О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап әрбір кемтар балаға бір жыл ағымында тағайындау және тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Павлодар қалалық мәслихаттының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 356/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 2 «Шаһар» газетінде және 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 2 «Версия» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.