О внесении изменений и дополнений в Водный кодекс Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Су кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 4-бапта: 1-тармақтағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ алынып тасталсын; 4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн.
Тармақ 2
2. II тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "II тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының су қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi".
Тармақ 3
3. 7-бапта: атауы мынадай редакцияда жазылсын: "7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi": бiрiншi азат жолындағы "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер "Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi, үшiншi, бесiншi азат жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың құзыретi". Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау" .
Тармақ 5
5. 9 және 10-баптар алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. 12-баптың он екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын: "жердiң үстiңгi қабаты мен жер астындағы көздерден алынған су ресурстары үшiн төлем ставкаларын белгiлеу".
Тармақ 7
7. Мынадай мазмұндағы 14-1 бабымен толықтырылсын: "14-1 бап. Поселке, ауыл (село) әкiмiнiң құзыретi. Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкiмiнiң қарауына мыналар жатады: суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау".
Тармақ 8
8. 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы өндiрiп алудың тәртiбi мен шартын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi".
Тармақ 9
9. 52-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 10
10. 54-баптың 2-тармағының үшiншi азат жолындағы "халық депутаттарының облыстық Кеңестерi" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 11
11. 55-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 12
12. 56-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 13
13. 123-бап мынадай редакцияда жазылсын: "123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық шарттар. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртiбi белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады".