Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына қосымша Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
Тармақ 3
3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, стипендиялар.
Тармақ 4
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
Тармақ 5
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
Тармақ 6
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
Тармақ 7
7. Ағымдағы трансферттер, даму трансферттері, республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер.