О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О хозяйственных товариществах" по вопросу подготовки и проведения общего собрания акционеров инвестиционных приватизационных фондов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" заң күшi бар Жарлығына инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысын әзiрлеу мен өткiзу мәселесi бойынша толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 65-бапта:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың оныншы азатжолы "барлық акционерлер даусының" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң дауыс беруге қатысқан санының кемiнде үштен екi даусымен қабылданған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерi жалпы жиналыстарының шешiмдерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақтың екiншi азатжолы "жай акциялардың" деген сөздердiң алдынан "инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 6-тармақтың бiрiншi азатжолы "дауыстың он процентiнен" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң дауыс беруге қатысқан кез келген мөлшерi жағдайында құқылы деп танылған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналыстарынан өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысында дауыс беру - сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жiберу (тарату), оларды акционерлер немесе олардың заңды өкiлдерi толтырып, инвестициялық жекешелендiру қорының атына жiберу жолымен сырттай немесе аралас (сырттай дауыс берумен толықтырып, көзбе-көз) дауыс беру нысанында өткiзiледi. Сырттай және аралас дауыс берудi өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi".