Об амнистии в связи с Международным годом семьи Қолданыста
Басқа 0
Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы
1994 жылы Халықаралық отбасы жылының өткiзiлуiне байланысты және адамгершiлiк қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан:
Тармақша а
а) бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған тағайындалған жаза мерзiмiне қарамастан, кәмелетке толмағандар;
Тармақша б
б) үш жылға дейiнгi мерзiмдi қоса бас бостандығынан айыруға сотталған осы баптың "а" тармағының күшi қолданылмайтын кәмелетке толмағандар босатылсын.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзiмiне қарамастан:
Тармақша а
а) 16 жасқа дейiнгi балалары, I және II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүктi әйелдер;
Тармақша б
б) әскери және интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi; соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерi босатылсын.
Тармақ 3
3. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан және тағайындалған жазалау шарасына қарамастан:
Тармақша а
а) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдар;
Тармақша б
б) 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан асқан әйелдер;
Тармақша в
в) I және II топтағы мүгедектер;
Тармақша г
г) балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16 жасқа дейiнгi балалары бар еркектер босатылсын.
Тармақ 4
4. Осы заңның 1-3-баптарының күшi қолданылмайтын, жазалау мерзiмiнiң алты айға жетпейтiн бөлiгi өтелмеген сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылсын.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 1-3-баптарының күшi қолданылмайтын, түзелу жолына бекем түскен адамдарға арналған колония-қоныстарға көшiрiлген сотталғандар, егер осы Заң күшiне енген күнi олар жазалау мерзiмiнiң тең жартысын өтеген болса, жазадан босатылсын.
Тармақ 6
6. Жер айдау және жер аудару негiзгi немесе қосымша жаза түрiнде қолданылып сотталғандар осындай түрдегi жазадан босатылсын.
Тармақ 7
7. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар, егер бұл жаза негiзгi жаза түрiнде қолданылса және бас бостандығынан айырумен алмастырылмаса, жазадан босатылсын.
Тармақ 8
8. Осы Заңның 1-3-баптарының күшi қолданылмайтын, абайсыздықтан жасалған қылмыс үшiн сотталған адамдардың жаза мерзiмiнiң өтелмеген бөлiгiнiң тең жартысы қысқартылсын.
Тармақ 9
9. Үш жылға дейiнгi мерзiмдi қоса алғаш рет сотталған және осы Заңның 1-3-баптарының негiзiнде босатылуға жатпайтын адамдардың жаза мерзiмiнiң өтелмеген бөлiгiнiң тең жартысы қысқартылсын.
Тармақ 10
10. Еңбекпен түзеу мекемелерiнде жаза мерзiмiнiң үштен бiр бөлiгiн өтеген, бұрын бас бостандығынан айыруға әрi кеткенде бiр-ақ рет сотталған және осы Заңның - 1-3-баптарының күшi қолданылмайтын сотталғандарға жаза мерзiмiнiң өтелмеген бөлiгiнiң үштен бiрi қысқартылсын.
Тармақ 11
11. Осы Заңның 1-бабының күшi қолданылмайтын, Қылмыстық кодекстiң 132, 133, 200-баптарында көзделген қылмыстар үшiн сотталған 14 жастан 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың жаза мерзiмiнiң өтелмеген бөлiгiнiң тең жартысы қысқартылсын.
Тармақ 12
12. Заңның 1-3-баптарында аталған адамдардың осы заң күшiне енгенге дейiн жасаған қылмыстары туралы барлық тергеу iстерiн және соттар қарамаған iстердi жүргiзу тоқтатылсын.
Тармақ 13
13. Осы Заңның 1-10, 12-баптарының күшi:
Тармақша а
а) Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 50-75-1-баптарында, 76-бабының 3,4-бөлiктерiнде, 76-1-бабының 2, 3, 4-бөлiктерiнде, 76-2, 76-5, 76-7, 88, 93, 101-баптарында, 132-бабының 3, 4-бөлiктерiнде, 133-бабының 2, 3, 4-бөлiктерiнде, 134, 135, 146, 146-1, 147, 173-1-баптарында, 183-бабының 2-бөлiгiнде, 200-бабының 2-бөлiгiнде, 203-бабында, 212-1-бабының 2-бөлiгiнде, 213, 213-1, 213-2-баптарында, 214-бабының 2, 3, 4-бөлiктерiнде, 214-1, 221-баптарында, 227-бабының "б" және "в" тармақтарында, 229-бабында, 231-бабының "б" және "в" тармақтарында, 234-бабында, 238-бабының "б" тармағында, 244-бабының "в" тармағында аталған қылмыстар үшiн сотталғандарға және қылмыстық жауапқа тартылғандарға;
Тармақша б
б) ерекше қауiптi қайталап қылмыс жасаушылар деп танылғандарға;
Тармақша в
в) бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшiн екi реттен көп сотталғандарға;
Тармақша г
г) бұрын кешiрiм беру немесе рақымшылық жасау тәртiбiмен жазадан босатылып, қайтадан қасақана қылмыс жасағандарға;
Тармақша д
д) маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе соз ауруларынан толық емделмегендерге;
Тармақша е
е) жаза мерзiмiн өтеу кезiнде қасақана тәртiп бұзушыларға қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Осы Заңның күшi республика аумағында жасалған қылмыстар үшiн Қазақстан Республикасының соттары және КСРО Одағының әскери трибуналдары сотталған адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 15
15. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi де, алты айдың iшiнде орындалады.
Қазақстан Республикасының
Президентi