кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвесторлар валюта операцияларын осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рәсiмдерге сәйкес салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленген жағдайда, шетелдiк инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасына және одан шетелдiк валютамен ақша аударымдарының бәрi еркiн және кiдiрiссiз жүзеге асырылады. Мынадай аудармаларға, атап айтқанда, мыналар енгiзiледi:
Тармақша а
а) кiрiстер;
Тармақша б
б) келтiрiлген зиян үшiн алынған өтемдер мен төлемдер;
Тармақша в
в) өз мүлкiн сатудан алынған қаражат;
Тармақша г
г) инвестициялардың бiр бөлiгiн немесе бәрiн сатудан немесе жойып жiберуден түскен ақша;
Тармақша д
д) басқа да көздерден заңды түрде алынған қаражат. Шетел қатысатын кәсiпорын валюталық реттеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша шетел валютасымен есеп айырыса алады. Шетелдiк инвестор мен шетел қатысатын кәсiпорын өзiне тиесiлi ұлттық валютаға еркiн билiк жүргiзуге хақылы. 📌 ЕСКЕРТУ. 11-баптың 2-тармағының 8-9-азатжолдары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 12. 12-бап. Шетелдiк инвесторлардың қызметiндегi жариялылық
12-бап. Шетелдiк инвесторлардың қызметiндегi жариялылық
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвестицияларға қатысты барлық қалыпты құжаттар, сондай-ақ сот шешiмдерi мүдделi адамдар таныса алатын болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты есептемегенде, заңды тұлғаларды тiркеу туралы, олардың жарғылары туралы, қозғалмайтын мүлiктер жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу туралы, берiлген лицензиялар туралы ақпаратпен шетелдiк инвесторлардың еркiн танысуы қамтамасыз етiледi.
Бап 13. 13-бап. Мемлекеттiк тексеру кезiндегi кепiлдiктер
13-бап. Мемлекеттiк тексеру кезiндегi кепiлдiктер
Тармақ 1
1. Шетелдiк инвестордың қызметiн тексерудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру құқығын Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен осы құқық арнайы берiлген мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғалар ғана пайдаланады.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк салық, санитариялық және басқа инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының тексерулерi олардың құзыретiне сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдiк инвесторлар бұл органдардың өз құзыретiне жатпайтын мәселелер жөнiндегi талаптарын орындамауға және олардың қызметi мәнiне қатысы жоқ материалдармен таныстырмауға құқылы.
Тарау iii. III тарау. Шетел қатысатын кәсiпорындарды құру және тарату
III тарау. Шетел қатысатын кәсiпорындарды құру және тарату
Бап 14. 14-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды құру тәртiбi
14-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды құру тәртiбi Шетел қатысатын кәсiпорындар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, шетел қатысатын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары құрылатын тәртiп бойынша құрылады.
Бап 15. 15-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру
15-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының қалыптастырудың мөлшерi, тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 2
2. Жарғылық капиталға салымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша үйлер, ғимараттар, жабдықтар және басқа да материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-ақ интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты қоса алғанда, өзге де мүлiктiк құқықтарды пайдалану құқығы түрiнде енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын пайда мен басқа да түсiмдер есебiнен, ал қажет болған жағдайда оған қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Тармақ 4
4. Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталындағы мүлiктiк салымдарының үлестерi қатысушылар арасындағы уағдаластық бойынша заңды тұлға тiркелген күнгi дүниежүзiлiк рыноктың бағасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк валютамен де белгiленедi. Жарғылық капиталға салымды бағалауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Жарғылық капиталдың ақшасы Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс.
Тармақ 6
6. Шетелдiк инвесторлар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ретiнде құрылған акционерлiк қоғамнан акциялар жабық не шаруашылық серiктестiктен үлес сатып алу жолымен шетелдiк инвестицияларды жүзеге асырған жағдайда бұл заңды тұлғалар шетел қатысатын кәсiпорын ретiнде осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiп бойынша қайта тiркеуге тиiс. 📌 ЕСКЕРТУ. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi, 7-тармақ 6-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен . ЕСКЕРТУ. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.04.22. N 221 Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу
16-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын кәсiпорын осы тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс:
Тармақша а
а) шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрме немесе басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге;
Тармақша б
б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке тұлғаның өзiн куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге.
Тармақ 3
3. Шетел қатысатын кәсiпорындардың кейбiр түрлерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi заң құжаттарымен қосымша құжаттарды табыс ету қажеттiгi көзделуi мүмкiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындардың қызметiне лицензия беру
17-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындардың қызметiне лицензия беру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi лицензиялар жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қатысты. Шетел қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана лицензия алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi.
Бап 18. 18-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды тарату және қайта құру
18-бап. Шетел қатысатын кәсiпорындарды тарату және қайта құру
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорындарды тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. <*> 📌 ЕСКЕРТУ. 18-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Тарау iv. IV тарау. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу және олардың қызметi
IV тарау. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу және олардың қызметi
Бап 19. 19-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi және олардың қызметi
19-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi және олардың қызметi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, осы заңды тұлға мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн атқаратын оқшау бөлiмшесi болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк ететiн оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi болып табылады.
Тармақ 3
3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға мүлiк бөледi және олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
Тармақ 4
4. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды.
Бап 20. 20-бап. Шетелдiк заңды ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу тәртiбi
20-бап. Шетелдiк заңды ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында шетел қатысатын кәсiпорындарды (осы Заңның 16-бабы) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы органдар тiркейдi.
Тармақ 2
2. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген ортақ ережелер бойынша жүргiзiледi. Тiркеуге арналған құжаттар нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге табыс етiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 20-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен.
Тарау v. V тарау. Шетелдiк инвесторлар және шетел қатысатын кәсiпорындар қызметiнiң түрлерi мен шарттары
V тарау. Шетелдiк инвесторлар және шетел қатысатын кәсiпорындар қызметiнiң түрлерi мен шарттары 📌 ЕСКЕРТУ. Атауы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 21. 21-бап. Еншiлес кәсiпорындар, филиалдар мен өкiлдiктер
21-бап. Еншiлес кәсiпорындар, филиалдар мен өкiлдiктер
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорын заңдарда белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлға құқықтары бар еншiлес кәсiпорындар, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктер құра алады.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын кәсiпорындардың филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлға болмайды және өздерi туралы шетел қатысатын кәсiпорындар бекiтетiн ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
Бап 22. 22-бап. Кедендiк салықтар
22-бап. Кедендiк салықтар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасына шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық қорына шетелдiк инвестордың салымы ретiнде әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы қосалқы бөлшектерi кеден бажын төлеуден босатылады.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын кәсiпорындардың, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң шетелдiк қызметкерлерiнiң жеке мүлкi кеден бажын төлеуден босатылады.
Тармақ 3
3. <*> 📌 ЕСКЕРТУ. 22-баптың 1-2-тармақтары жаңа редакцияда, 3-тармағы  алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру
23-бап. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру
Тармақ 1
1. Шет ел қатысатын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есептiлiк жасайды.
Тармақ 2
2. Салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Шет ел қатысатын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмде және нысандар бойынша меншiк иелерiне, мемлекеттiк статистика, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес жылдық қаржылық есептiлiк және аудиторлық қорытынды табыс етедi. 📌 Ескерту. 23-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2488 Жарлығымен. ЕСКЕРТУ. 23-баптың 1,3-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.06.02. N 115-I Заңымен.
Бап 24. 24-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары қатысатын еңбек қатынастары
24-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары қатысатын еңбек қатынастары 📌 ЕСКЕРТУ. Атауы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорындарда жұмысқа жалдау мен босату, еңбек пен демалыс режимi мәселелерiн, еңбекке ақы төлеу, кепiлдiктер беру мен өтем төлеу ережелерiн қоса алғанда, өндiрiстiк және еңбек қатынастары ұжымдық шартпен (келiсiммен) де, жеке еңбек шарттарымен (келiсiм-шарттармен) де реттеледi.
Тармақ 2
2. Ұжымдық шарт (келiсiм) пен жеке еңбек шарттарының ережелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ережелермен салыстырғанда осы кәсiпорын қызметкерлерiнiң жағдайын нашарлатпауы керек.
Тармақ 3
3. Шетел қатысатын кәсiпорындағы кәсiптiк одақтардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Шетелдiк қызметкерлер тарту
25-бап. Шетелдiк қызметкерлер тарту
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорындардың жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң, оның әкiмшiлiгiнiң, бақылау кеңесi мүшелерiнiң құрамына шетелдiк азаматтар кiре алады. Шетел қатысатын кәсiпорындардың шетелдiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларға демалыс беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi олардың әрқайсысымен жасалатын жеке еңбек шарттарында (келiсiм-шарттарда) шешiлуге тиiс. Осы қызметкерлер өздерiнiң шетелдiк валютамен алатын жалақысының тиiстi салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленгеннен кейiн шет мемлекеттерге аудара алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi жоқ шетелдiк қызметкерлермен еңбек қатынастарына, егер еңбек шартын (келiсiм-шартын) жасасушы тараптар оны жасасқан кезде немесе бұдан былайғы келiсiм негiзiнде еңбек қатынастарының жекелеген элементтерiн реттеп отыратын елдiң заңдарын таңдап алмаған болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында шетелдiк инвесторлармен жасалған еңбек шарттары (келiсiм-шарттары) бойынша жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтардың еңбек қатынастары еңбек шартының тараптары (келiсiм-шартында) таңдап алған заңдармен реттеледi.
