"О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О страховании" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: "Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi";
Тармақша 2
2) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Мiндеттi сақтандыру түрлерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, заң актiлерiмен белгiленедi";
Тармақша 3
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Егіндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру белгiленсiн".