О регистрации сделок с ценными бумагами в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңымен. Осы заң бағалы қағаздар иелерiнiң мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырушы бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейдi.
Тарау i. I тарау. Жалпы ережелер
I тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар
1-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органның (бұдан былай - уәкiлеттi органның) нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Бап 2. 2-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу орнының бiрлiгi принципi
2-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу орнының бiрлiгi принципi
Тармақ 1
1. Уақыттың нақты бiр сәтiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi оларды тiркеу орны бойынша бағалы қағаздар рыногына мына кәсiпқой қатысушылардың бiрi: делдал-дилер, кастодиан, орталық депозитарий немесе тiркеушi жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға құқықтардың бiр тұлғадан басқа тұлғаға өтуiне байланысты бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу - клиенттердiң шоттары бойынша нақтылы ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiндегi жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң жазбалар енгiзулерi арқылы мәмiленiң жасалу фактiсiн бекiтуi. <*> Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркеуге жатады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеушi адам жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау ii. II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
Бап 3. 3-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
3-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасында олардың арасында жасасқан бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарттың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген, соларға сәйкес нақтылы ұстаушы клиенттiң мүддесiне орай немесе нақтылы ұстауды жүзеге асыратын өзге тұлғалар мүддесiнде бағалы қағаздарды өзiнiң иеленуiне, пайдалануына немесе билiк етуiне берiлген басқаруды өз атынан жүзеге асыруға мiндеттенетiн өзге де негiздер бойынша туындайтын қатынастар. Нақтылы ұстаушының клиенттерiне тиесiлi немесе нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздар осы нақтылы ұстаушы кредиторларының пайдасына өндiрiп алынбауға тиiс. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шартына тиiсiнше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты туралы ережелер қолданылады.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстаушының бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың бiрiнiң бағалы қағаздар ұстаушылары арасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер тiркеушiде немесе нақтылы ұстаушы өз клиентi болып табылатын орталық депозитарийде көрсетiлмейдi.
Тармақ 4
4. Тiркеушiнiң талап етуi бойынша меншiк иелерiнiң бағалы қағаздарға байланысты құқықтарын жүзеге асыру үшiн нақтылы ұстаушы өз белгiлi бiр күнге дейiн нақтылы ұстаушысы болып табылатын бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушыларының тiзiмiн беруге мiндеттi. Нақтылы ұстаушыға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiмге енгiзiлмейдi. Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында акцияның нақтылы ұстаушысы өзі белгілі бір күнге дейін акцияның нақтылы ұстаушысы болып табылатын барлық тіркелген акция ұстаушылардың тізімін беруге міндетті. Аталған тiзiмдердi тiркеушiге, эмитентке немесе орталық депозитарийге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруден негiзсiз бас тартқан жағдайда бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6. Нақтылы ұстаушы өзiнiң бағалы қағаздары мен клиенттердiң бағалы қағаздарына оқшау есеп жүргiзедi. Бағалы қағаздар бойынша есеп жүргiзудiң әдiстемесi мен ережелерi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен . ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 4. 4-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар
4-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар мыналар бола алады:
Тармақша 1
1) орталық депозитарий;
Тармақша 2
2) кастодиандар;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi органның бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға берген лицензиясы бар делдал-дилерлер.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдiң клиенттерi делдал-дилерлер мен кастодиандар болып табылады. Нақтылы ұстаушылар ретiнде делдал-дилерлер мен кастодиандардың клиенттерi инвесторлар болып табылады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздарға құқықтарды нақтылы ұстаушының растауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 5. 5-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының мiндеттерi
5-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының мiндеттерi Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының негiзгi мiндеттерi мыналар:
Тармақша 1
1) әрбiр клиентке шот ашу арқылы клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу;
Тармақша 2
2) клиенттердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және олардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
Тармақша 3
3) клиенттердiң бағалы қағаздарына құқықтарды растау;
Тармақша 4
4) клиенттердiң бағалы қағаздарының болуын және аталған бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) төлем агентiнiң мiндеттерiн орындау;
Тармақша 6
6) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпарат алуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға жасалған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттер. 📌 Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 5-1. 5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау шартымен таныстыруға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстау туралы шарт:
