О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона, "О Службе охраны Президента Республики Казахстан" и "О Республиканской гвардии" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мына Жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат): 5-баптың бiрiншi азатжолындағы "Республикалық ұланның күштерi мен құралдарын қатыстырып" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат): 10-бапта: 1) тармақшадағы "Күзет қызметiнiң басшылығымен" деген сөздер "Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "Республика Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздер алып тасталсын; 12-бапта: 2-тармақтағы "2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi жөнiнде жалпы әскери жарғыларда көзделген тәртiп жөнiндегi билiгiн толық көлемiнде пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақ енгiзiлсiн: "3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады." Қазақстан Республикасының Президентi