Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 сәуірдегі №ІІ-4 шешіміне сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу мақсатында Қызылқоға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы А.Аққайнанов
2016 жылғы «30» мамыр
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Бейсқали
2016 жылғы «30» мамыр
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы
«31» мамырдағы №106
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымыдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің.
интернаттың, шеберхананың, кітапхананың басшысы (меңгерушісі).
мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, психолог, хореограф (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, барлық мамандықты дәрігерлер.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
кітапхана меңгерушісі (басшысы);
мамандар: барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).
Тармақ 4
4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.