Тармақша 1
1) шарттың нысанасын;
Тармақша 2
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi мiндеттемесiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
Тармақша 3
3) нақтылы ұстаушының қызмет көрсетуiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбiн;
Тармақша 4
4) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есеп беруiнiң нысаны мен кезеңдiлiгiн;
Тармақша 5
5) тараптардың шарттың талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершiлiгiн;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздар бойынша табыстар алу және оларды клиенттiң (пайда табушының) шотына есепке алу шарттары мен тәртiбiн қамтуға тиiс. Жоғарыда тiзiп көрсетiлген ережелерден бөлек, шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар болады. 📌 Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау iii. III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет
III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет
Бап 6. 6-бап. Тiркеушiнiң қызметi
6-бап. Тiркеушiнiң қызметi Тiркеушiнiң қызметi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету мен бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу болып табылады және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiн құрайтын деректердi жинау, тiркеу, өңдеу, сақтау және беру арқылы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап. Тiркеушi
7-бап. Тiркеушi
Тармақ 1
1. Эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша қызмет түрi болып табылады және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган тiркеушiнiң эмитент пен бағалы қағаздар ұстаушыларға көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң ең жоғары мөлшерiн, тәртiбi мен принциптерiн белгiлеуге құқылы. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 8. 8-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi
8-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi - тiзiлiм жүргiзу жүйесiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың ресми тiзiмi болып табылатын, белгiлi бiр күнге жасалған және осы ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесiлi бағалы қағаздардың түрiн және санын теңестiруге мүмкiндiк беретiн бiр бөлiгi. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесi - бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушылары мен бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудiң толық сәйкес келуiн белгiлi бiр күнге қамтамасыз ететiн эмитент, бағалы қағаздар шығарылымы және бағалы қағаздардың ұстаушылары туралы мәлiметтердiң жиынтығы.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың әрбiр тiзiлiмiнде меншiк иелерi мен эмитенттiң бiрдей құқықтары мен мiндеттерiн куәландыратын бағалы қағаздардың бiр түрi бойынша есеп жүргiзiледi. Бағалы қағаздардың бiр түрiне есеп жүргiзудi әртүрлi тiзiлiмдерде жүзеге асыруға болмайды.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi қағаздағы немесе электронды жазба түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тiзiлiмдi жүргiзу мен сақтауға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 4
4. Эмитенттер бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жасалуын бағалы қағаздар шығарылымы уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап бiр айдан кешiктiрмей қамтамасыз етуге тиiс және ақпараттың тiзiлiмде дәл көрсетiлуi үшiн жауапты болады.
Тармақ 5
5. Тiзiлiмдi жасау және сақтау шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 📌 Ескерту. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 9. 9-бап. Тiркеушiнiң мiндеттерi
9-бап. Тiркеушiнiң мiндеттерi
Тармақ 1
1. Тiркеушiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және бағалы қағаздардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарға құқықтарын растау;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жинауды, жүргiзудi және сақтауды белгiлi бiр күнге нақтылау;
Тармақша 4
4) тiзiлiмде тiркелген бағалы қағаз ұстаушыларға эмитенттiң тапсыруы бойынша құлақтандыру мен ақпараттық хабарлар жiберу;
Тармақша 5
5) айналыстағы бағалы қағаздар көлемiнiң шығарылымның тiркелген өлшемдерiне сәйкес келуiне бақылауды жүзеге асыру; <*>
Тармақша 6
6) айналыстағы бағалы қағаздар көлемi мен эмиссияның тiркелген параметрлерiнiң сәйкестiгiне бақылау жасау және заңдарда белгiленген тәртiппен эмитенттiң шешiмi бойынша бағалы қағаздармен кең ауқымды операциялар жасау;
Тармақша 7
7) эмитентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтер көрсету;
Тармақша 8
8) банк қызметі туралы заң актілеріне сәйкес банктің дауыс беруші акцияларымен жасалатын барлық мәмілелер жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау.
Тармақ 2
2. Эмитенттiң талап етуi бойынша тiркеушi тiзiлiм жасауға және оны эмитентке талап етiлгеннен кейiн жиырма күн iшiнде жiберуге мiндеттi. Заң актілерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында, тіркеуші акция меншігі иелерінің тізімін жасайды және талап етілгеннен кейін жиырма күн ішінде оны Ұлттық Банкке жібереді. 📌 ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен . Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 10. 10-бап. Тiзiлiм жүргiзуге арналған шарт
10-бап. Тiзiлiм жүргiзуге арналған шарт
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге эмитент пен тiркеушi арасында жасалған шарт негiзiнде эмитент тiркеушiге бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тапсыратын шарт болып табылады.
Тармақ 2
2. Эмитенттер тiркеушiлердi таңдауға ерiктi, ал тiркеушiлер өздерi қызмет көрсетуге қабылдайтын эмитенттердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайлардан басқа таңдауға ерiктi. Эмитент тек бiр тiркеушiмен ғана шарт жасасуға құқылы.
Тармақ 3
3. Эмитент тiркеушiге тiзiлiм жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi және тiзiлiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына бақылау жасаудан басқа жағдайларда, оның қызметiне араласуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Тiркеушi тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi өз мiндеттерiн басқа бiреуге беруге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Тiркеушiге сыйақы тараптар өздерi арасында жасалған шартта белгiлеген тәртiп, мерзiмдер және шарттар бойынша және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес төленедi.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшi тiркеушiнiң лицензиясы керi қайтарылып алынған жағдайда және шарт пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшiн тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Тармақ 7
7. Шарт бұзылғаннан кейiн тiркеушi он бес күн iшiнде эмитентке немесе жаңа тiркеушiге тiзiлiмде бар ақпаратты түгел тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Эмитент жаңа тiркеушiнiң тағайындалғаны туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 📌 ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 11. 11-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау
11-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн тiкелей жүргiзудi тiркеушiлерден тиiстi қызмет түрлерiне уәкiлеттi орган берген бiлiктiлiк куәлiгi бар тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Тiркеушi лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау iv. IV тарау. Кастодиандық қызмет
IV тарау. Кастодиандық қызмет
Бап 12. 12-бап. Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi
12-бап. Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi олардың нақтылы ұстаушылар мiндеттерiн атқару болып табылады.
Бап 13. 13-бап. Кастодиандардың мiндеттерi
13-бап. Кастодиандардың мiндеттерi Кастодиан мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелердiң орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу мен оның есебiн жүргiзудi, құжатты бағалы қағаздарды сақтауды және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) клиенттердiң бағалы қағаздар бумасының және мәмiлелер жасасуға арналған ақша қаражатының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiндегi қызметтi;
Тармақша 5
5) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелер жөнiндегi төлем агентi мiндеттерiн орындау;
Тармақша д
д) клиентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтер көрсету. 📌 Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 14. 14-бап. Кастодиандық шарт
14-бап. Кастодиандық шарт
Тармақ 1
1. Кастодиандық шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты клиент бағалы қағаздар және бағалы қағаздармен мәмiле жасауға арналған ақшасы бойынша кастодианда шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Кастодиан клиенттi оның бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшасын сақтау мен оған есеп жүргiзу жөнiндегi қызмет тәртiптерiмен шарт жасалғанға дейiн таныстыруға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Кастодиан клиенттiң сенiм бiлдiрген өкiлi болмауға тиiс.
Тармақ 3
3. Кастодиандық шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды немесе ақшаны дереу салу талап етiлмейдi.
Тармақ 4
4. Кастодиан мен оның клиентi арасында жасалған кастодиандық шарттар мыналар болуға тиiс:
Тармақша 1
1) кастодиан мен клиенттiң реквизиттерi;
Тармақша 2
2) шарттың пәнi: клиенттiң бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшаны сақтау мен оларға есеп жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi кастодиан мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 4
4) кастодианның нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындауы туралы деректер;
Тармақша 5
5) кастодианның қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
Тармақша 6
6) кастодианның клиент алдында есеп беруінiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
Тармақша 7
7) шарттың талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi. Кастодиандық шартта жоғарыда аталған ережелерге қоса Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Кастодиандық шарт жазбаша түрде жасалады. 📌 ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен . ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен . Ескерту. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 15. 15-бап. Кастодиандық қызметтi лицензиялау
15-бап. Кастодиандық қызметтi лицензиялау
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Кастодиандық қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Кастодиан лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау v. V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi
V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi
Бап 16. 16-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi
16-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi нақтылы ұстаушының мiндеттерiн олардың атқаруы болып табылады.
