Вопросы Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства государственных доходов Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің мәселелері "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті туралы (бұдан әрі - Комитет) ереже. 📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868 қаулысымен.
Тармақша 2
2) облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Комитетті орналастыру үшін қажетті үй-жайлар бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Комитетті ұстауға 5 652 000 (бес миллион алты жүз елу екі мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың тізбесіне Комитетті енгізуді көздесін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі: бір ай мерзімде Үкіметтің бұрын қабылдаған кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің ведомствосы болып табылады. Ауыл шаруашылығы ұйымы, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгілеген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес осы уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар. 📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте республика аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 44-үй.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Комитеттің құрылтайшысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысы және осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаттары болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Тармақ 12
12. Комитеттің негізгі міндеттері: өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды ұйымдастыру мен өткізу; әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау; дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 13
13. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес лицензия береді;
Тармақша 2
2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
Тармақша 3
3) оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындайды;
Тармақша 4
4) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде және оны таратудың соттан тыс рәсімінде, таратылатын банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалтуды және конкурстық басқарушылар қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) несиегерлер комитетінің құрамын қалыптастырады және дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
Тармақша 6
6) несиегерлер комитетінің оңалту және конкурстық басқарушыларымен жасайтын келісімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;
Тармақша 7
7) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін өткізу барысы туралы есебін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады);
Тармақша 8
8) оңалту рәсімдерін өткізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
Тармақша 9
9) конкурстық іс жүргізу кезінде несиегерлер комитетінің құрамын бекітеді;
Тармақша 10
10) несиегерлер талаптарының тізілімін бекітеді;
Тармақша 11
11) несиегерлер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы тізілімге несиегерлер талаптарын енгізу туралы келіспеушіліктерді қарайды;
Тармақша 12
12) сауықтыруға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
Тармақша 13
13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
Тармақша 14
14) конкурстық массаны сату жоспарын қарайды;
Тармақша 15
15) оңалту және конкурстық басқарушыларының банкроттық рәсімдерін өткізуі кезінде заңнама талаптарын бұзған жағдайда оларды шеттету туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 16
16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттық өткізу кезінде жариялықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) жалған және әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтайды;
Тармақша 18
18) оңалту және конкурстық басқарушыларының әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
Тармақша 19
19) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 20
20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. 📌 Ескерту. 20)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.26. N 833 қаулысымен.
Тармақ 14
14. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық кесімдер шығару;
Тармақша 2
2) оңалту және конкурстық басқарушысының банкроттық рәсімдерді өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
Тармақша 3
3) банкроттық рәсімдер өткізу мәселелері бойынша халықаралық конференцияларда және кеңестерде Қазақстан Республикасының атынан өкіл болу әрі олардың жұмысына қатысу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұрату және алу;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған банкроттық мәселелері бойынша заңнаманы бұзатын кесімдер күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) талап-арызбен сотқа жүгіну, олардың қаралуына қатысу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың талап-арыздарын қолдау;
Тармақша 7
7) банкроттық рәсімдерін өткізу мәселелеріне арналған бюллетеньдер, әдістемелік құралдар, ақпараттық материалдар басып шығару;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Комитет мүлкі
3. Комитет мүлкі
Тармақ 15
15. Комитеттің оралымды басқару құқығында оқшау мүлкі болады. Комитет мүлкі мемлекет берген мүліктен құралады әрі құны Комитет теңгерімінде көрсетілген негізгі қорлардан және айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 16
16. Комитет мүлкі республикалық меншікке жатады.
Тармақ 17
17. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өзінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Комитет билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері осы мақсатта заңнамамен белгіленеді.
Тарау 4. 4. Комитет қызметін ұйымдастыру
4. Комитет қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Комитетті Төраға басқарады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екі орынбасары болады. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің бастықтарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Комитет Төрағасы:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және одан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитет құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;
Тармақша 8
8) заңнамаға сәйкес Комитет атынан талаптар және заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға кінәрат тағу мен талап-арыз ұсыну туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 77. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің құрылымы Басшылық Қаржы-экономика басқармасы Дәрменсіз борышкерлерді талдау және мониторинг басқармасы Банкроттық рәсімдер өткізуді бақылау жөніндегі басқарма