Тармақ 4
4. Шетел қызметкерiмен жасалған еңбек шартының (келiсiм-шартының) талаптары жалақы мөлшерi, әйелдердiң, жасөспiрiмдердiң, мүгедектердiң еңбегiн қолдану, сондай-ақ қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметкерлердi әлеуметтiк қорғаудың ең төменгi деңгейiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына қайшы келмеуге тиiс. 📌 ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Әлеуметтiк сақтандыру мен қамсыздандыру
26-бап. Әлеуметтiк сақтандыру мен қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Шетел қатысатын кәсiпорынның шетелдiк қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған төлемдер олардың тұрақты тұратын елдерiнiң тиiстi қорларына валютамен және сол елдердiң заңдарына сәйкес аударылады.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын кәсiпорындар қазақстандық қызметкерлердi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру жарналарын Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн белгiленген ставкалар бойынша енгiзедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.
Бап 27. 27-бап. Дауларды шешу
27-бап. Дауларды шешу
Тармақ 1
1. Инвестициялық даулар, мүмкiндiгiнше, келiссөздер арқылы шешiледi.
Тармақ 2
2. Егер мұндай дауларды дауласушы кез келген бiр тараптың екiншi тарапқа жазбаша өтiнiш жасаған күнiнен бастап үш ай iшiнде келiссөз арқылы шешу мүмкiн болмаса, шетелдiк инвестордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дау кез келген тараптың қалауы бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сот органдарына;
Тармақша 2
2) дауларды шешудiң келiсiлген, соның iшiнде келiсiм-шартта немесе дауласушы тараптар арасындағы кез келген өзге келiсiмде белгiленген рәсiмге сәйкес мынадай төрелiк органдарының бiрiне:
Тармақша а
а) егер инвестордың мемлекетi Вашингтонда қол қою үшiн 1965 жылғы 18 наурызда ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияның (ИКСИД Конвенциясы) қатысушысы болса, сол Конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа (бұдан әрi - Орталық);
Тармақша б
б) егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясының қатысушысы болмаса, Орталықтың Қосымша (Қосымша органның Ережелерi бойынша жұмыс iстейтiн) органына;
Тармақша в
в) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi Комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарына;
Тармақша г
г) Стокгольмдегi Сауда Палатасының Төрелiк институтында төрелiк етiп қарауға;
Тармақша д
д) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы Төрелiк комиссиясына шешуге берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Шетелдiк инвестор дауларды қараудың осы баптың 2-тармағының
Тармақша 2
2) тармақшасында көзделген рәсiмiн таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының келiсiмi алынған болып топшыланады. Шетелдiк инвестордың келiсiмi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кез келген уақытта жазбаша өтiнiш беру арқылы немесе төрелiкке жүгiнген кезде берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды шешудiң бастамашысы болған, ал шетелдiк инвестор дауларды қараудың белгiлi бiр рәсiмiн таңдаудан жалтарған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды бiтiмгершілiкпен реттеу мақсатымен шетелдiк инвесторға бiрiншi рет жазбаша хабарлаған күнiнен бастап үш ай өтiсiмен уәкiлеттi орган дауды Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға беруге хақылы. Шетелдiк инвестор осы баптың 2-тармағында көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн таңдағаны туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда iстi қараушы сот iс жүргiзудi тоқтатады.
Тармақ 5
5. Осы бапқа сәйкес кез келген төрелiк iстi қарау, егер шетелдiк инвестор мен уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте қол қойылған Шетелдiк төрелiк шешiмдердi тану және орындау туралы Конвенцияға (Нью-Йорк Конвенциясы) қатысушы мемлекетте өтуге тиiс.
Тармақ 6
6. Осы бапқа сәйкес шығарылған кез келген төрелiк шешiм инвестициялық дау тараптары үшiн түбегейлi және мiндеттi болады. Қазақстан Республикасында мұндай шешiм Қазақстан Республикасы сот органдарының шешiмдерi ретiнде де орындалады.
Тармақ 7
7. Шетелдiк инвесторлардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен инвестициялық дау санатына жатпайтын дауларын, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының сот органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 165 Заңымен.