Бап 17. 17-бап. Делдалдық шарт
17-бап. Делдалдық шарт
Тармақ 1
1. Клиент бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты делдал-дилерде бағалы қағаздар бойынша шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Делдал-дилер клиентi нақтылы ұстаушы ретiндегi өз қызметiнiң қалай орындалатынымен таныстыруға мiндеттi. Шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды дереу қосу талап етiлмейдi. Делдал-дилер мен оның клиентi арасында жасалған шартта мыналар болуы керек:
Тармақша а
а) шарт пәнi: клиенттiң тапсыруы бойынша делдал-дилердiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруы;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi делдал-дилердiң мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша в
в) делдал-дилер қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
Тармақша г
г) делдал-дилердiң клиент алдында есеп беруiнiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
Тармақша д
д) шарт талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
Тармақша е
е) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi. Шартта жоғарыда көрсетiлген ережелерге қоса, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Делдал-дилердiң шарты жазбаша түрде жасалады. 📌 ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен . ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
Бап 18. 18-бап. Делдал-дилерлердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметiн лицензиялау
18-бап. Делдал-дилерлердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметiн лицензиялау
Тармақ 1
1. Делдал-дилерлер бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар болған жағдайда нақтылы ұстаушы бола алады.
Тармақ 2
2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарты мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Брокер - дилер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Делдал-дилерлер қызметiнiң жүзеге асырылуын уәкiлеттi орган бақылайды. 📌 Ескерту. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау vi. VI тарау. Орталық депозитарий
VI тарау. Орталық депозитарий
Бап 19. 19-бап. Орталық депозитарий
19-бап. Орталық депозитарий
Тармақ 1
1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алған кiрiс оның акционерлерi арасында бөлiнбейдi және оның техникалық дамуына жұмсалады.
Тармақ 2
2. Кастодиандар, нақтылы ұстаушылар болып табылатын брокер - дилерлер депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi, және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 4
4. Орталық депозитарийдiң қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 20. 20-бап. Орталық депозитарийдiң мiндеттерi
20-бап. Орталық депозитарийдiң мiндеттерi Орталық депозитарий мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) депоненттердiң - кастодиандар мен делдал-дилерлердiң бағалы қағаздарын нақтылы ұстаушы мiндеттерi;
Тармақша 2
2) депоненттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу, оның iшiнде бағалы қағаздарды төлеу мен оларға деген құқықтарды растау кепiлдiгi болады;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздарды өз клиенттерi арасында, соның iшiнде тiркеушiлерге және тiркеушiлерде ашылған өз есеп-шоттары арқылы тiркеушiлерден өз клиенттерiне ойыстыру;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздарды материалсыздандыру;
Тармақша 6
6) клирингтiк қызмет;
Тармақша 7
7) трансфер-агенттер құру және олардың қызметтерiнiң процедуралары мен ережелерiн бекiту;
Тармақша 8
8) төлем агентiнiң мiндеттерiн атқару;
Тармақша 9
9) депонентпен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн консультациялық, ақпараттық және басқа да қызмет түрлерi. Орталық депозитарийдiң акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар. 📌 ЕСКЕРТУ. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 21. 21-бап. Орталық депозитарийдің клирингтiк қызметi
21-бап. Орталық депозитарийдің клирингтiк қызметi
Тармақ 1
1. Клирингтiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктер туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ақшалай есеп айырысу депоненттердiң шоттарынан ақшаны есептен шығару және қосу туралы есеп айырысу ұйымына депозитарийдiң тапсырмасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды орталық депозитарий дербес жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
Бап 22. 22-бап.
22-бап. 📌 Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 23. 23-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
23-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдiң:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң Ережелер жинағына сәйкес өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауды басқа тұлғаларға жүктеуге;
Тармақша 2
2) операцияларды депоненттiң тиiстi бұйрығынсыз жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) депонент туралы және оған тиесiлi бағалы қағаздардың қозғалысы туралы коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ қызметтiк ақпаратты жария етуге;
Тармақша 4
4) ең жақсы орындау принциптерiн бұзатын қандай да болсын iс-қимылдар жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарий материалдық өндiрiстiк саладағы қызметтi, жылжымайтын және жылжымалы мүлiкпен (мемлекеттiк бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттықты, сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың (бағалы қағаздар рыногында клирингтiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысуға құқылы емес. 📌 Ескерту. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 24. 24-бап. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы
