Об утверждении Правил взаимодействия при эксплуатации специального технического оборудования на территории учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14-10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 431 қаулысымен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы техникалық жабдықты қолданатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелермен байланыс операторларының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге бағытталған техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін арнайы техникалық жабдық (бұдан әрі – АТЖ) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелері (бұдан әрі – мекеме) аумақтарының шегінде оларды күзетуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Тармақ 3
3. Мекеме АТЖ-ды орнату және қолданысқа енгізу туралы ұялы байланыс операторларын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Байланыс операторлары мекемелердің аумағында АТЖ орнату және қолдану кезінде мекемелерге консультациялық-техникалық жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Байланыс операторлары міндетті техникалық талаптарға (мекемелер қалалық елді мекендерде орналасқан кезде – - 60 dBm, ауылдық жерлерде орналасқан кезде – - 70 dBm) сәйкес мекемелердің аумақтарындағы радиосигналдың таралуын азайту және өз желілерінің сәулелену деңгейіне қол жеткізу мақсатында, меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды жүргізеді.
Тармақ 6
6. Байланыс операторлары мекеме аумағынан тыс жердегі АТЖ туындататын өз желілерінің немесе соңғы абоненттік құрылғылары (өз еркімен немесе байланысты қолданушылардың шағымы бойынша) жұмыстарындағы кедергілерді анықтаған кезде бұл туралы мекемені үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Байланыс операторларынан мекеме аумағынан тыс жерде өз желісінің жұмысында кедергінің анықталғаны туралы хабарлама алғаннан кейін мекеме үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізеді.
Тармақ 8
8. Кедергілерді жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін АТЖ-ды пайдалануға қайта қосу мекеменің және байланыс операторларының өкілдері қол қоятын кедергілерді жою туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Орнатылған АТЖ-ды бөлшектеу немесе жаңғырту кезінде мекеме ол туралы байланыс операторларын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Байланыс операторлары мекемеден АТЖ-дың бөлшектенгені немесе жаңғыртылғаны туралы хабарлама алғаннан кейін қажет болған жағдайда мекеменің аумағына радиосигналдардың таралуын азайту мақсатында меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды жүргізеді.