24-бап. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы - орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара қарым-қатынасын айқындайтын және бағалы қағаздармен мәмiлелердi орындау принциптерiн, тәртiбiн және технологиясын белгiлейтiн құжат. Аталған Ережелердi сақтау депозитарий арқылы мәмiлелердi жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдің ережелер жинағы, сондай-ақ осы жинаққа өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
Тармақ 3
3. Ережелер жинағында мыналар болады:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдiң және оның депоненттерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырудың ережелерi, қалыптары және технологиялары;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдiң өз мiндеттерiн атқару тәртiбi;
Тармақша 4
4) орталық депозитарийдiң қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийдiң есеп беру нысаны мен мерзiмi;
Тармақша 6
6) орталық депозитарий мен депоненттер арасындағы дауларды шешу тәртiбi;
Тармақша 7
7) трансфер-агенттердi құрудың, таратудың, олардың қызметi мен мiндеттерiнiң тәртiбi, трансфер-агенттердiң қызмет көрсетуiне арналған үлгi шарт;
Тармақша 8
8) орталық депозитарий депоненттерiнiң әдеп ережелерi;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийдiң, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейтiн және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер. 📌 Ескерту. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен . Ескерту. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Тарау vii. VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi
VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi
Бап 25. 25-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге қабылдаудың негiзi
25-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге қабылдаудың негiзi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздармен екi жақты немесе көпжақты жасалған мәмiлелердi тiркеу мәмiлелерге қатысушылардың үстеме бұйрықтары болғанда, жүзеге асырылады. Мәмiлеге қатысушылардың мiндеттемелерi олардың арасында жасалған жазбаша шарттың ережелерiмен айқындалады. Бағалы қағаздар кепiлiн тiркеудi осы мәмiленi тiркеу үшiн тараптардың табыс еткен барлық қажеттi мәлiметтер бар бұйрықтарының негiзiнде тiркеушi және (немесе) нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бiржақты мәмiле жасалған жағдайда, мәмiленi тiркеу сатып алушының бағалы қағаздарға қатысты құқығы расталатын құжаттар табыс етiле отырып, оның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұйрық орындауға тiркелген сәттен бастап қабылдануға тиiс. Бұйрық бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушы немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкiлеттi тұлға тiркейдi. Бұйрық жазбаша түрде жасалып, оған уәкiлеттi адамдар қол қоюға тиiс және почта, телекс пен электронды байланыс арқылы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Бұйрықтың нысаны, оны ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге берiлген бұйрықтарда бағалы қағаздардың нақты саны мен түрi бойынша белгiлi бiр жағдайларда белгiлi бiр iс-қимылдарды орындауға бұйрық берген адамның тiкелей нұсқауы болады. 📌 ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 26. 26-бап. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды жүзеге асырушы тұлға
26-бап. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды жүзеге асырушы тұлға
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркейтiн тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарға меншiк құқығын немесе өзге мүлiктiк құқықты растайтын жазбаша құжаттың негiзгi түрi бағалы қағаздар ұстаушының бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiндегi жеке шотының немесе нақтылы ұстаушының клиентi шотының көшiрмесi болып табылады. Бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы берген және онда көрсетiлген бағалы қағаздардың бiр тұлғадан екiншiсiне ауысуы мәмiле жасалғанын бiлдiрмейтiн және бағалы қағаздарға қатысты құқықтардың ауысуына әкелiп соқтырмайтын құжат көшiрмесi деп аталады. 📌 ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен . Ескерту. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
Бап 27. 27-бап. Ұйымдастырылған рыноктарда бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
27-бап. Ұйымдастырылған рыноктарда бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбiнiң ерекшелiктерi - Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттықты тиiстi ұйымдастырушының iшкi ережелерiмен және тәртiптерiмен белгiленуi мүмкiн.
Бап 28. 28-бап. Мүдделi тұлғаларға ақпарат беру
28-бап. Мүдделi тұлғаларға ақпарат беру
Тармақ 1
1. Клиенттер және тiркеушiлер мен нақтылы ұстаушылардағы бағалы қағаздар жайындағы жазбалар коммерциялық құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.
Тармақ 2
2. Коммерциялық құпия шот иеленушiге немесе бағалы қағаздарды ұстаушы өзi жөнiнде қарыз берушi, кепiлшi, кепiлдiк берушi немесе кепiл ұстаушы болып табылатын тұлғаға, шот иеленушiнiң жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудi қозғау туралы қаулының негiзiнде сот орындаушысына ғана ашылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Коммерциялық құпия сондай-ақ шот иеленушi аманат өкiмiнде аталған тұлғаларға, мұрагерлiк iстермен айналысатын соттар мен нотариат кеңселерiне, бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайларда уәкiлеттi органға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға ашылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Клиенттердiң және нақтылы ұстаушылардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату сот шешiмдерiнiң, прокурордың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының, уәкiлеттi органның қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен . Ескерту. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен . Ескерту. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.05. N 409 Заңымен .